Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет147/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

Заключение.
Таким образом, медиасредства - это, безусловно, способ не только 
«понизить» собственную значимость, но и повысить ее. Благодаря этому у каждого появилась 
возможность хотя бы в виртуальном мире почувствовать себя звездой. Социальные сети и 
другие медиасредства призваны восполнять то, чего человеку не хватает в обычной жизни, 
будь то самоудовлетворение, общение или информация. Кто-то размещает посты в соцсети 
только для того, чтобы поделиться своими мыслями, а кому-то важна именно реакция других 
людей на эти мысли - комментарии и «лайки». 
Литература 
1
Государственная 
программа 
«Цифровой 
Казахстан» 
на 
2020-2025 
г. 
https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1700000827
  
2
Агапов B.C. Становление Я-концепции в управленческой деятельности руководителей: 
дис. ... д-ра психол. наук : 19.00.05, 19.00.13. - М.1999. – С. 68. 
3
Бондаренко Е.А. Медиаобразование в современной школе с точки зрения 
образовательных стандартов // Медиаобразование и медиакомпетентность, - Таганрог: 
Изд-во Таганрог, 2009. с. 10. 
4
Геруля M. Возможности и опасности развития информации в современном обществе. 
Журналистика и медиаобразование - 2008: сб. трудов III Международной научно-
практической конференции: В 2 т. - Белгород: БелГУ, 2008; Т. I: 22 - 31. 
5
Липкина А.И. Самооценка школьника. – М.: Знания, 2016. – С. 24. 
6
Мерлин В.С. Структура личности: характер, склонности, самосознание: Учебное пособие 
к спецкурсу. - Пермь: ПГГИ, 2008. – С. 89. 
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Сәрсенби Бердібай 
Ғылыми жетекшісі: Кусаинова А.Ж.,педагогика және психология магистрі,лектор 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
Bsarsenbi@gmail.com
  
Әрбір адамның жетіліп дамуына отбасы маңызды рөл атқарады. Сондықтан қоғамның қай 
кезеңде болмасын отбасы тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері қазіргі кезде ең өзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ 
белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе.

Отбасының қазіргі кездегі проблемалары өте көп. Атап айтатын болсақ, әлеуметтік 
жағдайлар, жұмыссыздық, ажырасудың көбеюі, ішімдікке салыну, нашақорлық, тастанды 
балалардың көбеюі, толық емес отбасылардың санының артуы, жезөкшелік, түрлі ауруларға 


278 
шалдығу, қаңғырып кету, халықтың жақсы тәрбиесінде дәстүрдің азаюы - бұлардың барлығы 
тек отбасының ғана емес, қоғамның, мемлекетіміздің толғандыратын мәселелері. 
Отбасын зерттеген ғалымдар ішінде Ю.П.Азаров, В.Сатир, Прихожан А.М., Василькова 
Ю,В., Р.Спиваковская, В.В.Юстицкий
 
т.б.жағдайсыз отбасыларға ерекше көңіл бөліп 
зерттеген. Шетел ғалымдары ішінде жағдайсыз отбасыларды терең зерттегендер: 
Хоментаускас, В.В Юстицкий, т.б.
Қазақстанда 
отбасы мәселелерін зерттегендер: Х.Арғынбаев, Ж.Б.Қоянбаев, 
К.Бейсенбаева, М.Тажин, Б.Аяғанова, М.Т.Баймұқанова секілді ғалымдардың еңбектерін 
атауға болады. [1,119 б]
 
Отбасында қиыншылық шегінен шыққанда әкесі мен анасының арасында жанжал
туындау кезін басынан өткізген баланы тәрбиелеуде қиындықтар жиі кездеседі Осындай
мәселелерді отбасы өз бетімен шеше алмайды, сондықтан оларға түрлі әлеуметтік –
педагогикалық көмек, қолдау көрсету керек. Осы орайда әлеуметтік педагогтың атқаратын 
қызметі орасан зор. 
Әлеуметтік педагог - әлеуметтік сфераның қызметкері, өзінің негізгі жұмыс бағытын 
оқушылар, олардың ата-аналармен, ересек адамдармен тұрмыстық – шаруашылық ортада, 
жасөсперімдермен, жастар ұйымдарымен кәсіби қызметін атқарады. Отбасына, тәрбиелеу 
мекемелеріне педагогикалық-психологиялық көмек көрсететін,ересектер мен балалар, отбасы 
мен мектеп, тұлға мен мемлекет арасында дәнекер рөлін атқаратын, жеткіншектерге
әлеуметтік, кәсіби бейімделуінде көмек көрсетіп, құқығын қорғайтын маман. Проблемалы 
отбасымен жұмыс жасауда әлеуметтік педагогтың бірден-бір міндеті – барлық әдіс-
тәсілдердің көмегімен баланың қызығушылығын қорғауды қамтамасыз ету. Бұлай ата-анаға 
ықпал ету, яғни олар өсіп келе жатқан балаға жауаптылығын саналы түрде түсіндіру, бұл 
әрқашан нәтижеге жылдам жеткізбейтін күрделі де еңбекті керек ететін жұмыс. Мұнда 
жұмыстың барлық мүмкін формалары мен әдістерін қолдану қажет: сендіру, түсіндіру, 
педагогикалық жағдаяттарды шығару, бақылау, т.б.[2,52 б] 
Отбасымен әлеуметтік педагогтың жұмыс нысаны - отбасымен жұмыс жасау, көмек, 
қолдау көрсету үрдісі. 
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті отбасындағы немесе тәлім-
тәрбие мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік 
педагог отбасымен жұмыс істеу барысында «жеке тұлға-отбасы-қоғам» жүйесіндегі өзара 
қарым-қатынастарды реттеп отырады. 
Осы қағидалар отбасы мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Әр баланың 
әлеуметтік тұрмыстық жағдайын терең зерттеу оларды келешекте қорғап, қамқорлыққа алуға 
септігін тигізеді. Сондықтан мектепте аз қамтылған отбасы оқушыларының әлеуметтік 
картасы жасалады. Сондай-ақ, оқушының отбасылық тәрбие жағдайын анықтап, жағдайы 
төмен, аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетуді ұйымдастырып, баланың жеке 
дамуындағы ауытқуларының алдын алып түзету жұмыстарын жүргізеді. 
Әлеуметтік педагогтың отбасы типтері жайлы білімдерінің жоғары деңгейде болуы да өте 
маңызды. Себебі отбасында пайда болған қиындықтар мен отбасы типтерін дұрыстап айқындап 
алмайынша жұмысты нәтижелі жүргізу мүмкін емес.
Отбасымен жұмыстың табысты болуы үшін әлеуметтік педагогқа басқа мамандармен, 
әлеуметтік қорғау қызметтерімен байланысу қажет. Ол кәсіби тұрғыда жақсы дайындалған 
болуы тиіс, білімді, эрудициялы болуы, айтарлықтай жоғары деңгейде педагогикалық 
шеберлік пен ұйымдастырушылық қабілеттерге ие болуы тиіс. 
Отбасымен өз жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін әлеуметтік педагог отбасындағы 
проблемаларды, бала тәрбиесіндегі жіберілген қателіктерді, оның пайда болу себептерін біліп 
алғаны жөн. 
Ата-аналармен жұмыс бірнеше бағытта жүзеге асады: ата-аналармен ағарту, кеңес беру, 
жайсыз отбасыларын диагностикалау және патронажға алу, түрлі бағыттағы клубтар мен 
ұйымдарды құру, бейәлеуметтік топтарға басқа бағыт беру,жас отбасына кеңес беру,жұмысқа 
орналасуға көмектесу,жалғыз басты адамдарға қарияларға көмектесу, топтық отбасылық 


279 
сауықты ұйымдастыру т.б. жұмыстары. Тәжірибеде оның одан да тиімдірек формалары 
қалыптасты: ұжымдық және жеке кеңес берулер, кеңестер, дәрістер, конференциялар т.б.
Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс барысында 3 негізгі рөлді атқарады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет