44
күшейтеді. NMDA-рецепторларының қозуы мен жасушада кальцийдің
жиналуы аргининнен азот тотығының түзілуіне қатысатын NO-синтаза
ферментін белсендіреді. Азот тотығы мен супероксидті анион кешені
аксондардың өсуі (нервтердің өсу факторы, церебралды өсу факторы,
нейтрофин–3 және басқалар) мен дендриттердің тармақталуын күшейтетін
өсу факторларының түзілуін азайтады. Нәтижесінде осы реттеуші
нәруыздардың қорғаныстық әсерлері нашарлайды. Қалыпты жағдайда
реттеуші нәруыздар қабынуға қарсы цитокиндер (4, 10 интерлейкиндер)
сияқты нерв және глиялық жасушалардың ультрақұрылымдарына әсер
ететін нейротоксикалық факторлар – ЛАТ-ның соңғы өнімдерінің
бүлдіруші әсерлеріне қарсы тұрады.
Ферменттердің белсенуі мен олардың артығымен жиналуы
нәруыздардың фосфорлануын бұзады. Бұл, өз кезегінде нәруыздардың
түзілуін тежейді және түрлі рецепторлардың – бензодиазепиндік,
холинергиялық, глицинергиялық, NMDA-рецепторларының экспрессиясын
өзгертеді.
Сонымен қатар, нейрондарда кальцийдің көбеюі митохондриялық
потенциалдың
(ΔΨm)
әлсіреуімен
ілесетін
митохондрияның
деполяризациясын
туындатады.
Осыған
орай,
митохондриалық
потенциалдың (ΔΨm) коллапсы дамыған жасушаларда глутаматты алып
тастағаннан кейін де бастапқы потенциалы қалпына келмейді. Соңында
жасушалар өлімге ұшырап,
кешеуілдетілген кальцийлік дисрегуляция
дамиды.
Жасушада
ішіндегі
Ca
2+
иондарының
көбеюі
мембраналық
нәруыздарды модификациялайтын ферменттердің белсенділігін өзгертеді.
Әсіресе, глутаматты рецепторлар глутаматтың қоздырушы сигналдарына
нейрондардың
сезімталдығын
жоғарылатады.
Нейрондардың
қозымдылығы жоғарылауынан жасушаларда Ca
2+
иондарының жиналуы
мен глутаматтың бөлінуі одан әрі күшейеді. Күшті деполяризацияланған
бір ғана жасуша глутаматтың санын көбейтетіндігі соншалықты, оның
мөлшері басқада жасушаларды қоздыруға жеткілкі болады. Сондықтан,
көрші нейрондардың зардапталуы байқалады. Бұл нейротрансмиттердің
әрі қарай бөлінуінің күшеюімен және глутаматтың эксайтуыттылық
әсерінің күшеюімен байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: