Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



бет15/38
Дата24.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75994
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Байланысты:
Пос ШУМ каз послед 18.01.16

Рельсті көлік

Қалалардағы рельсты көлікқа поездар және трамвайлар жатады. Қалалардағы шуылға трамвайлар орасан зор үлес қосады. Шуылды азайту үшін трамвайдың жаңа түрлерін қолданысқа енгізсе, бұл өз кезегінде қаладағы акустикалық режимді жақсартуға мүмкіндік береді.


Поезд қозғалысының қарқындылықпен өсуі теміржолдарға жақын орналасқан елді-мекендердегі және аудандардағы шуыл деңгейінің артуына әкеледі. Мәселен, теміржол маңындағы шуылдың максималды деңгейі электропоездар үшін 93 дБ А, ал пассажирлік поездар үшін 91 дБ А, тауар таситын поездар үшін 92дБ А.
Теміржол көлікы пассажирлер мен жүк тасымалдау желісінде аса маңызды рол атқарады. Теміржол желісі жыл сайын кеңеюде, бұл жүк тасымалының көлемін арттыруды қамтамасыз етеді. Мұнымен қатар поездар қозғалысының жылдамдығы да артады. Бұл қоршаған орта мен тұрғындар үшін шуыл деңгейінің артуына әкеледі.
Бәрімізге белгілі, теміржолдардың басым көпшілігі тұрғылықты аудандарға жақын орналасқан. Алайда осының салдарыан болатын шуыл мәселесі әлі де болса шешімін таппаған. Жүк тасымалдаушы поездар өте қатты шуыл шығарады.


Ауа көлігі

Ауа көлікы қазіргі таңда қалалардағы, әсіресе, әуежай маңында орналасқан тұрғын үй кешендеріндегі шуылға өзінің айрықша үлесін қосып отыр. Сондай-ақ жал сайын жаңа турбореактивті және турбовинтты ұшақтар пайда боолып, пассажирлер мен жүк тасымалы да артып отыр.


Қатты дыбысты ұшақтар мен тікұшақтар осы маңдағы шуылдың ең басты қайнар көздерінің бірі болып табылады. Қатты дыбысты ұшақтар дыбыстық соққы береді және әуежай маңындағы тұрғын үйлерде діріл білінеді. Мұндай шуылдар жеткілікті деңгейдегі шуыл нормасынан асып кетеді. Сондықтан да авиациялық шуылды төмендету мәселесі аса өзекті болып табылады. Аталған көлік түрінің қозғалысынан болатын шуылды төмендету шаралары болып табылады:
- шуылдың пайда болуының негізгі қайнар көздерін зерттеу және шуылдың күшін зерделеу;
- әуежай маңындағы ұшақтардың ұшуын реттеу және оған бақылау жүргізу;
- әуежай маңындағы аумақты және оған жақын жатқан аймақты шуылдан қорғайтын ғимараттар мен құрылыс нысандарын салу қажет.
Әуежай маңындағы шуылдың деңгейі күндізгі уақытта 80 дБ А, ал түнгі уақытта – 78дБ А дейін болады, ал максималды деңгейі 108дБ А дейін жетеді. Әуежай орналасқан аудандарда авиакөлік шуылдың пайда болуына және оның деңгейінің жоғары болуына айрықша ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет