Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі еуразия гуманитарлық институты



бет8/15
Дата23.12.2022
өлшемі64,28 Kb.
#59288
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
«10 сұрақ» әдісі

Мұғалім оқушыларға иә/жоқ деп жауап беретін 10 сұрақ қояды. Осы сұрақтар арқылы жаңа тақырып туралы алғашқы түсінік қалыптасады.



«Кластер» әдісі

Оқушылар алдын ала дайындалған карточкалар бойынша 3-4 топқа топтасады. Кейін әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша кластер құрап, ортаға шығып қорғайды.



«Галереяны шарлау» әдісі

Оқушылар алдынғы әдісте істеген кластерлерін тақтаға іледі. Кейін барлық оқушылар өзге топтардың жұмыстарын қарап, өз бағаларын береді. Осылай өзін өзі бағалау процесі жүзеге асады.



«Бас бармақ» әдісі

Оқушылар бас бармақтарын қолдану арқылы бүгінгі сабаққа баға беріп, қорытындылайды. Бас бармақты жоғары көтерсе—ұнады, орта деңгейде көтерсе—орташа, төмен көтерсе—ұнамады дегенді білдіреді.

Үйге тапсырма

«Өмірзая» романын оқып, композициялық талдау жасау.



Сабақты бастамас бұрын оқушылармен амандасып, бүгінгі сабақтың мақсатымен, барысымен, өзектілігімен, мәңгілік ел құндылықтарының байланысы туралы мәлімет беріледі. Кейіннен оқушыларды ортаға шеңбер бойына тұрғызып,«шаттық шеңбер» әдісін қолданылады. Бұл әдісте оқушылар шеңберде тұрып бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді. Осылайша сабақ алдындағы жақсы, қолайлы атмосфера пайда болады. Сабақтың басы қандай көңіл-күймен басталса, сабақты соңына дейін сондай атмосфера болады. Келесі «10 сұрақ»әдісінде оқушыларға иә немесе жоқ деп жауап беруге болатын сұрақтар қойылады.Мысалы:

  1. Б.Мұқайды танисыздар ма?

  2. Б.Мұқайдың шығармашылығын қарастырып көрдіңіз бе?

  3. «Өмірзая» романын оқыдыңыздар ма?

  4. «Өмірзая» романы тарихи оқиғаға негізделген бе?

  5. «Өмірзая» романы көлемді шығарма ма?

Осы сұрақтар арқылы оқушылардың тақырып туралы алғашқы түсініктерін қалыптасады. Алдын ала дайындалған карточкалар көмегімен оқушыларды топтастырылады. Кейін «кластер» әдісін пайдаланып топтарға тақырып бөліп беріледі.Топтар өздеріне берілген тақырып бойынша кластер құрастырады, сол кластерді ортаға шығып қорғайды. Содан соң кластерлер тақтаға ілінеді. Осы арқылы «галереяны шарлау» әдісі жүзеге асады. Оқушылар тақтада ілінген өзге топтардың жұмыстарымен танысып, өз бағаларын береді. Осы кезде өзін өзі бағалау процесі жүзеге асады. Сабақты қорытындылау үшін «бас бармақ» әдісі пайдаланылады.Бұл әдісте оқушылар бас бармақтарын қолдану арқылы бүгінгі сабаққа баға беріп, қорытындылайды. Бас бармақты жоғары көтерсе—ұнады, орта деңгейде көтерсе—орташа, төмен көтерсе—ұнамады дегенді білдіреді. Осылайша сабақты қорытындылап, үйге тапсырма беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет