48
түрінде көрінеді. Жасушалық өлім рецепторларының белсенуі көптеген
жағдайларда лигандалардың көмегімен рецепторлардың үш еселенуін
туындатады. Сонымен бірге, жасушалық мембрананың цитоплазмалық
беткейіндегі апоптозды индукциялайтын сигналды кешендерді құрайды.
Сыртқы жолдар арқылы апоптоздың жүзеге асырылуы кезінде жасуша
протоплазмасында белсенбеген түрде (прокаспаз түрінде) болатын
цистеинді протеазалар- каспаздар маңызды рөльді атқарады. Каспаздар
протеолиздік тармақталған каскадты түзу арқылы бірін-бірі белсендіретін
қасиеті бар.
Сонымен,
Fas-рецепторларының
қатысуымен
инициаторлық
прокаспаза-8 белсенуі белсенбеген түрдегі проапоптоздық Bcl-2 – Bid
туыстығының нәруыздарын бірнеше фрагменттерге ыдыратып, оларды
цитоплазмадан митохондрия мембранасына өткізіп, С цитохромның
шығуын қамтамыз етеді және апоптоздың соңғы эффекторлары ретінде
қызмет атқаратын басқа да прокаспаздық ферменттерді (3, 6, 7)
белсендіреді (3–кесте). Ең маңыздысы ДНҚ репарациясының ферменттері,
протеиназалар мен жасушалық оралымды реттеушілер, цитоқаңқа
нәруыздарының субстраттары қызметін атқаратын эффекторлық каспаза-3-
тің белсенуі саналады. Эффекторлық каспаза-3-тің белсенуі нәуыздардың
протеолизі мен жасушаның өлуін туындатады.
Достарыңызбен бөлісу: