Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет167/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

 
 
КҮРДЕЛІ УАҚЫТ ТУДЫРҒАН КҮРЕСКЕР ПЕРЗЕНТ – АХМЕТ 
БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАСЫ 
 
Туробова Гузаль Раджабмуродқызы
Ғылыми жетекші: Жахина Бария Бадыкқызы 
Ш. Уәлиханов атындағы Кӛкшетау университеті,Кӛкшетау қаласы 
turobova03@inbox.ru
 
 
«... Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтiн бала қайдан шықсын! Балам деп 
бағып, оқытып, адам қылғаннан кейiн, жұртым деп танымаса, сонда ӛкпелеу жӛн ғой. 
Аталық мiндетiн атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ 
баласы жоқ. Баққан – қазына, қазынаға борыштымыз деп жүр. Жастарды оқыту 
расходынан қашып, қазынаға борышты қылып қойса, жастарда не жазық? Баланы ұлша 
тәрбиелесең, ұл 
болмақшы. Құлша тәрбиелесең, құл болмақшы...». 
Ахмет Байтұрсынұлы 
 
XX ғасырдың басында қазақ халқының бір топ зиялы қауым ӛкілдері ғылым-білімді 
насихаттап, бала оқыту ісіне жарамды деген әдіс-тәсілдерді жинақтап, әдістемелік 
оқулықтар жазғаны бізге белгілі. Солардың кӛшбасында ӛнер мен ғылымның сан-саласын 
меңгеріп, езгіге түскен халқының азаттығы жолында тар жол тайғақ кешкен, қатыгез 
тағдырға елі үшін қайыспай қарсы тұрған, ӛз жанын қазақ үшін бәйгеге тіккен руханият 
ұстазы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, 
реформаторы, түркітанушы, публицист, аудармашы ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 
әдістемелік мұраларының алар орны ерекше. Ұлт ұстазы халқын надандық шырмауынан 
босатып, кӛзін ашу үшін халқын жаппай сауаттандырып, бала оқыту ісін қолға алу керек 
екенін ұғып, әдістемелік оқулықтар жазуды қолына алды. Бұл туралы тілші-ғалым Рабиға 
Сыздықова былай деп жазды: 
«Қысқасы, Ахмет Байтұрсынұлының өз тілімен айтқанда, 
«байға мал, оқығанға шен мақсат боп, жұрттың қамын ойлайтын адам аз» боп тұрғанда, 
қараңғы халқының сауатын ашып, білім беру жолын қалап алғандардың бірі, бірі емес, 
бірегейі өзі еді.» 
[1;2]. 
Ұлт ұстазы қазақ жерінде мектептер бар екенін, бірақ сол мектептерде мұғалімдер 
кӛмекші құрал ретінде қолданатын әдістемелік нұсқаулықтардың жоқ екенін білді. Ол 
ӛзінің «Қазақ» газетінде басылып шыққан мақаласында: 
«Мектептiң жаны – мұғалiм. 
Мұғалiм қандай болса, мектебi һәм сондай болмақшы, яғни мұғалiм бiлiмдi болса, бiлген 
бiлiмiн басқаға үйрете бiлетiн болса, ол мектептен балалар көбiрек бiлiм бiлiп шықпақшы. 
Солай болған соң, ең әуелi, мектепке керегi – бiлiмдi, педагогика, методикадан хабардар, 
оқыта бiлетiн мұғалiм. Екiншi, оқыту iсiне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы. 
Құралсыз iс iстелмейдi һәм құрал қандай болса, iстеген iс те сондай болмақшы. Iстiң 
толық жақсы болуына, құралдар сайлы һәм жақсы болуы шарт. Үшiншi, мектепке керегi – 
белгiлеген программа.»
[5;11]. Күрескер перзент ең алғаш мектептерде қазақ балаларына 
арнап тұңғыш ана тілінде оқулықтар жазды. Олардың арасында бала оқыту ісінде «Оқу 
құралы», «Жаңа әліппе», «Әліпби» және «Баяншы» еңбнетнрі маңызды рӛл атқарды. Бұл 
оқу құралдарында: Әдістің жаманы жоқ, бәрі жақсы екенін. Ең жаманы мұғалімнің бiр ғана 
әдiсті болу және ӛздігінен әдіс ойлап таба алмау екенін айтады да, бала оқыту ісіне жарамды 
болатын түрлі әдістерді кӛрсетіп және ол әдістерді мұғалім қалай сауатты пайдалану керек 
екенін кӛрсетеді. Ахмет Байтұрсынұлы ең бірінші назарын бастауыш мектепке аударады. 


311 
«Әліпби», «Қай әдіс жақсы?» еңбектерінде мұғалім бала оқыту ісінде мына мәселелерге 
ерекше назар аудару керектігін айтып мынадай кӛзқарастарын ұсынады: 
-
Ең бірінші бала мектеп табалдырығын аттағанда ең алдымен ана тіліне кӛңіл бӛлу керек 
екенін. Мектепте балға білім аудармасыз ана тілінде берілуі қажет екенін. Себебі егер 
мұғалім балаға ӛз ана тілінде сабақ ӛтпесе бірінші тіл содан соң ұлт ӛлетінін айтып, 
мұғалімге жауапкершілігі мол істі тапсырады. Сондықтан мұғалім ана тілінде оқыту 
дағдысын 1-сыныптан қолға алу керектігін айтады. Егер бастауыш мектепте мұғалім ана 
тіліне салғырт қараса онда баланың ойлау тілі ӛз ана тілінде емес бӛтен тілде болатынан 
айтады. 
-
Екінші, мұғалім балада жазу дағдысын қалыптастыру керектігі жайлы «Қазақ» газетінде 
адамға сӛйлей білу қандай қажет болса, жаза білудің сондай қажет екенін. Жазуы жоғалған 
халықтың түбінде тарихы да ӛзі де жойылып, құрып бітетінін айтады. Сондықтан жазу 
дағдысы бастапқы сыныптарда яғни бастауыш мектепте қолға алыну керек екенін айтады. 
-
Үшінші, бастауыш мектепте берілетін білім мен тәрбие ұлттық негізге, ұлттық санаға 
бағытталуын бала бойында ұлт жандылықты қалыптастыру керектігін айтады. 
-
Тӛртінші, мектеп оқулықтардағы және оқу материалдарында халықтық педагогика 
элементтерінің қамтылуын ескеру маңызды екенін. 
-
Бесінші, бастауыш мектептегі оқу барысын ұйымдастыруда пәнаралық байланысты 
жүзеге асыру,оны басшылыққа алу принципін кӛрсетеді . 
-
Алтыншы, бастауыш мектеп оқулықтарын жазуда, бала жанына жақын, тартымды жағын 
негізге алу шарт екенін. 
-
Жетінші, оқуды ӛмірмен, қоршаған орта, тұрмыспен жанастыру яғни байланыстырып 
оқыту керек екенін. 
-
Сегізінші, Оқуды ұйымдастыру оқушыны баулу негізде болып, тәжірибенің маңызды 
екенін. Яғни жалаң оқудан тәжірибеге емес, тәжірибеден оқуға бағытталуды басшылыққа 
алу керектігін атап кӛрсетеді. Әдіскер ғалымның бұл ғылыми-педагогикалық, ой-пікір, 
идеялары күні бүгінге дейін бастауыш мектепте қолданылып келе жатыр. 
Әдіскер ғалым «Ана тілінің әдісі» атты мақаласында ана тілін үйрету әдістерін былайша 
бӛліп кӛрсеткен: 
1)
Кей әдістердің негізі қосу, жинау болады, барша ол негізді әдістер жалпылау (синтез) 
немесе жиылыңқы әдіс теп аталады. 
2)
Кей әдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізді әдістердің бірі жалқылау (анализ) 
немесе айырыңқы әдіс деп аталады. 
3)
Кей әдістің негізінде қосу да, талдау да болады. Ондай әдістер жалқылаулы- 
жалпылаулы немесе айырыңқы-жиылыңқы деп аталады. Бұл бүгінде қолданылып жүрген, 
жаңартылған бағдарламаның жаңалығы «Блум» таксономиясына сәйкес келеді. 
Ұлт ұстазы «Баяншы» еңбегі I-бӛлімінде әріптерді меңгерту үшін мынандай 
әдістемелік жүйелі ұсыныстар айтады: 
-
Әрбір жаңа әріпті үйрету үшін, сол әріптен тұратын қысқа сӛз айтып, дыбысын 
айырбастау керек; 
-
Оны тақтаға жазу керек; 
-
Сол әріпі бар сӛздерді оқыту,жазғызу керек; 
-
Жазған кезде оқушы жіберген қателіктерді баланың кӛзінше түзеу керек; 
-
Әріптер мен әріп белгілерін,түрлі орында кӛбірек жұмсалатын сӛз бӛлшектерімен 
сӛйлем бӛлшектерімен жаза білу керек; 
-
Дәйекші керек қылмайтын дыбыстардың әріптерін білу қажет; 
-
Сӛздердің жекелік,кӛптік түрлерін таныту қажет; 
-
Кӛбінесе айтылатын сұрау сӛздермен танысу керек; 
-
Жеңіл сұрауларға жауап жаза білуге үйрету қажет; 
-
Сӛзге үлесетін сӛздер туғыза білу; 
-
Оңай туатын сӛздерді туғыза білу; 
-
Тасымалдаумен танысу; 


312 
-
Сӛздерді сыпырға (цифр), сыпырды сӛзге айналдыру жолдарын үйрету керек екенін 
айтады. 
А.Байтұрсынов ӛзінің ”Қай әдіс жақсы?” мақаласында: «Әдіс-керекшіліктен шығатын 
нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай.Мәселен, 
сауаттану әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттыңда 
сауаттау ісіне қолайлы, оларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің 
заңы,емілесініжүйесі бірдей болса,біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне де қолайлы болуы 
мүмкін. Егер де тілінің заңы,емлесі немесе әріпінің жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы 
болған сауаттау әдіс екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды», - дей келіп, 
дыбыс әдісі мен тұтас сӛзді әдістің қайсысы қазақ тіліне кӛбірек керек деген мәселенің 
мысалдар келтіре отырып береді де,осы екеуінің біріншісі(дыбыс әдісі)жақсы деп қортады. 
Ахмет Байтұрсынұлы зат есімді ӛте жеңіл балаларға түсінікті етіп түсіндірген. Ұстаз зат 
есімнің деректі түрін қолмен ұстап, мұрынмен сезіп, құлақпен естіген құбылыстардың бәрі 
деректі зат есім екенін айтады. Мысалы қазіргі қазақ тілі оқулығында дерексіз зат есімге 
жатқан күй, ән Ахметте деректі зат есімдер деп кӛрсетілген. Ахмет Байтұрсынов тіпті 
когнитивті ленгвистикаға да барған ол когнитивті лингвистиканы «ғаламды сӛзбен 
жеткізу»,- деп ӛте түсінікті жеткізген. Егер қазір біз үлкен профессорларды кіші буынға 
кіргізіп сабақ ӛтуін сұрасақ, олар кӛп дүниелерді түсінікті етіп жеткізе алмас еді. Ал Ахмет 
Байтұрсынұлы ӛте күрделі категориялардың ӛзін жеңіл әрі түсінікті етіп балаға жеткізген. 
Ӛзге оқыған замандастары ӛз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм иманын сатып 
жүргенде Ахмет халықтың арын іздеп,ӛзінің ойға алған ісі үшін басын бәйгеге тіккен.Ол 
педагог болып бала оқытып жүре беруіне болар еді, бірақ ол қараңғы бұлт аспанына 
үйірілген туған халқы үшін осындай жолды таңдады. Ӛз сүйген ұлттының тағдыры үшін 
күресіп, тайғақ жол кешіп, сүйген ұлтының сүйікті перзенті емес жауы атанды. Қорлықпен 
дүниеден озды. Ол ӛзі үшін емес халқы үшін аянбай тер тӛкті. 2021 жылы Режиссёр Мұрат 
Есжан басшылығымен түсірілген «Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмде Ахмет Байтұрсынұлы 
абақтыдағы соңғы кндері тергеуде кезінде: 
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет