Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министінің


«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта білімнен



бет3/16
Дата21.06.2023
өлшемі174,64 Kb.
#102801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
! 07

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта білімнен
кейінгі қолданбалы бакалавриаттың мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты
1 Бөлім. Жалпы ережелер

1. Осы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі қолданбалы бакалавриаттың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМБС) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі қолданбалы бакалавриат білім алушыларының дайындық деңгейін бағалау, білім беру бағдарламаларының құрылымы мен білім беру мазмұнына техникалық және кәсіптік білім беруге қойылатын талаптарды белгілейді (бұдан әрі – ТжКБ).


2. Осы МЖМБС орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында қолданылады.
3.МЖМБС-ында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) орта білімнен кейінгі білім – орта білімі бар азаматтар қатарынан жоғарғы колледждерде сәйкес мамандық бойынша жүзеге асырылатын біліктілік тағайындалып, мамандарды даярлауға бағытталған білім (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік);
2) біліктілік – алынған мамандық, кәсіп бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі;
3) жоғары колледж – кіріктірілген модульдік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орны;
4) қолданбалы бакалавриат – білім беру бағдарламалары «қолданбалы бакалавр» біліктілігі тағайындалатын кадрларды даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;
5) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын игерген тұлғаларға тағайындалатын біліктілік;
6) студент – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағлардамаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын тұлға;
7) нормативтік оқу мерзімі – нақты бір оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі (күндізгі, кешкі);
8) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсаттары, нәтижелері мен мазмұны, білім беру үрдісін ұйымдастыру, оларды жүзеге асыру әдістері мен тәсілдері, оқытудың нәтижелерін бағалау шарттары енгізілген білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
9) құзыреттілік – студенттердің оқыту үрдісінде игерген білім, білік, дағдыларын кәсіби қызметінде тәжірибе жүзінде қолдану қабілеті;
10) базалық құзыреттілік (бұдан әрі – БҚ) – өзін және өз қызметін басқару қабілеті, өзін-өзі жұмылдыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
11) кәсіптік құзырет (бұдан әрі – КҚ) – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
12) оқу жоспарының моделі – техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының инварианттық негізгі құрылымдық құрамын бейнелейтін оқу жоспарын сипаттайтын нысан;
13) типтік оқу жоспары (бұдан әрі – ТОЖ) – оқу моделінің негізінде әзірленген, мамандықтар мен біліктіліктерге, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқыту мерзімдеріне қолданылатын оқу пәндерінің (модульдерінің) тізімдімесі мен көлемі белгіленген құжат;
14) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақылауды және кәсіптік даярлығын бағалауды реттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;
15) типтік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ТОБ) – нақты пән (модуль) бойынша меңгеруге жататын білім, білім, дағдылардың мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат;
16) оқу жұмыс бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – білім беру ұйымының басшысы бекітетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде нақты оқу жұмыс жоспарына арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;
17) модуль – білім беру бағдарламасының немесе оқыту мерзімінің толық жетілдірілген, тәуелсіз бөлімі;
18) модульдік оқыту – нақты кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған өзара байланысқан бөліктер түріндегі материалды құрылымдық оқытуды пайымдайтын оқу үрдісін ұйымдастыру әдісі;
19) кредиттік оқыту технологиясы – білім алушылар мен оқытушылардың пәндерді тізбектеп кезекпен оқытуды жоспарлау және таңдау негізінде білім алушылар кредиттік оқу жұмысының біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде қолданып оқыту;
20) дипломдық жұмыс – студенттің таңдаған мамандық саласындағы өзекті мәселелердің бірін өздігінен зерттеуінің нәтижелерін таратуды ұсынатын бітіруші жұмысы;
21) клиникалық практика – студенттің оқыту барысында алған білім, білік, дағдыларына сүйеніп, команда құрамында және дені сау және сырқат тұлғаға немесе қоғамдастыққа тікелей қол жетімділікпен кешенді медбикелік күтімді жүзеге асыру және бағалауды, ұйымдастыруды үйренудегі оқу кезеңі;
22) клиникалық база – жергілікті денсаулық сақтау ұйымының базасында, жоғары деңгейлі материалдық-техникалық базасы бар, заманауи ұйымдастыру-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмыс негізінде қызмет ететін және барлық медициналық көмек түрлерін көрсететін денсаулық сақтау ұйымының клиникасы;
23) ментор (тәлімгер) – клиникалық базада клиникалық және диплом алды тәжірибеден өту кезеңінде студенттің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын бекітуге ықпал ететін білікті мейіргер;
24) дуалды оқыту – білім беру ұйымында міндетті оқыту мерзімдері мен өтемақы төлемі бар, кәсіпорындарда жұмыс орны ұсынылған және білім алушыларға кәсіпорын, оқу орны және білім алушы тең жауапкершілікпен кадрларды даярлау нысаны;
25) кәсіптік практика – болашақ кәсібімен байланысты белгілі бір жұмыс түрін орындағанда теориялық білімдері мен дағдыларын бекітуге және практикалық дағдыларын дамытуға, құзыреттіліктерін бекітуге бағытталған оқу қызметінің түрі;
26) жеке оқу жоспары (ары қарай – ЖОЖ) – типтік оқу жоспары негізінде студенттің өзі өздігінен әрбір оқу жылына жасайтын оқу жоспары;
27) транскрипт (Transcript) – сәйкес мерзім ішінде оқыту кезеңінде өтілген пәндер тізімдемесі бар кредиттері мен бағалары әріптік және цифрлық өрнектелген, белгіленген үлгідегі құжат;
28) міндетті компонент (ары қарай – МК) – типтік оқу жоспары белілеген және оқыту бағдарламасы бойынша міндетті түрде студент оқыған сәйкес ең аз кредиитер көлемі мен оқу пәндерінің тізімдемесі.
3. Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын «Медбикелік іс» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білім беру қызметіне лицензиясы бар, меншік түріне және ведомстволық қарамағына тәуелсіз, білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңының 14-бабы, 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары орта білімнен кейінгі «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша мамандарды даярлауды:

  1. осы МЖМБС;

  2. білім беру бағдарламаларына;

  3. ТОБ және ТОЖ бойынша;

  4. ОҮЖ;

  5. академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырады.

5. Орта білімнен кейінгі «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен оқыту күндізгі оқыту нысанында жүзеге асырылады.
6. Орта білімнен кейінгі «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен оқытудың күндізгі оқыту нысанында нормативтік білім бағдарламасын меңгеру мерзімі:
- жалпы орта білім негізінде – 3 жыл 6 айды;
- жеделдетілген бағдарлама бойынша техникалық және кәсіптік білім негізінде оқыту 1 жыл 6 айды құрайды.
7. Осы МЖМБС-ын қолдану келесі міндеттерге қол жеткізуді қарастырады:
1) білім беру ұйымдарының білім алушыларды даярлау деңгейі мен оқыту үшін міндетті талаптар ұсыну есебінен білім беру сапасының кепілдігін қамтамасыз ету;
2) білім беру қызметі субъектілерінің құқықтарын реттеу;
3) білім алушыларды дайындауда бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын және білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру;

  1. білім алушылардың мобильдігіне жағдай жасау.

  2. Қазақстан Республикасының бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет