3 Көлік шуылының тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерін талдау
3.1 Қауіп-қатерді талдаудың теориялық негіздері
Алдыңғы тарауларда шуыл туралы, оның сипаттамасы жәнге оның адам ағзасына әсері туралы негізгі ұғым-түсініктер берілді. Алайда шуылдың адам денсаулығына келтіретін залалына тікелей бағалау жүргізу үшін қауіп-қатерді талдаудың териялық негіздерін білу қажет. Оқу құралының осы бөлімі тақырыптың негізгі мәселелерін қарастырады.
Сыртқы орта факторларының тұрғындар денсаулығына крі әсер қауіпін бағалау үдерісі әлемде аса қарқындылықпен дамып жатқан жаңа ғылыми бағыт болып табылады. Қауіп-қатерді бағалау бұл сыртқы орта факторларының зерттелетін деңгейінің ғылыми негіздемесін зерделеу, яғни, қауіп-қатер деңгейінің жеткілікті (лайықты) деңгейін анықтау. Ұсынылған қауіп-қатер деңгейі шектік (канцероген емес) және шексіз (канцерогендер) моделдер негізінде бекітіледі. Бұл өз кезегінде бекітілген отандық нормативтер көлемінен өзгеше, мұнда барлық факторлардың әсер етуінің шектік деңгейі бар (ПДК, ПДУ, ПДВ және т.б.).
Қауіп-қатерді бағалаудың әдістерін қолдану қауіп-қатер деңгейін төмендету немесе жою бойынша басым бағыттағы әрекеттерді анықтау арқылы негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдауға және анықталған басым бағыттарға бақылау ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ең бастысы, қауіп-қатер ұғымын түсінген жөн, яғни, «қауіп-қатер» және «қауіптілік» ұығымдарының ара жігін ажырата зерделеу қажет. Күнделікті өмірде біз «қауіп-қатер мен қауіптілікті» біртұтас ұғым ретінде қабылдаймыз, яғни, қауіпттілік дегеніміз қауіп-қатер дейміз, түбінде бұл дұрыс емес [12].
Қауіптілік дегеніміз айқындалған шарттардың ықпал етуі барысында денсаулыққа залалын тигізетін салдарға соқтыратын факторларды анықтайтын сипаттамалардың жиынтығы болып табылады. Бұл адам ағзасына химиялық фактордың әсері болса да болмаса да әсер етеді және ол жергілікті шарттарға тәуелсіз іске асырылады. Ал қауіп-қатер қауіптіліктен айырмашылығы адам ағзасына немесе денсаулығына ықпал еткен нақты фактордың нәтижесінде туындайды және үш негізгі кезеңмен сипатталады: ықпал ету мүмкіндігі, мұндай әсердің салдары және мұндай салдарлардың маңызы. Мәс елен, адамның шылым шегуі. Шылым шегу адам өмірі үшін қауіпті екенін білеміз, өйткені қауіптілікті адам денсаулығы үшін шылымның құрамындағы никотин туғызады, бұл зертханада жүргізілген зерттеулер нәтижесінде толыққанды дәлелденген. Егер адам бір күнде бір сигарет шексе, онда ол қауіптілік шегінен асады, яғни адам ағзасына түскен никотин әрекет ете бастайды, мұның айқын көріністері де біліне бастайды. Күніне бірт қорап шылым шеккен адам жағымсыз жайттарға тап болатыны анық, өйткені, мөлшерлен артық қабылданған норма организмге кері әсерт ете бастайды. Жалпы алғанда, барлық жағдайда да залалды әсер күніне шегілген шылым санымен анықталады.
С.М. Новиков денсаулыққа келетін қауіп-қатерді бағалау саласының жетекші мамандарының бірі болып табылады, ол қоршаған ортаның химиялық ластануы әсерінен болатын зардаптарды зерделеген және «Руководства по оценке риска …….Р 2.1.10.1920-04» еңбектің авторы (17-сурет) [13].
Суреттен көріп отырғанымыздай, қауіп-қатер экспозицияға тең (әсерт ету ұзақтығы) және уыттылығы (немесе шуыл деңгейі) қауіптілік ретінде сипатталады.
17-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |