Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



бет10/38
Дата24.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75994
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Шуылдың ұйқыға әсері. Тұрмыстық шуыл белгілі бір деңгейде ұйқының бұзылуына әсер етеді. Үзік-үзік және бірден пайда болған кешкі немесе түнгі уақыттағы шуылдар енді ғана ұйқыға жатқан адамға барынша жағымсыз әсер қалдырады. Мұны адам ұйықтағанда мидың «гипноидтық» фазада болатындығымен түсіндіруге болады. Бұл уақытта қоршаған ортаға деген әдеттен тысм қарама-қайшылық қарым-қатынас орын алады, сондықтан да тіпті дауысы өте төмен шуылдың өзі шамадан тыс абыржу туғызуы мүмікн. Ұйқы кезіндегі аяқ астынан болған шуыл (жүк көлігінің тарсылы, қатты дыбысты әуен және т.б.) көп жағдайда, әсіресе балалар мен науқас адамдарда қорқыныш туғызады.
Шуыл ұйқыны бұзады және оны жалғастыруға кедергі келтіреді. Түрлі қарқындылықпен берілген шуылдың ауысуы, шуылдардың хронологиялық кескіндемесі өте маңызды рол атқаратыны белгілі болды. Мәселен, көлік қозғалысының сапырылысқан жүрісі, қалыпты әрі қарқындылығы бірдей шуылға қарағанда барынша кәрі әсер етеді. Жиі және тұрақты шуылдарға бейімделу сирек әрі тұрақсыз болатын шуылдарға қарағанда жеңіл екені айқын.
Адамдар ұйықтағанда шуылға әртүрлі рекция береді. Шуылдың ықпалына адамның реакциясы оның жасына, жынысына және денсаулығына байланысты емес. Яғни, бірдей қарқындылықтағы шуыл 70 жастағы адамдарға 72% , ал 7-8 жастағы балаларға тек 1% пайыздық көрсеткіш көлемінде ғана әсер еткен. Балаларға кері әсер етіп, оларды қоздыратын шуыл шегі 50 дБА, үлкендерде 30 дБА, ал егде адамдар одан төмен көрсеткіштегі шуылға назар аударады. Әйелдер өзгелерге қарағанда шуыл бірден реакция беріп, тез оянады. Мұны әйелдердің ерлерге қарағанда қалың ұйқы фазасынан жеңіл ұйқы фазасына тез өтетінімен түсіндіруге болады.
Шуыл ұйқының кезеңдеріне де әсер етеді. Мәселен, түс көрумен, тез көз қимылдарымен және басқа да белгілермен сипатталатын парадоксалды ұйқы кезеңі бүкіл ұйқы кезеңінің 20 пайыздан кем емес уақытын алуы тиіс; осы кезеңдегі ұйқының бұзылуы адамның ақыл-ой қызметіне және жүйке жүйесінің едәуір бұзылуына әкелуі мүмкін. Тұңғиық ұйқы кезеңінің бұзылуы гормоналдық бұзылушылыққа, күйзеліске және басқа да психикалық ауытқуға соқтыруы мүмкін.
50 дБА шуылының ықпалымен ұйықтау мерзімі бір сағаттан артық уаықтқа артады, ұйқы үстірт болады, оянғаннан кейін адамдар шаршаңқылықты сезеді, басы ауырады, тіпті кейде жүрек соғысы да нашарлауы мүмкін. Ауыр жұмыс күнінен кейін қалыпты демалыстың болмауы біртіндеп созылмалы шаршаңқылыққа, қажуға айналады, бұл бірнеше аурулардың: орталық жүйке жүйесінің бұзылуы, гипертониялық ауруының дамуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет