Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі еуразия гуманитарлық институты



бет13/15
Дата23.12.2022
өлшемі64,28 Kb.
#59288
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
«Іздеп оқу» әдісі

Әрбір топ мүшесі мұғалімнің қолынан сұрақтар алып, топқа барып жауап іздейді. Дұрыс жауап таппайынша сұрақты ауыстыра алмайды. Осылайша сабаққа қатысу белсенділігі артады.



«Егжей-тегжейлі оқыту» әдісі

Шығармадағы ешкім мән бермеген,ұсақ деректерді қарастыру. Шығарманы егжей-тегжейлі оқу.



«Ашық микрофон» әдісі

Оқушылар ортаға шығып, тақырып бойынша кез келген сұрақты мұғалімге немесе оқушыларға қойып, жауап ала алады.



Үйге тапсырма

Берілген тақырыптардың біреуін таңдап, әдеби эссе жазу.



Сабақты бастамас бұрын ең алдымен оқушылармен амандасып, оқушылардың сабаққа қатысуытексеріледі. Кейін оларға сабақ жоспарымен, сабақ тақырыбымен, мәңгілік ел идеясының мақсатымен байланысын, өзектілігімен таныстырылады. Жалпы бұл тақырып «Сібір шамшырағында» деп аталатын үзіндіге арналған екен. Осы үзіндіні оқушыларға рөлге бөліп оқытылады. Кейін «кемпірқосақ», «іздеп оқу», «егжей-тегжейлі оқыту» әдістерін пайдаланылып сабақтың тақырыбыашыла түседі Бұл сабақтағы «кемпірқосақ» әдісі топтық жұмысқа арналғандықтан, ең алдымен оқушыларды алдын ала дайындалған «кемпірқосақ» тәсілімен топтастырылады. Кейін әр топқа өз таңдаған түстеріне сай мәтіндер таратылады. Сол мәтінді оқып болғаннан кейін, топ мүшелері ауысып, кемпірқосақтың түстеріне сай топ құрылады. Осы топтағы әр оқушы өз топтарында дайындалып келген мәтін бойынша ақпараттарымен бөлісіп, өз білімдерін толықтырады. Бұл топтық жұмыс сынып ішіндегі оқушылардың тұлғааралық қатынас дағдыларын дамытып, тақырыптың жақсы ашылуына өз септігін тигізеді. Келесі әдісті орындау үшін әр топ бастапқы құрам бойынша топтасады. «іздеп оқу» әдісі кезінде әрбір топ мүшесі мұғалімнің қолынан сұрақтар алып, топқа барып жауап іздейді. Дұрыс жауап таппайынша сұрақты ауыстыра алмайды. Бұл әдіс оқушылардың қимылдап, қозғалуына сол арқылы сабақтағы белсенділікті арттыруға ықпал жасайды. Содан соң «егжей-тегжейлі оқыту» әдісін жүзеге асырылады. Бұл әдісте мұғалім оқушыларға мәтінде басқалары мән бере қоймайтын, өте ұсақ ақпараттар бойынша сұрақ қояды. Сол сұрақтың жауабын іздеу барысында оқушылар мәтінді қалай қайта оқып шыққанын өздері де байқамай қалады. Осылайша оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастырып, дамытуға ықпал етемін. Сабақты қорытындылау үшін «ашық микрофон» әдісін пайдаланылады. Бұл әдіс аты айтып тұрғандай оқушылар еркін түрде сұрақ қоя алады. Егерде жай ғана сұрақ-жауап өткізетін болсақ оқушылар қысылуы мүмкін, ал егер «ашық микрофон» әдісі деп айтатын болсақ, әдістің атауының өзі оқушыға психологиялық тұрғыдан еркіндікті, жеңілдікті сезінуіне әсер етеді. Осылайша сабақты қорытындылап, үй тапсырмасы беріледі. Осы әдістер арқылы оқу мақсатында көзделген автор бейнесінің шығармадағы, белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтауын жан-жақты ашылады деп есептеледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет