Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі еуразия гуманитарлық институты


-інші тақырып: Б. Мұқай «Өмірзая романының кейіпкерлер жүйесі



бет11/15
Дата23.12.2022
өлшемі64,28 Kb.
#59288
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
3-інші тақырып: Б. Мұқай «Өмірзая романының кейіпкерлер жүйесі

Мұғалімнің аты-жөні

Керимкул Аружан Мендиханқызы

Пән

Қазақ әдебиеті

Сынып

11

Тарау немесе бөлім атауы

«Заман шындығы»

Сабақтың тақырыбы

Б.Мұқай «Өмірзая» романының кейіпкерлер жүйесі

Оқу мақсаты

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.

Сабақ мақсаты

«Өмірзая» романындағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.

Құндылықтарға баулу 

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер 

Сәйкестендір, 10 сұрақ, аялдама, 5-5-1.

Ұйымдастыру кезеңі 

Оқушылармен амандасып, сабақтың мақсаттарымен таныстыру, құндылықтар туралы түсінік беру.

«Сәйкестендір» әдісі



Оқушыларға мұғалім тарапынан шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріледі. Оқушылар сол мінездеме қай кейіпкермен сәйкес келетінін тауып сәйкестендіруі керек.

«10 сұрақ» әдісі

Мұғалім оқушыларға иә/жоқ деп жауап беретін 10 сұрақ қояды. Осы сұрақтар арқылы кейіпкерлер жүйесін анықтауға мүмкіндік жасалады.

«Аялдама» әдісі

Алдымен мұғалім тақырыпқа қатысты әңгімелеуді бастап, кез келген оқушының алдына келіп тоқтайды. Оқушы әңгімелеуді әрі қарай жалғастырып, басқа оқушының алдына барып аялдайды, осылайша жалғаса береді.



«5-5-1» әдісі

Оқушылар сабақ туралы 5 негізгі сөйлем айтады, сол 5 сөйлемнен негізгі 5 сөз тіркесін көрсетеді, сол 5 сөз тіркесінен негізгі 1 сөзді табады.



Үйге тапсырма

«Өмірзая» романының кейіпкерлер жүйесін талдау.



Сабақ жоспары бойынша ең алдымен оқушылармен амандасып, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріледі. Кейін оларды сабақ жоспарымен, сабақ тақырыбымен, мәңгілік ел идеясының мақсатымен байланысын, өзектілігімен таныстырылады.«Сәйкестендір» әдісі арқылы оқушыларға кейіпкерлер жүйесі түсіндіріледі. Бұл әдісте оқушыларға кейіпкерлерге мінездеме беріледі, оқушылар сол сипатталған кейіпкерді тауып, сәйкестендіру керек. Кейін «10 сұрақ» әдісі арқылы жалғастырылады. Бұл әдісте оқушыларға иә немесе жоқ деп жауап бере алатындай сұрақтарқойылады. Мысалы:



  1. Аяған өжет жан ба?

  2. Ес ақсақалдың пікірі дұрыс па?

  3. Рахия апай жағымды кейіпкер ме? т.б.

Содан соң «аялдама» әдісіұйымдастырылады. Бұл әдісте оқушы тақырып бойынша әңгімелеуді бастайды. Әңгімелеп келе жатып, бір оқушының алдына келіп тоқтайды, сол оқушы әңгімелеуді жалғастырады. Осылайша бірнеше рет қайталанады. Бұл әдісте оқушылар тосын жағдайда сасқалақтап қалмай, әрі қарай ойын тез жинақтап, тосылмай баяндауға үйренеді және тақырыпты тереңірек түсінуге ықпал жасайды. Келесі «5-5-1» әдісі. Оқушылар алдымен тақырыпқа байланысты 5 негізгі сөйлем айтады, кейін сол 5 негізгі сөйлемнен 5 сөз тіркесін көрсетеді, сол 5 сөз тіркесінен 1 негізгі тақырыпты ашатын сөзді қарастырады. Осымен сабақты қорытындылап, оқушыларға қалыптастырушы баға беріп, үй тапсырмасын хабарланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет