Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ҚУАНДЫҚ ТҮМЕНБАЙ – ҚАЛАМЫ ҰШҚЫР ЖАЗУШЫ



Pdf көрінісі
бет154/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   532
 
ҚУАНДЫҚ ТҮМЕНБАЙ – ҚАЛАМЫ ҰШҚЫР ЖАЗУШЫ 
 
Сьез Ахбота
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 3-курс студенті 
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., қауым.профессор Г.Кажибаева 
 
Адамзат тарихи дамудың жаңа белестерін бағындырған сайын артындағы жүріп өткен 
жолын саралап, дәстүр қалыптастырған әдеби және рухани құндылықтарын ой елегінен 
өткізетіні, өзгеше көзқараспен баға беретіні анық. Қазіргі таңда адам баласы жаңа ғасырға аяқ 
басқан тұста мәдениет пен ғылымдағы, әдебиет пен өнердегі кейбір жаңаша құбылыстар мен 
үрдістер туралы нақты тұжырымдар жасауға мүмкіндік алды. 
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ әдебиетінде көптеген өзгерістер орын алғаны белгілі. 
Кешегі өткеніміз бен алдағы болашағымыз жөнінде жазылған көптеген прозалар, оның ішінде 
әңгімелер, повестер мен романдар қазақ әдебиетінің алтын қорын толықтыра түсті. Қазақ 


289 
әдебиетінің алтын қорына өз үлестерін қосып, қарымды қаламдарынан жауһар туындыларды 
өмірге әкелген тума таланттар мен майталмандар қаншама. Осындай тума талант иесі, әдебиет 
әлеміне өзіндік стилімен, ерекше қабілетімен танылған қарымы мықты, қаламы ұшқыр қазақ 
жазушыларының бірегейі – Қуандық Түменбай болды. 
Қуандық Түменбай – көркем прозаның хас шебері, қазақ прозасы көркемдігінің 
көкжиегін кеңейткен қаламгар. Оның шығармаларының тақырып аясы кең, қаламгер бұрын-
соңды жазушылардың қаламына ілікпеген шынайы оқиғалар мен адам образдарын бейнелеуде 
орасан зор батыл қадамдар жасады.
Жазушы Қуандық Түменбай 1955 жылғы 22 тамызда қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі 
ауданы, Ыбырай Жақаев ауылында дүниеге келген. Орта мектептен білім алған соң 1977 жылы 
Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1981 жылы үздік 
бітіріп шығады. Кейін 1991 жылы білімін жалғастырып, Мәскеу қаласындағы М. Горький 
атындағы Әдебиет институтының жанындағы Жоғары курсқа оқуға түсіп, үздік бағамен 
бітіріп шығады. 
Жазушы еңбек жолын 1978 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде тілші 
болып бастайды. Газет редакциясында 1979 жылға дейін еңбек етеді. 1979–1980 жылдары сол 
кездері әдеби қауымға кеңінен танымал «Жалын» баспасында редактор болады. Ал 1984–1989 
жылдар аралығында «Жұлдыз» журналының бөлім редакторы, 1989–1991 жылдары Алматы 
облысының «Жетісу» газетінде тілші, одан соң бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 
Тәуелсіздік алған 1991–1992 жылдары «Алматы ақшамы» газетінде бас редактордың 
орынбасары, 1992–1996 жылдары Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат 
министрлігінің бас редакторы, 1996–1998 жылдары «Қазақстан» баспасының бас редакторы, 
Халықаралық журналистика институтында оқытушы қызметтерін атқарады. 2004 жылы 
«Ақиқат» журналында бөлім редакторы, ал 2008 жылдан бастап «Үркер» газетінің бас 
редакторы қызметтерін атқарған [1]. 
Ең алғашқы тырнақалды шығармасы «Қайың сапты кетпен» әңгімесі 1974 жылы «Қазақ 
әдебиеті» газетінде жарық көрді. Бұдан соң жазушы Қ. Түменбайдың бірнеше жинақтары 
баспадан басылып шықты. Атап өтсек, 1982 жылы «Қайың сапты кетпен», 1987 жылы 
«Жүрдек поезд», 1990 жылы «Каникулды күткен қыз», 1995 жылы «Жігіттің Көктөбесі» 1995 
жылы «Қанаты күйген қызғыш құс», 1998 жылы «Сотталған домбыра», 1999 жылы «Көз», 
2001 жылы «Жасыл жанып тұрғанда», 2004 жылы «Қой мен қойшы», 2005 жылы «Ар мен дар» 
атты прозалық жинақтары жарық көрді. 
1970–1980 жылдардағы қазақ прозасында қоғамның түрлі қайшылықтары, терең 
әлеуметтік-саяси проблемалары, соның ішінде рухани әрі психологиялық, экзистенциалдық 
саяси мәселелер ашық бейнеленіп, айқын көрініс тапты. Әрине, қоғамда орын алған әлеуметтік 
проблемалар жазушыларға ғана емес, жалпы адам баласына тереңнен ой түйіп, саналы 
тұжырым қалыптастыруға бастама болды. Осындай тұста қазақ әдебиетінде де жаңаша иделар 
мен көркемдік ізденістер етек алды. Әдебиет бұдан былай тарихи маңызы бар оқиғалар мен 
дәстүрлерге сүйенетін болды [2]. 
Заманға сай туындылар өмірге келіп, қазақ әдебиетінің, әсіресе, проза жанрының 
тақырыптық өрісі кеңейіп, идеялық және шеберлік аумағы шарықтай түсті. Қазақ жазушылары 
қоғамдағы оқиғаларды шынайы жеткізуге талпынды, әлеуметтік өмір шындығын барынша 
терең бейнелеуге ұмтылды. Осылайша заман ағымына қарай жаңа мәнер, стиль 
қалыптастырып, жасандылықтан арылды. Жазушылар проза жанрын жандандырып, 
шығармашылық еркіндікке ерік берді. 
Жазушы Қуандық Түменбай шығармаларында да заманның маңызды мәселелері 
талқыланып, адам образдары шынайы бейнеленеді. Жазушы прозаларының басым бөлігі 
Ауған соғысының халыққа әкелген қасіретін, қазақ даласындағы экология мәселесін көтерсе, 
кейбір әңгімелері әдемілік пен сұлулықтың құпия сырын ашып көрсетеді. Жазушының 
қарымды қаламына арқау болған шығармалардың біразы Ыбырай Жақаевтың өміріне 
арналған, ал бірқатары 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы сыр шертеді. 2004 жылы 
жарық көрген «Бейкүнәлар» романында қылышынан қан тамған кеңестік кезеңде азаттықты 


290 
аңсаған ұлтжанды қазақ азаматының тағдыры бейнеленген. Бұл шығармасы араб, орыс, неміз, 
ұйғыр тілдеріне аударылған.
Қуандық Түменбай – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өмірдің қиындықтарын, 
қоғамда орын алған келеңсіздіктерді ашық көрсете білген тілі уытты жазушылардың 
қатарында. Жазушының «Қобыздың мұңы» деп аталатын жинағына енген шығармаларына 
тоқталып өтелік. Тағы бір айта кететін жайт, жазушының туындыларын ғана тән бір ерекшелік 
– өмірдің көлеңкелі тұстарын ашып, қоғамдағы келеңсіз оқиғаларды шынайы жеткізу. 
Мәселен, «Түрмедегі торғай» деп аталатын хикаятын алсақ, қоғам мен адам, өмір туралы 
толғаныстан басталған хикаятта «Түрмесіз өмір жоқ. Адамзат бостандықта қалай өмір сүрсе, 
түрмеге де солай көндіккен. Бірақ, адамның болмысы қызық. Олар өздерін емдеп, сәбилерді 
өлімнен алып қап жүрген ақ желеңді дәрігерлерден гөрі қызыл жаға тәртіп сақшыларын артық 
көреді. Тіпті, бірге отырған жерде дәрігердің дәрежесін төмен санап, әлгілерден именеді» [3] 
дей отырып, екі мамандық иесінің өмір мен тыныс-тіршілігі арқылы мамандық иелерінің 
қоғамдағы шынайы орнын ашып көрсетеді. 
Жазушы Қ. Түменбайдың прозаны «Түрмедегі торғай» деп атауының да өзіндік себебі 
бар. Негізінен әңгіме түрмеге ұя салған қараторғай жайында емес, қоғамдағы озбыр жайттар, 
яғни торғайдай шырылдаған жас дәрігердің қыл үстінде тұрған тағдыры жөнінде болмақ. 
Табиғаттың төсінде ешкімге зияны жоқ, өз күн көрісімен жүрген кіп-кішкентай құстың 
ғұмырын адам өмірімен салыстыра көрсетіп, параллелизм стилін шебер пайдалана білген. 
Жазушының басты ұстанымы – тірі жанның киесі бар деген тұжырым секілді. Қуандық 
Түменбай «Түрмедегі торғай» хикаятында заманға сай төңіректе болып жатқан жайттар мен 
оқиғалар арқылы өз оқырмандарына терең ой салады. 
Жазушы Қ. Түменбайдың көршілікке ой салар тағы бір шығармасы – «Бекеттегі 
бейкүнәлар». Жазушы романда басты кейіпкер – қазақ ұлтынан шыққан алғашқы диссиденттің 
бірі Халелдің өмірін суреттей отырып, сол арқылы өте қымбатқа түскен және аңсап жеткен ел 
тәуелсіздігіне қандай жолмен жеткеніміз туралы баяндайды. Оқырманның көз алдына 
тәуелсіздіктің қандай бақыт екені, оған жеткен жолдың қандай ауыр екені елестейді. Оқиға 
желісінің оқырманды бей-жай қалдырмайтыны анық. 
Қорыта келсек, жазушы Қуандық Түменбайдың алты томдық прозалық шығармалары, 
хикаяттары мен әңгімелерінде қоғамның ащы шындығы мен тарихи, халықтық сипатқа ие 
болған имани мәселелерді, ауыл адамдары мен қала тұрғындарының өмірі мен тұрмыс-
тіршілігі, күнделікті тұрмысына қатысты ақиқатқа толы жайттарды шеберлікпен бейнелеп, 
күрмеуі күшті күрделі мәселелердің шешімін табуға тырысады. 
Әдебиеттер 
1. Дәулетұлы А. Қуандық Түменбай. Нұрлы жол. – Қызылорда, 2010. – 110 б. 
2. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің ғасыры. – Астана: Күлтегін, 2002. – 582 б. 
3. Түменбай Қ. Қобыздың мұңы: хикаяттар мен әңгімелер. – Астана: Фолиант, 2008. – 360 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет