Қорытынды
Мектептегі медицина қызметкерлеріне жауапты міндет жүктелген. Медицина қызметкерлеріне әр оқушының өз жеке өміріне құқық берілетінін және білім алушылар денсаулық бойынша маңызды немесе көңілін толқытатын мәселені мектеп медицина қызметкеріне айтқан кезде аса сезімтал болатыны мәлім. Мектептегі медицина қызметкерінің басты міндеті білім алушылардың денсаулық жағдайын бақылау және нығайту болса да, ол, сонымен қатар, мектепте салауатты ортаға үлес қосады, қажет жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Мектептегі медицина қызметкері білім алушыға оның мәселесін шешу үшін басқа адамдарды тартуға болатынын түсіндіреді. Оқушы келісім берген кезде ең алдымен, оның ата-аналары хабардар етіледі. Кейбір кезде оқушының мәселесі жайлы мұғалімді де хабардар ету керек, өйткені ол баламен сөйлесіп, оның көңілін табуы және қолдап, жол көрсетуі тиіс. Егер оқушы ауырып қалса, отбасылық дәрігерге немесе маман дәрігерге қарату керек. Егер балаға қатігездік жасалса немесе зорлық-зомбылық жасалса немесе ол есірткі заттарын қолданатын болса, бұған психолог, әлеуметтік қызметкер және құқық қорғаушы ұйымының өкілі араласуы тиіс.
Бұл нұсқаулық ҚР-да білім беру саласындағы НҚА-ны халықаралық тәсілді – Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау бойынша Еуропа стратегиясын ескеру арқылы талдау нәтижелерінің бірі болып табылады. Ол білім беру мекемесінің басшысына да, сонымен қатар мектептегі медицина қызметкеріне қажетті ақпарат алуына ыңғайлы болу үшін анық және қарапайым түрде әзірленіп, жасалды. Нұсқаулық балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау кезіндегі мақсаттарды орындауда білім беру мекемесінің басшысына және мектептегі медицина қызметкеріне көмек ретінде әзірленді.
Достарыңызбен бөлісу: |