Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі еуразия гуманитарлық институты



бет10/15
Дата23.12.2022
өлшемі64,28 Kb.
#59288
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Керимкул Аружан

«Конверттегі сұрақтар» әдісі



3 бөлім бойынша алдын ала сұрақтар дайындалып,конвертке салынады. Мұғалім кез келген топтағы оқушыға өз конвертін ұсынады, оқушы өзіне сұрақты таңдап алып, жауап береді.

«5 тармақ» әдісі

Бұл әдіс бойынша жеке жұмыс орындалады. Оқушылар бүгінгі сабақты 5 тармақ әдісімен қорытындылайды.



Үйгетапсырма

Шығарманың идеясын ашудағы кейіпкерлердің рөлін анықтау.

Сабақ жоспары бойынша ең алдымен оқушылармен амандасып, оқушылардың сабаққа қатысуы тексеріледі. Кейін оларды сабақ жоспарымен, сабақ тақырыбымен, мәңгілік ел идеясының мақсатымен байланысын, өзектілігімен таныстырылады. Жаңа тақырыпты өту үшін ең алдымен «QR» әдісі арқылы 3 топқа топтастырылады. Содан кейін әр топқа оқулықтағы 3 үзіндіні бөліп беріп, «джигсо» әдісі арқылы топ мүшелерін ауысады, сөйтіп жаңа топ құрылады. Жаңа топ мүшелері өз оқыған тақырыптары бойынша басқа топ мүшелеріне ақпараттар береді,барлық 3 топ мүшелері өз тақырыптарын мазмұндайды. Кейіннен топ бастапқы қалпына қайта келеді. Басқа топ мүшелерінен алған мәліметтерін өз топтарында талқылайды,осылайша өз білімдерін жетілдіреді. Бұл топтық әдіс оқушылардың өзара араласып,қарым-қатынастарын нығайтуға,білгенімен бөлісіп, ақпарат алмасуға жағдай жасайды. Осы әдіс арқылы кеңестік дәуір кезеңінде қалыптасқан эгоизм, жалғыз оқу принциптері жойылады. Жалғыз жұмыс жасағанда оқушы үрей әсерінен күрделі тапсырмаларды орындай алмай жатады. Ал топтық жұмыс барысында күрделі тапсырмаларды орындай алу мүмкіндігі артады. Сонымен қатар оқушылар бір-бірін оқытқан кезде, дәрістің 90%-ын есінде сақтайды. Сондықтан бұл әдістің артықшылықтары көп деп білемін. Бұл әдіс арқылы оқушылар өмірлік маңызы бар ақпаратты игеріп, оларды пазлдың бөлшектері сияқты бірге жинауға тартылады. Әр оқушы өз білімін терең түсініп, басқаларға оны үйрету керек. Яғни әр оқушы «сарапшы» рөлінде болады деген сөз. Сонымен қатар, оқушылар құнды ресурс ретінде бір-бірін тыңдауды үйренеді. Кейін ақпаратты қаншалықты жақсы меңгергенін тексеру үшін «конверттегі сұрақтар» әдісі пайдаланылады. Бұл әдіс кезінде мұғалім жаңа тақырыпқа қатысты алдын ала дайындалған сұрақтарын конвертке салып, кез келген топ мүшесіне конвертті ұсынады, оқушы сұрақты таңдап, жауап береді. Осы кезде оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау мүмкіндігі артады және тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуда өте тиімді әдіс деп саналады. Сабақты қорытындылау үшін «5 тармақ» әдісіжүзеге асырылады. 5-тармақ әдісі ойды жүйелі түрде қысқа әрі жылдам жауап беруге үйретеді. Бұл әдіс қалай жасалады? Аты айтып тұрғандай ол 5 тармақтан тұрады. Алдымен оқушы сабаққа қатысты бір зат есім айтады — бұл 1-інші тармақ. 2-нші тармақ — 2 сын есім, 3-інші тармақ — 3 етістік, 4-інші тармақ — тақырыпты ашатын сөйлем, 5-інші тармақ — тақырыпқа синоним бола алатын сөз.
Осылайша оқушылар өз ойларын жеткізеді және сабақ қорытындыланады,үй тапсырмасы беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет