Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет134/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АНА ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Орынбасар Ж.Н. 
Ғылыми жетекші: Смагулова Н.К., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
zhadyra.orynbasar@bk.ru
 
Қазіргі заманда өз ойын анық, дәл бере алатын, ана тіліне деген құрметі биік ұрпақ 
тәрбиелеп өсіру-бүгінгі күн ұстаздарының алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.
Ана тілі жас баланың ақыл-ойының дұрыс дамуына мүмкіндік береді және берілген 
білімді оңай қабылдауына септігін тигізеді. Ана тілін еркін меңгермеген оқушы басқа пәндерді 
де ойдағыдай үйрене алмайды. Аса көрнекті педагог К.Д.Ушинский ана тілінің білім берудегі 
рөлі туралы: «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыс 
ғылымдарын және математиканы өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды» деген 
болатын. 
Қазіргі таңда қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқушылардың ана тілінде еркін 
сөйлей алмайтынын байқап жатамыз. Баланы өз тілінде таза сөйлей білу дағдысын 
қалыптастыру негізінен, өмірге келген сәттен басталады. Бала ата-анасының ұлты қазақ болса 
да, көбіне орыс тілінде сөйлейтін отбасында дүниеге келсе, оның ойлау дағдысы да, сол ұлтқа 
жақын болады. Бұл-бүгінгі күннің басты мәселесі. Бала ең алдымен, мектеп өміріне қадам 
баспай тұрып, балабақшада тәрбиеленеді. Ол жақтың өзінде бала тілін жетілдіру жұмыстары 
жүргізіледі. Неше түрлі тақпақтар, тапсырмалар беріледі. Бірақ тек қазақ тілінде емес. Бүгінгі 
күннің басты талабы ретінде үштілділік саясатын ұстанып, оларға орыс, ағылшын тілдерінде 
де үйретеді. Әрине, бұл жақсы дүние. Бірақ баланың жүрегі, дүниетанымы қазақ деп тұруы 
үшін, ең алдымен толықтай қазақ тілінде білім берілгені абзал. Ал бұдан соң бала мектеп 
өміріне аяқ басады. Алғаш мектепке барғанында "Әліппемен" танысып, әріптерді, оқуды, 
жазуды меңгереді. "Әліппе" пәнінің мақсаты-әріп таныту, оқу мен жазуға үйрету, негізгі тілдік 
ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін ұлттық рухани құндылықтар негізінде жеке тұлғаны 
қалыптастыру болып саналады. Осы жерден ұлттық рухани құндылықтар дегеннен-ақ, қазақ 
халқының әдебиетін,мәдениетін меңгерту - басты мақсат екенін біле аламыз.
«Қазақ баласының қазақпен қазақша сөйлесе алмауы – қасірет. Қазақ қазақпен қазақша 
сөйлесіп, пікірлесіп, ойын жеткізіп, көркем шығармамен сусындап, оқып, оқығанын көңіл 


250 
көзімен тоқып отырмаса, сөреде қаптап тұрған кітаптар тілімізді сақтай алмайды. Атам қазақ 
тілдің мәйегін ауызекі сөйлеу тілінің шеберлігі негізінде қалыптастырып, дамытқан ғой. 
Бүгінгі дамыған мемлекеттердің қайсысын алсаңыз да, ауызекі сөйлеу тілінің жетік болуына 
ерекше көңіл бөледі де, тілді оқыту үдерісінде осы қағиданы басты негіз ретінде таниды», 
деген ғалым А.Салқынбайдың сөзінің жаны бар. Осы тұста Орынай Жұбаеваның мына сөзіне 
де тоқталып өтуге болады: «Қазіргі кезде ғалымдар жан-жақты дәлелдеп бергеніндей, бала 
шет тілді үйрену үшін алдымен ана тілін толық меңгеріп алуы тиіс. Жапон ғалымдары 
бастауыш мектепте балаға ана тілін ғана үйретеді». Бұл пікірден бізде елімізде бастауыш 
сыныпта балаларға ана тілін толық меңгертіп шыққанымыз абзал екенін түсінеміз.[1]
Жалпы бала жаңа жүре бастаған кезде (екінші жасында) оның сөз үйренуі біраз тоқтап 
қалады. Жүріп үйреніп алған соң тағы сөзге кіріседі. Екінші жылдың аяғында бала қысқа 
сөйлемдерді айта алады. Үшінші, төртінші жаста бала жап-жақсы сөйлейтін болады. Бала 
тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек. Және балаға 
ұқпайтын жат сөз үйретпеу керек. Екінші, бала өзі теңдес балалармен ойнауы керек. Баланы 
ешбір уақытта сөзден тыймау керек. Ал енді, баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, 
дұрыстайтын, байытатын - мектеп. [2;116-бет] 
Бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәннің оқушы тілін дамытуға қосар үлесі болғанмен, 
«Ана тілі» пәнінің атқаратын қызметі зор. Бұл пәннің негізгі мақсатының өзі – оқушының 
сөздік қорын дамыту. Әрі сөздік қормен бірге, оқушының тіл мәдениеті нормаларын 
меңгеруіне себеп болады. Осы орайда белгілі ғалым Н.Уәлиевтің мына сөзін айтып кеткеніміз 
жөн: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен 
қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - дейді.[3;8-
бет] Бұдан түсінетініміз оқушы тек дұрыс сөйлеуді ғана меңгермейді, сонымен қоса дұрыс 
жазуды, дұрыс ойын жеткізе білуді үйренеді. Әрі, қазіргі таңда байқаймыз, мейлі ол бастауыш 
сынып болсын, орта буын немесе жоғары сынып оқушылары болсын көбісі сөздің басын 
айтып, баяндауышқа келгенде орыс тілінде айтып жібереді. Бұның өзі әлі тілді толық 
меңгермегеннің белгісі болып табылады. 
Егер, бала бастауышты аяқтап, орта буынға барған кезде ауызша немесе жазбаша сөйлем 
дұрыс құрай алмаса, ең алғаш қателік сол бастапқы білім дұрыс берілмегеннен деп нық 
сеніммен айта аламыз. Ал мұндай мәселелер неліктен туындайды? Соған тоқталсақ: 
1) балалардың берілген білімді түсінбеуінен; 
2) ортаның жоқтығынан; 
3) жазбаша жұмыстар барысында грамматикалық қателерге көп жол беруінен; 
4) мұғалімнің де,ата-ананың да бала біліміне дұрыс назар аудармауынан. 
Оқушының ой-өрісін, сана-сезімін дамыту – бастауыш сыныптан басталады.Бастауыш 
сынып жасындағы баланың тілін дамытып, сөздік қорын байыту – ең негізгі мәселе. Бастауыш 
сынып кезеңі – нағыз баланың қалыптасатын уақыты. Жалпы сөздік қор әдетте 5 жастан бастап 
барынша молаяды. Егер, сол кішкентай кезінен баланың сөздік қорын молайту үшін ата-ана 
жақсы жағдай жасаса, бала мектепке барғанда қойылған сұрақтарға қиындықсыз жауап беріп, 
берілген тапсырмаларды жылдам орындай алады.
Бастауыш сынып кезеңінен баланың ауызша сөйлеу тілін дамыту үшін өлең, жаңылтпаш 
тағы да басқа тапсырмаларды ата-ананың көмегімен жаттау қолға алынғаны дұрыс. Әртүрлі 
суреттер арқылы сұрақтар қойып, оларға ауызша жауап бергізу, өз отбасы туралы шағын 
әңгіме құрастыру немесе дайын мәтіндерді өздеріне оқыту арқылы, сұраққа жауап алу арқылы 
баланың сөйлеу тілін дамыта аламыз. Жалпы, осы әдебиет сабағы арқылы бала дүниетанымын, 
эстетикалық талғамын қалыптастыру – бала тілін дамытудың негізі болып саналады.
Ана тілін толық меңгермеген оқушылар үшін мынадай ой тұжырымын жасауға болады. 
Әрі, бұл арқылы бастауыш және орта буын сынып оқушыларының ауызша сөйлеу қабілеттерін 
дамытуға мүмкіндік туады. Жалпы мектепте сабақтан тыс, яғни түстен кейін қосымша сабақ 
ретінде осы ана тілі курсы оқытылғаны дұрыс. Бұл арқылы оқушылар не алады: 
1) Сөздік қоры молаяды; 
2) Өз ойын анық, дәл жеткізе алады; 


251 
3) Грамматикалық қателер жібермейтін болады. 
Қазіргі таңда байқаймыз, көбіне ата-аналар баласын тіл дамыту курстарына жібереді. Бұл 
негізінен ата-анаға да қиындық туғызады. Ал егер осы курс мектепте ашылатын болса, 
мұғалімге де, ата-анаға да, ең алдымен балаға үлкен пайдасын тигізері анық. Бұл курс қалай 
өтеді, нақты жоспарын атап өтуге болады: 
Аптасына екі рет, сабақтан тыс, түстен кейінгі уақытта өтетін болады. Бұл курсқа барлық 
оқушы қатысатын болады. Және курс барысында балаға сабақ түсіндіріледі, әр түрлі 
тапсырмалар беріледі. Және сол тапсырмалардың ұпайы жинақталып, баланың тілі және 
логикалық қабілеттері қаншалықты дамығаны ескеріліп, әр тоқсан соңында қазақ тілі және 
қазақ әдебиеті пәнінен екі бағадан қойылатын болады. "Неліктен баға пәнге қойылады?" - 
деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл барлығына ортақ арнайы оқулығы бар пән болмағандықтан, 
бірден күнделікті баға қою үшін міндетті пән ретінде енгізу қиын. Ең алдымен мектеп 
практикасынан өткені дұрыс.
Бұл курс барысында әр сынып оқушыларымен осындай жұмыстар жүргізуге болады, 
мысалы бастауыш сыныптар үшін: 
1-2 сыныптарға: Әр түрлі тақырыпта суреттер салғызып, сол арқылы не түсінгендерін айту; 
3-4 сыныптарға: Суреттер салғызу немесе күрделірек фотосуреттерді алдарына тастап, 
проблемалық сұрақтар қою, әрі одан не түсінгендерін сұрау арқылы ауызша жауап алу, белгілі 
бір тақырыпта шағын әңгіме құрату. 
Орта буын сыныптар үшін: 
5-6 сыныптарға: Арнайы бейнероликтер көрсету арқылы ауызша сұрақтар қойып жұмыс 
жасау, белгілі бір үзінді беріп, «сен бұл туралы не ойлайсың?» деген сияқты сұрақтар қойып 
жұмыс жасау; 
7-сыныпқа: Арнайы күрделі тапсырмалар, белгілі бір тақырыпқа шығарма немесе эссе 
жазғызып, бір-бірінің жазғанын ауысып оқыту. 
Тіпті, бұл курс болмаса да, сабақ барысында бала тілін жетілдірудің түрлі жолдары бар. 
Мысалы, бастауыш сынып оқушыларына сабақ кезінде ертегі, аңыз, әңгіме оқытудың және 
өтіліп жатқан сабақтың тақырыбына байланысты мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш 
пайдаланудың маңызы зор. Бұлардың барлығы баланы қызықтырып, тыңдай білуге үйретеді.
Бұдан бөлек балаларға әр сабақ соңында бір немесе екі шумақ болсын өлең жаттап келуге 
тапсырма берудің де мәні зор. Және сабақ барысында мұғалім өзі де өлең шумақтарын оқып, 
дауыс интонациясын өзгерту арқылы баланың сезім түйсіктеріне әсер ете алуы керек. Мұғалім 
өлең оқып беру барысында логикалық, грамматикалық және психологиялық кідірістерді 
ескергені жөн. Бұл арқылы баланың есте сақтау қабілеті дамып, патриоттық сезімі оянады. 
Бастауыш сыныптарда оқитын ана тілі сабақтары көркем шығарманың танымдық бағытын 
негізге алады. Жалпы сол кезде оқылатын ақын-жазушылардың шығармалары оқу материалы 
ретінде жұмсалады да, ал әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру мақсат етілмейді. 
Бастауыштан алған білім арқылы бала орта буынға өткен кезінде білімін әрі қарай 
жалғастырып, өздерін шыңдауға мүмкіндік алады. Және баланың сөйлеу қабілеттерін 
дамытуда әдебиет пәнінің орны ерекше. Әдебиет пәні арқылы бала тілінің дамуына мүмкіндік 
туады, әрі бастапқы берілген білімін дамытып, оқырмандық құзыреттілігі қалыптаса 
бастайды. Сынып жоғарылаған сайын бала тілі де дами түседі және әртүрлі шығармаларды 
оқу арқылы, берілетін тапсырмалардың күрделенуіне байланысты ауызекі сөйлеу тілінің 
деңгейінің жоғарылауына ықпалын тигізеді. 
Әдебиетті оқыту оқушының сұранысы мен қабілет, мүмкіндігіне қарай бірте-бірте дамып 
отырады. Біріншіден, әдебиет оқушының бастауыштан алған біліміне сүйенеді. Шығарманы 
жүргізіп оқып үйренген оқушы 5-сыныптан бастап мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра 
бастайды. Ең бастысы 5-сыныптан бастап сынып жоғарылаған сайын әдебиетті өнердің бір 
түрі – сөз өнері ретінде тарихи негізін танып, қоғамдық мәні мен адам, жеке тұлға 
қалыптастыруға тигізетін әсер ықпалын, барлық адамзаттық мәселелерді қамтитын биік 
болмысын тани бастайды. [4;9-бет] 


252 
Бастауыш және орта буын сыныптарда оқылған шығармалармен жүргізілген жұмыстар 
белгілі бір дәрежеде оқушының келешекте кітапты сүйіп оқуына немесе керісінше, мүлде 
қаламауына әкелетін жол басы деуге болады.
«Өнер алды – қызыл тіл», - дейді халқымыз. Мектепте берілетін бүкіл білім мен тәрбие ең 
алдымен сөз арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да оқушылардың тілін дамыту – тек 
әдебиетші, тілшілер мақсаты ғана емес, ол бүкіл мектептің, барлық пән мұғалімдерінің де 
басты мақсаты, борышы, барлығына тән бірыңғай талап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет