Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


— №3 – Том II  (Психолого-педагогические науки), 2013 – 175-179 с.  БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет163/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

 
— №3 – Том II 
(Психолого-педагогические науки), 2013 – 175-179 с. 
БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
ДЕНСАУЛЫҒЫНА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ 
 
Тәңірберген А. 
Ғылыми жетекші: Жумабаева А. А. педагогика ғылымы магистрі, дәріскер 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
ak.erke00@mail.ru
 
Қазіргі уақытта барлық ересектер мен балалардың күндерінің көп бөлігін табиғат 
аясында емес, жабық кеңістіктерде өткізетіні бәрімізге мәлім. Мәселен, мектептерде 
оқушылар сыныптарда уақыттарын өткізеді. Заман талабы осы болса да, жабық кеңістікте 


299 
ұзақ уақыт отыру ауаның құрамында токсиндердің пайда болуына алып келеді. Себебі 
сыртқы ортамен салыстырғанда жабық мекемелерде зиянды заттардың мөлшері 5-8 есе көп. 
Бұл жағдайлар тек оқушы ағзаларында зиянды заттарды көбейтіп қана қоймай
психологиялық көңіл- күйлеріне, сабаққа деген қызығушылықтарының төмендеуіне де алып 
келеді[1]. 
Сынып бөлмесіндегі барлық зиянды заттарды толығымен жоя алмасақта, аз 
мөлшерде болсада тазартып отыру арқылы мектеп оқушыларынң денсаулықтарын 
сақтауымызға болады. Яғни, көпшілігіміз білетін негізгі денсаулық сақтау ережелерінің бірі 
кабинетті желдету мен оптимальды температураны сақтау жеткіліксіз. Жаз мезгілінде 
мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бояғыштармен сынып жиһаздарын бояйды 
және жаңа жиһаздарда алып келінеді. Бояғыштардың әсерінен бөлінетін зиянды қосылыстар 
мектеп оқушыларының денсаулығында кінәрәттарға алып келеді. Мәселен мынадай 
симптомдарға алып келеді: 
-
бас айналуы; 
-
бас аурулары; 
-
ұйқысыздық; 
-
тез шаршау; 
-
ашуланшақтық секілді ауруларға алып келетіні анықталған[2]. 
Сыныптағы жылытқыштар мен жарықтар ауаның ылғалдылығының төмендеп кетеді. 
Жоғарыда аталған мәселелердің алдын алу үшін кабинеттерде бөлме өсімдіктерін отырғызу 
керек. Өсімдіктер ағзаға санитарлық-гигиеналық және психологиялық-эмоциональды түрде 
әсер етеді. 
Санитарлық-гигиеналық жолмен ауа құрамын өзгертеді, шаң-тозаңдарды жоюға көмек 
береді, күннің тікелей түсуінен қорғап тұрады. 
Бөлме өсімдіктері улы заттарды түрлендіре отырып бөлмедегі ауа құрамын жақсартады. 
Осындай қабілеті бар өсімдіктердің жапырақ тақталары үлкен және саңылау сандары да көп 
болып келеді. 
Бөлме өсімдіктерінің негізгі ерекшелігі жабық орындарда ауа құрамының тарзалығын 
сақтап отырады. Көптеген органикалық ұшпа заттар, мәселен, формальдегид, ацетон, толуол 
және т.б. заттар кабинеттегі сөрелерден және орындықтар арқылы ауаға еніп, бас ауруын, 
аллергия, терінің қызаруына алып келеді. Әрине, өсімдіктер осы аурулардың барлығын 
толығымен алдын ала алмасада, ауаның құрамын өзгерте алады. Сонымен қатар, өсімдіктер 
ауадағы шаңдарды да басатын қабілеттері бар[3]. 
Улы заттарды түрлендіретін өсімдіктер тобына жатқыза аламыз: 
-
алоэ-90% дейін; 
-
филодендрон- 76% дейін; 
-
драцена-79% дейін; 
-
фикус, лалагүлдер-40-60% дейін улы заттарды жоя алады екен[4]. 
Кейбір бөлме өсімдіктері өздерінен ауру тудыратын бактерияларды жоя алатын зат-
фитонцидті ауаға бөледі және тыныс жолдарындағы бактерияларды жояды. Фитонцид - бұл 
биологиялық белсенді ұшпа зат. Олардың маңызы: ауадағы микроағзалардың тіршілігін 
жойып немесе өсіп жетілуіне кедергі жасайды. Бактерия мен вирустар осы фитонцидтің 
әсерінен тіршілігін жоятын ағзалар тобына жатады. Және фитонцидті бөлме өсімдіктері 
нағыз пайдалы өсімдіктер тобына жатады. Бұл өсімдіктер тыныс жолындағы ауруларға
иммунитетті көтеруге өз көмегін көрсетеді [5]. 
Ағзадағы микроағзаларды жоятын және мектепгі сынып бөлмелерінде өсіруге болатын 
өсімдіктер тобына жатқызамыз: 
-
пеларгония, бегония өсімдіктері бөлмедегі микроағзалдың-80% дейін 
азайтады; 
-
сансивьера-70% дейін азайтып отырады; 


300 
-
циссус-60% дейін; 
-
шырмауық- 30% дейін жоя алады. 
Ғалымдардың дәлелдеулері бойынша қоршаған орталары жасыл түсте болса, өздерін 
жайлы және қорғауда сияқты сезінеді. Қәзіргі таңда замануи цевилизацияның әсерінен 
адамдардың жүйкелерінде стресстік, шаршаулар, ашулануларды көптеп көріп жатамыз. 
Міне, осы сияқты мәселелерге өз жәрдемін бөлме өсімдіктері тигізеді. Жасыл түсті 
психологиялық тұрғыдан алсақ, адамның жанына жайлылық сыйлайды, бойындағы 
шаршауды, ашуланушылық қасиеттерінде басуға үлкен септігін тигізеді. Жасыл түс 
семантикалық тұрғыдан қарағанда, сенімділік пен қорғаушылықты білдіреді. 
Өсімдіктерде 97% - ке дейін булану жүреді. Осылайша, нефролепис, фатсия, циперус, 
фикус, драцена, гибискус секілді гүлденбейтін өсімдіктерде транспирация процесі жоғары 
дәрежеде жүреді және қыс мезгілінде кабинетке ылғалды ауа деңгейін жоғарылатады[6]. Егер 
балалар өздерін мектепте жиі жайсыз сезінетін болса, онда кабинеттегі СО
2
концентрациясын 
тексеру керек. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, көмірқышқыл газы мөлшері кабинетте 
концентрациясының аз болуы оқушылардың денсаулығына зиянын тигізеді. Алайда, 
кабинетте бөлме өсімдіктерін шамадан тыс көп қойылатын болса, денсаулыққа кері әсерін 
тигізеді. Себебі өсімдіктер тек фотосинтез процесінде ғана оттегіні бөліп шығарады да, ал, 
қалыпты жағдайда олар барлық жануарлар, адамдар секілді тыныс алады. Бір бөлмеге 30 түрлі 
өсімдіктің түрін зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып,қоя аламыз. Бұл нәтиже бойынша бір 
адамның тыныс шығарғанда бөлетін көмірқышқыл газын шығарады. Жоғары да айтылғандай, 
нәтижесінде мекемеде көмірқышқыл газының концентрациясын төмендетуге ат салысады. 
Айтылған барлық ақпараттар бойынша көбіне өсімдіктердің пайдалы тұстарын 
қарастырдық. Алайда тек пайдалы ғана емес мектеп оқушыларының денсаулықтарына кейбірі 
зиянын да тигізіп жатады. Сондықтан да өсімдіктерге қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз 
қажет. Мәселен, улы өсімдік олеандрды алатын болсақ, ол өзінен улы шырын бөледі. Осы 
өсімдіктен бұтақтар мен жапырақтарына қол тигізбеу арқылы сақтану керек. Терілері қатты 
сезімтал оқушыларға кәдімгі примула өсімдігі зиянын тигізеді. Диффенбахи (Dieffenbachia) 
өсімдігіне ерекше сақтану керек, себебі ол өзінен улы шырын бөледі. Сыныпта Сүттігенді (лат. 
Euphorbia) өсіруге болмайды, себебі бұл өсімдікте өзінен улы шырын бөледі. 
Бөлмеде өсімдіктерді өсіргенде олардың ерекшеліктерін ескеру керек. 
Бөлме өсімдіктері сонымен қатар декоративті және көңіл-күй сыйлайды. Және бірнеше 
топтарға бөліп қарай аламыз. 
1.
Жағымды хош иіс шығарушылар: 
Хош иістер негізінен адамға физикалық және моральды түрде әсер ете отырып, адам 
денсаулығын жақсартады. Сол себепті сыныпта хош иісті лимон секілді цитрусты бөлме 
өсімдіктерін өсіре аламыз. Эфир майы бар өсімдіктері ағзаға тыныштық сыйлайды. Бұл 
өсімдіктер қатарына Қазтамақ (Geranium) жатқыза аламыз[6]. 
2.
Түстер үйлесімділігі бойынша: 
Түстер үйлесімділігі бойынша жоғарыда айтылған жасыл түстің пайдасы жіне 
гүлдердің ашылған күлтері оқушыларға көтеріңкі көңіл сыйлап тұрады. Сонымен қатар бөлме 
өсімдіктерін сабақ барысында қолдануға болады[6]. 
Жоғарыда айтылған мәліметтер бойынша, бөлме өсімдіктерінің адам ағзасына әсерінің 
тигізетін пайдасы өте мол. Тек қана денсаулыққа ғана емес көңіл-күйіміздің жоғары болуына 
әсер ететіні мәлім. Мектеп оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын денсаулықтарын 
сақтай отыра, арттыруымызға болады. 
 
Әдебиеттер 
1.
Кувшинов Ю.Я., Самарин О.Д. Основы обеспечения микроклимата зданий. Из-во: 
Ассоциации строительных вузов, 2014. -203 с. 


301 
2.
Власенко Е.А. Целительные свойства комнатных растений. М.: ОЛМА Медиа групп, 2012. 
-224с. 
3.
Воронцов В.В. Целительные комнатные растения. М.: Фитон+, 2004. - 144 с. 
4.
Нгеер Я.В. «Всё о комнатных растений, очищающих воздух». Санкт- Петербург: 
Кристалл , 2009. -128 с. 
5.
Быховец С.Л. «Энциклопедия комнатных цветов» Из-во: «ЭКСМО», 2010. -400с 
6.
С.Ю. Афонькин «Самые удивительные растения»,Из-во:Балтийская книжная компания, 
2015. -80с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет