269
Сальменова А.А.
Ғылыми жетекші: Дурмекбаева Ш.Н., биология ғылымдарының кандидаты, профессор
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.
salmenovaaruzhan@mail.ru
Ғылыми-зерттеу жұмысы – шығармашылық қасиеттерді тереңдетуге бағытталған
сонымен қатар дербестік, еріктілік, қызығушылық қағидаттарына негізделген
[1; 351-бет].
Оқушылардың зерттеу жұмыстары шығармашылық, зерттеушілік міндеттерді
шешумен байланысты әрекет. Зерттеу жұмыстары мәселені анықтау, осы мәселеге арналған
теорияны зерттеу, зерттеу әдістерін таңдау және оларды практикалық игеру, материал жинау,
оны талдау және жалпылау, ғылыми түсініктеме, өзіндік тұжырымдар сияқты кезеңдерден
тұрады. Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің өнімі шығармашылық жұмыс болып
табылады [2;13-бет].
Зерттеу практикасы барысында оқушылар әлеуметтік маңызы бар зерттеу қызметі,
тұлғааралық және іскерлік қарым-қатынас тәжірибесі, өз күштерін қолдану орындары мен
тәсілдерін табу дағдыларын алады, қабілеттерін талдайды, жауапкершілікті арттырады,
тәуелсіз болады, қоғамға қажет болуды үйренеді [3; 115-бет].
Қазіргі уақытта оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында STEM бағыты ерекше
маңызға ие. STEM саласындағы білім сыни ойлауды дамытады, ғылыми дайындықты
арттырады және инноваторлар мен өнертапқыштардың шығу тегін тудырады. Инновация ең
жаңа өнімдердің жарыққа шығуына әкеледі. Бұл инновациялар мен ғылыми дайындық STEM
салаларындағы білімнің берік базасына сүйенеді.
STEM-тәсілді енгізу барысында бірқатар принциптерді ұстану қажет: білім беру
процесінің негізінде жобалау қызметі жатыр; шешілетін оқу міндеттері практикалық сипатта
болуы тиіс; жаратылыстану-ғылыми цикл пәндеріне (физика, химия, биология) ерекше назар
аударып, оларды жиынтықта қарастыру қажет [4; 57,58-бет].
Білім беру процесіне STEM-білім берудің әдістемелік шешімдерін енгізу ғылымды
біліммен ұштастыруға, оқушыларда құзыретті маманды айқындайтын аса маңызды
қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді:
- проблеманы көре білу;
- мәселеде мүмкіндігінше ықтимал тараптар мен байланыстарды көре білу;
- зерттеу мәселесін тұжырымдай білу және оны шешу жолдары;
- жаңалықты тез қабылдауға икемділік пен өз ұстанымын қорғаудағы көзқарас;
- өзіндік ерекшелік, шаблоннан бас тарту;- идеялар мен байланыстарды топтастыру қабілеті;
- абстракциялау немесе талдау қабілеті;
- ақпаратты нақтылап,синтездеу қабілеті [5; 24,25,26-бет].
«Биология» пәні барысында STEM элементтері кеңінен қолданылады. Биологияның
бөлімдерін қарастырған кезде пәндер интеграциясына пайдалана отырып, STEM бағыты
жүзеге асырылады. Мысалы, «Адам және оның денсаулығы» бөлімінде организмнің
физиологиялық ерекшеліктерін айқындайтын мүшелердің модельдерін жасап шығаруға
болады. Жұмыс барысында оқушылар математикадан есептеулік білімдерін, химиядан әртүрлі
қосылыстар мен витаминдер туралы, физикадан белгілі бір заңдылықтар және т.б. сол сияқты
әртүрлі саладағы білімдерін қолдана отырып, мүшелердің биологиялық маңызын практика
жүзінде дәлелдей алады.
STEM білім беру элементтері биологиялық білімді интегративті негізде зерттеуді
ұйымдастыруға, нақты биологиялық объектілерді, процестерді, модельдік құрылымдарды
гипотеза және тәжірибе жасауға мүмкіндік береді .
Зерттеу барысында STEM бағытындағы биологиядан ғылыми-зерттеу жұмыстарының
тақырыптары анықталып, оқушыларға ұсынылды.
Зерттеу жұмысы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, биология және
оқыту әдістемесі кафедрасының «Биология» зертханасында 2021-2022 оқу жылында
271
көмегімен өзіндік жұмыс жасап, әртүрлі биостимуляторларда бұршақ тұқымын өсірді. Жұмыс
соңында бақылау күнделігін толтырып, қорытындылар шығарды.
Жұмысты орындау барысында оқушыда биология, химия пәндері бойынша алғашқы
түсінік және жаңа білімдері қалыптасты. Ал, математикадан қалыптасқан білімдерін жүзеге
асырды. Биология бойынша оқушы бұршақ өсімдігінің даму ерекшеліктерімен, тұқым
өңгіштігімен танысса, химия пәнінен стимуляторлардың құрамы, олардың химиялық
құрамының әсері жайлы ақпараттарды үйренді, математикалық білімдерін стимуляторлардың
мөлшерлерін есептеу барысынды пайдаланды.
2-сурет- «Өсімдіктердің өнуіне әртүрлі биостимуляторлардың әсері (бұршақ)»
жұмысы. Оқушының тәжірибе қою барысы
STEM бағыты қазіргі білім беру жүйесіндегі сұранысқа ие бағыттың бірі. Сол себепті
оқушылардың STEM бағытындағы ғылыми- зертеу жұмыстарын ұйымдастыру маңызды
мәселе болып табылады. Оқушыларға осы бағыт бойынша білім беру оларды өзіндік жұмысқа,
өнертапқыштыққа, модельдеуге, теориялық білімдерін практикада қолдану арқылы білімдерін
нық бекітуге септігін тигізеді. Пәндер интеграциясы әсерінен оқушы жан-жақты,
дүниетанымы кең, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасады.
Әдебиет:
1.
Белоглазова А.П. Инновационный опыт МАОУ ДОД Станции юных натуралистов
Чайковского муниципального района в экологическом образовании личности // Концепт. -
Киров: ЦИТО, 2013. – С.351.
2.
Леонтович И.В. Об основных понятиях концепции развития исследовательской и проектной
деятельности учащихся // Исследовательская работа школьников. -2003. -№4. - С. 13.
3.
Гладилина И.П. Исследовательская и проектная работа учащихся в школе // Одаренный
ребенок. – 2004. - №4. – С.117.
4. Грязнов С.А. STEAM-образование: подход к обучению в 21 веке//Экономика образования.
-2020.- № 6 (121).-C. 57 – 58.
5.
Bryan, L. A., Moore, T. J., Johnson, C. C. and Roehrig, G. H. Integrated STEM education. In C.
C. Johnson, E. E. Peters-Burton and T. J. Moore (Eds.), STEM roadmap. A framework for
integration.-London: Taykr & Francis.-2015.-p.24-26.
Достарыңызбен бөлісу: