281
бақты. Демек, халықтың көзін ашатын, қоғамдық ақпараттардан хабар беретін, әлеуметтік
өзекті мәселерді ортаға салып шешетін газет шығару керек болды. Көзі ашық азаматтардың
көбеюі газет шығаруға алып келді. Газет шығарудағы басты мақсат – қазақты сақтап қалу.
Қоғамға қажеттілігінен қазақ зиялылары алғашқы саяси күреске баспасөз арқылы 1905
жылдары шыға бастады. Олар ұлттық басылымдары жоқ болғандықтан, алдымен «Ульфат»,
«Пікір», «Уақыт», «Шора», тағы да басқа татар журналдарында, «Смена», «Омич», «Голос
степи», тағы да басқа орыс газеттерінде көріне бастады. 1906 жылы кадет партиясының сьезіне
қатысуға Петербургке келген қазақ оқығандары осындағы қазақ зиялыларымен келісе отырып,
қазақ баспасөз орталығын ашуды ұйғарды.
Жалпы қазақ ұлттық баспасөзі қашан қалыптасқаны жөнінде ой қозғайық.
Көптеген
зерттеушілер бүгінгі күнге дейін қазақ баспасөзінің тарихын Ташкентте жарық көрген
«Түркістан уәлаяты» (1870-1882) газетімен байланыстырып келді. Аталған газеттердің
шығуының белгілі бір мақсаты болды. Газет патшалық Ресей тарапынан шығарылғандықтан,
газеттің мақсаты – ресми органдар арқылы халықты рухани отарлау. Оның дәлелі газеттің
бетінде жазылған мына сөз: «Газетті шығарудағы мақсатымыз – патша үкіметінің әкелген
қоғамдық ережесі, дала халқы өздері қалыптастырған ережеден анағұрлым озық екенін,
анағұрлым жемісті екенін көрсету үшін оларды рухани отарлап, ықпал ету.» Көп ұзамай
Омбыда «Дала уәлаяты» (1888-1902) газеті шыға бастады. Аталған газеттердің ерекшелігі бір
беті орысша, екінші беті қазақша/өзбекше болуында еді. Бұл газеттер – патша үкіметі
тарапынан қолдау тапқан ресми органдар арқылы халықты рухани отарлау үшін қолданылған
құрал қызметін атқарды. Десек те, қазақ баспасөз тарихының бастау арнасы осы екі газеттен
басталады.
Тарихтан білетініміздей, 1905 жылы патша манифесі жарияланғаннан
кейін баспасөз
еркіндігі пайда болды. 1907 жылы наурыздың 28 күні Мемлекеттік Думаның депутаты,
мұсылмандар партиясы жетекшілерінің бірі Шаһмардан Қосшығұловтың қолдауымен,
Әбдірашид Ибрагимовтың басқаруымен «Серке» атты қазақтың төл демократиялық газетінің
алғашқы саны жарыққа шықты. Бұл газеттің шығарылуына А.Байтұрсыновтың үзеңгілес інісі
Міржақып Дулатов барынша ат салысып, өзінің «Жастарға» өлеңін, «Біздің мақсатымыз»
мақаласын жариялады. «Серкенің» екінші саны жарық көрмей жатып, жабылып қалды. Оның
басты себебі “Біздің мақсатымыз” атты мақала деп есептейді зерттеушілер. Бар болғаны бір-
ақ саны жарыққа шыққанымен, «Серке» қазақтың бейресми, саяси бағыттағы демократиялық
баспасөзінің тұңғыш бастау көзі ретінде тарихтан өз орнын алды.
Ұлттық тәуелсіз баспасөзіміздің алғашқы қарлығаштары «Айқап» пен «Қазақ» газеттері.
Бұлар – қазақ журналистикасы тарихындағы толыққанды басылым болып табылатын,
ұлтының бостандығы жолында табанды күрес жүргізген саяси орган ретінде танылған
баспасөздер еді. Себебі олардың ғұмыры ұзақ болды. «Халықтың қай дәрежеде алға кеткендігі
халық арасында таралған газет, журнал һәм кітаптарынан білінеді», - деп Мұхаммеджан
Сералин айтқандай аталған қос баспасөз – ұлтты ағарту, ұлтты ұйымдастыру бағытындағы
өзінің барлық міндеттерін адал атқарды. Демек, ұлттық баспасөздің әуелгі мақсаты –
ағартушылық.
ХХ ғасыр – ұлттығымызды қандай ұлы мақсатпен сақтауымыз керектігін ұқтырған кезең.
Бұл кезеңде қазақтан шыққан мың жылда
бір туар перзенттер болмағанда, біз ұлтымызды
сақтап қала алмас едік. Алаш зиялылары – тәуелсіздік жолында сөзі мен ісі сай бірлікте
күреске шыққан қазақтың тұңғыш боздақтары. Қазақ руханиятында ойып тұрып орын алған
кемеңгер тұлға – Ахмет Байтұрсынов.Ахмет – ең алдымен ағартушы. Ол –поэзия мен ғылым
білімде ғана емес, көсемсөзде де ағартушы. Ол – егеменді елдікке жету үшін қандай істерді
жасау керек болса, бәрін де жасаған, Отанға, ұлтқа деген жанашырлықтың, қызметтің қандай
болуы керектігіне үлгі болған. Жанын да бәйгеге салып, барын берген, бар мақсаты – қазақты
сақтап қалу болып, істегі күресшілдікті, сөздегі ойшылдықпен біріктіре отырып, ел рухын
көтеріп, ұлттық сананың оянуына өлшеусіз үлес қосып, ұланғайыр енбек сіңірді.
«Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей - теңіз энциклопедиялық білім иесі,
қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа
282
бақыт
бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі –Ахмет» , - деп Мұхтар Әуезов
айтқандай, ең алдымен Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көсемі. [1]
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ басына төнген қатерлер бүтіндей бір халықты ұлт
ретінде жойылып кету тығырығына жеткізген болатын. Ол – жер, тіл, дін, оқу ағарту, және
басқа да бірқатар өзекті мәселелер. Бұның бәрі отаршылдықтың құйтұрқы саясаты. Осы тұста
«Қазақ» газеті ұлт зиялыларының соңғы үміті, соңғы тірегіне айналды. «Сөз - қару, сөзін
жұртты түзеуге жұмсай бастаған жұрттың өзі түзелуге бет алғанын көріп тұрмыз», – деп Ахмет
Байтұрсыновтың айтқаны да бекер емес. [2]
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың басшылығымен жарыққа шыққан «Қазақ» газеті – ұлт
ақыл-ойының қайнар көзі, өзінен кейінгі ұлт баспасөздеріне үлгі-өнеге бола білген басылым.
Сондай-ақ, ХХ ғасыр басындағы қоғамдық өмірдің барлық саласында өз із-бедерін қалдырған
ана тілінің қолданыс мәдениетін жоғары сатыға көтерген, әдеби тілдің жөнделіп, өріс аясының
дамуына үлес қосқан – мерзімді баспасөз. [3;78 бет] Аталған газетте зиялы қауым өкілдерінің
көсемсөздері жарияланды. Мәселен, А.Байтұрсыновтың мақалалары әртүрлі тақырып аясында
жазылған: бірі тіл мәселесі , бірі жер мәселесі жайында, енді бірі оқу-aғарту мәселелері болды.
Ахмет Байтұрсынов көсемсөз туындыларында бұл мәселелерді батыл үнмен ашық көтеріп,
көркем тілмен жарқырата көрсетті, әрі, ұлт рухын оятар азаттық идеясын қозғады.
Мақалаларды тақырыптық тұрғыдан жүйелеу үшін, сұрақ қою арқылы мәселені айшықтауды
жөн көрдік, мысалы:
∙
Жерді қалай сақтап қаламыз? деген мәселеге байланысты мақалалар: «5 мың десятина жер»,
«Жер мәселесі», «Земство», «Жер жалдау жайынан», «Көшпелі һәм отырықшы норма»,
«Қазақ жерін алу турасындағы низам» және тағы да басқа.
∙
Қазақ мектебі қандай болуы керек, қазақты қалай оқыту керек? деген мәселеге байланысты
мақалалары: «Бастауыш мектеп», «Мектеп керектері», «Қазақша оқу жайынан», «Қазақ
арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек», «Оқыту жайынан», «Білім жарысы», «Қай
әдіс жақсы?», «Баулу мектебі» және т.б.
∙
Халықты үкімет саясатынан қалай хабардар етеміз? деген сауалға байланысты мақалалар:
«Тағы да народный сот хақында», «Қазақ һәм ІV Дума», «Жәрдем комитеті», «Закон
жобасының баяндамасы», «Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан уақытша
положение», «Губернатор өзгертілуі», «Партия һәм кеңес құрылысындағы рушылдық әсері»
және басқа.
∙
Әскери тақырыпта: «Бұ заманның соғысы», «Соғысушы патшалықтар»;
∙
Сыни бағытта халыққа жазған мақаласы: «Қазақтың өкпесі»;
∙
Абайтанудың алғашқы туындысы болған мақаласы: «Қазақтың бас ақыны».
Көріп отырғанымыздай, Ахмет Байтұрсынов көсемсөзінің
тақырыптық ерекшеліктері
әртүрлі бағытталығында. Әртүрлі бағытта жазылған болса да соңында байланар түп қазығы,
негізгі идеясы–азаттық пен еркіндікті аңсаған Алаш идеясымен сабақтасқан. Демек, Ахмет
Байтұрсыновтың көсемсөздерінің басқалардан ерекшелігі, өзгешелігі басым. М.Әуезов: «А
хаң
ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиет тегі елшілдік ұраны –
«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген
еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын
істер болатын.Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды. Ахаң –
еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі – артынан келе жатқан жастар. Оның арты
Ахаң мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды
өзінің басшысы деп санайды», - деп ұлт ұстазына зор баға берген. [1]
Қорытындылай келе, «Ахмет көсемсөзі – тәуелсіз сана жемісі!» деп тұжырым жасауға
болады. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынов мақалалары – қазақтың бүтін бітімі, болмысы. Бүгінгі
Тәуелсіз жас мемлекет үшін Ахметтің өнегелі өмірі, шығармашылық мұрасы – ақ
жолымыздан адастырмас бағдаршам, темірқазық және ұлттық құндылық.Әр мақаланың
астарында ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, адалдық сезіледі.
Алаш идеясымен
ұштасып жатқан көсемсөздері кеудесінде рухы бар әр қазақтың санасын оятады.
283
Мақалалар өз кезінде ғана емес, әлі күнге дейін өте құнды. Бұл қаламгер мақалаларында
көтерілген мәселелердің өзекті екенін танытады. Ахмет Байтұрсынұлының қазақтың бағы
үшін жаралған тұлға екенін білдіреді. Өзі өлсе де, сөзі өлмейтін, құндылығына баға жетпейтін
ұлы мұраларды қалдыруы, бүгінгі күнге дейін халық игілігіне жарауы бұның бәрі Ахметтің
ұлтына шын берілгендігінің нәтижесі, жемісі екені анық.
Әдебиеттер тізімі:
1.
https://egemen.kz/article/305145-akhanhnynh-elu-dgyldyq-toyy
2.
https://aqiqat.kazgazeta.kz/news/10493
3.
https://martebe.kz/akhmet-baitursynuly-kham-qazaq-gazeti/
Достарыңызбен бөлісу: