Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі еуразия гуманитарлық институты



бет14/15
Дата23.12.2022
өлшемі64,28 Kb.
#59288
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Қорытынды
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі курсы тарих, тіл білімі, философия, педагогика, психология, география, экология пәндерімен байланыстырыла оқытылады. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» курсы өзіне дейін оқытылған халық ауыз әдебиеті және қазақ әдебиеті тарихы мен өзге де салалық пәндердің заңды жалғасы ретінде, орта мектеп оқушыларына іріктеліп алынған, бағдарлама бойынша берілген шығармалар мен әдеби теориялық ұғымдарды қандай жолдармен жеткізудің әдістемелерін қарастырады. Сонымен бірге өзімен қатар жүргізіліп жатқан пәндермен сабақтастырылып, алдағы курстарда оқытылатын пәндермен де байланыстырыла, ұштастырыла жалғастырылады. Әдебиет пәнінің ауқымы да , маңызы да, мүмкіндігі де орасан зор. Әдебиет пәнін барлық пәннің анасы деуге болады[1, 43б].
Оқыту — оқушыларға берілетін білімді меңгертудегі мұғалім мен оқушылардың бірлесе ұйымдастырылған іс-әрекетінің түрі. Оқудың сыныпта, сыныптан тыс, дауыстап оқу,іштей түсініп оқу, мәнерлеп оқу сияқты түрлері бар. Бұлардың әрқайсысының қызметі бар.
Сыныпта оқу — мұғалімнің бақылауында оқу.
Сыныптан тыс оқу оқушының өзіндік жұмысы іспеттес.
Мәнерлеп оқу — дауыс ырғағы арқылы ойды әсем жеткізу.
Іштей оқу оқушы шығармашылықпен айналысқанда, жеке оқығанда іске асады.
Түсініп оқу — сапалық қасиет.
Оқыту әдістері үшке бөлінеді:

  1. Сөздік әдісі;

  2. Көрнекілік әдісі;

  3. Практикалық әдісі [1, 47б.] .

Әдіс оқушының немесе мұғалімнің әрекет түрлерінің бөлігі болып табылады. Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе — мұғалім оқытуы; екінші мәселе — оқушының оқуы. Яғни, мұғалімнің әңгімелесуі әңгіме әдісі,оқушыдан сабақ сұрауы оның білімін тексеру әдісі деп аталады. Мұғалім мен оқушының жұмыс түрлеріне қарай әдіс-тәсіл әртүрлі болып келеді.
Прозалық шығарманы оқыту барысында «авторға сұрақ қою» стратегиясын қолдануға болады. Көркем шығарманы оқып болғаннан кейін оқушыларға осы шығарманың авторына хат жаздыртуға болады. Хатта оқушының шығармадан алған әсері, түйген ойы, оқырмандық идеясы мен сыни көзқарастары, тілек-ниеті т.б. қамтылады. Мұнда оқушы ойына еркіндік беріледі. Бұл тапсырманы сыныпта орындатуға не болмаса үй тапсырмасы ретінде үйге беруге болады.
Көркем шығармалардың қыр-сырын танытып білдіру үшін әр сынып көлемінде бірізділікпен жүргізілетін жалғас жұмыстар арқылы оқушылар шығарманың талдаудың қалыптасқан жүйесін меңгеруге алып келеміз. Біріншіден, мазмұндық-тақырыптық талдау, шығарманы тұтастай ала отырып, бөлім бойынша мазмұнын, тақырыбын таныта отырып талдау. Екіншіден, тілдік эстетикалық талдауға көңіл бөлу. Шығарманың тілдік ерекшелігін, сөз өрнегін, суреттемелік шеберлігін, көркемдігін, сөздер табиғатын, стильдік айырмашылықтарын таныту. Үшіншіден, кейіпкерлік-бейнелік талдау. Шығармадағы кейіпкерлерге талдау, олардың өзара сабақтастығын шығарма тақырыбы мен оқиға желісіне қатысын айқындата отырып, ажырату әрі салыстыру [1, 82б.].
Әдебиет пәні білім беру жүйесінде мынадай мақсаттарды көздейді:

  • ұлттық, адамзаттық құндылықтарды, халықтық мәдениет пен салт дәстүрді құрметтейтін рухани кемелді, отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеу;

  • көркем шығарма мәтіндерін мазмұн мен түр, негізгі әдеби тарихи мағлұматтар және теориялық әдеби ұғымдар бірлігі тұрғысынан игеру, әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту;

  • көркем мәтінді сезімталдықпен қабылдауды, бейнелі ойлау жүйесі мен шығармашылық қиялдауды, оқушылардың көркем шығарманы өз бетімен оқуға деген қажеттілігін, ауызша және жазбаша түрде өз түсініктерін беріп, қазақ әдеби тілін сауатты пайдалануды дамыту;

  • шәкірттерге әдеби пәндер жүйесіне тән білім, іскерлік дағдыларды меңгерту, сондай-ақ, сөйлеу жазу әрекеттеріне бейімділігін, дағды іскерліктерін өмірлік тәжірибеде қолдана білуге үйрету.

Бұл мақсаттар әдебиетті оқыту үрдісінде өзара байланыста іске асады және осы негізде төмендегідей базалық біліктіліктер айқындалады:

  • көркемдік эстетикалық біліктілік;

  • құндылық біліктілігі;

  • оқу біліктілігі;

  • ақпараттық біліктілік;

  • әлеуметтік біліктілік.

Сонымен қатар әдебиетті оқытуда мынадай мәселелер шешімін табуға тиіс:

  • жастардың көркем шығарманы талғампаздықпен түйсіну, эстетикалық тұрғыдан қабылдау, эстетикалық бейнелілік жүйені талдай білу қабілетінің артуы;

  • түрлі ұлттар әдебиетіндегі тақырыптық идеялық, сюжеттік ұқсастықтарды, бейне жасаудағы типологиялық байланыстарды анықтай білу дағдыларының қалыптасуы;

  • көркем шығарманың өзге өнер туындылары қатарындағы даралық сипаттарын анықтай білуінің іске асуы;

  • көркем шығарманы тану арқылы қоғамдық-әлеуметтік ортадағы өз орнын таба білуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет