Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ОҚУШЫЛАРДЫ ФИЗИКАДАН ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК



Pdf көрінісі
бет165/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

ОҚУШЫЛАРДЫ ФИЗИКАДАН ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК 
НҰСҚАУЛАРЫ 
Төлеген Е.Е. 
Ғылыми жетекші: Шуюшбаева Н.Н. PhD докторы, профессор 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
ggwpernaz@gmail.com
 
Қазіргі заман талабына сай орта мектептегі білім мазмұнының құрылымын әдістемелік 
жағынан толықтыру мен дамытуды қажет етеді. Осы орайда бүгінгі күннің өзекті 
мәселелерінің бірі мектеп оқушылардың ой өрісінің даму деңгейін көтеру, олардың ғылыми 
танымдық іс-әрекеттерін белсендіру, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін 
жасау болып табылады.
Физика пәнi мұғалімінің мамандық сипаттамасына, бітірушінің біліміне, қабілеті мен 
машығына қойылатын негізгі әдістемелік-ғылыми талаптар енгізілген, атап айтқанда мектеп 
бағдарламасы бойынша қиындығы әр түрлі дәрежедегі есептерді шығару шеберлігі, оларды 
шығару әдістерін білу қарастырылған. Физикадан олимпиада есептерін шығару оқушылардың 
оқу материалдарын саналы түрде терең игеруіне қолайлы жағдай туғызады. Олардың алған 
білімдерін пайдалана білу қабілетін қалыптастырады және бекітеді. Сонымен қатар есептерді 
шығару оқушылардың өздігінен ойлануын, қиыншылықтарды жеңуге деген жігерін және 
табандылығын арттыру құралдарының бipi болып есептелініп, оқу процесін жақсарта түседі.
Физикадан олимпиада есептерін шығарудың талаптары:

Физика пәні бойынша негізгі заңдарды білу;

Абстрактілі және логикалық ойлау;

Физикалық интуиция;

Математикалық білімнің болуы;
Есептерді шығарудың жалпы түсіндірмелі болмаса да, белгілі бір сызбанұсқамен 
жұмыс жасаған тиімдірек. Менің ойымша келесідей алгоритм бойынша жұмыс жасаған 
тиімдірек:
1)
Есептің берілгенін белгілеп, көз алдына елестету.
2)
Физикалық өлшемдердің қысқартылған жазбасын көрсету.


305 
3)
Есепте берілген жағдайларды сызба, сызбанұсқа, сурет, түсіндірмелі үрдіс 
ретінде бейнелеу.
4)
Теңдік жүйесін жазу.
5)
Векторлық ұғымдар болса, салыстырмалы түрде скаляр теңдіктерді қолдану.
6)
Берілген есептің нәтижесін өлшемдері мен ерекшелігіне қарай болжамдап 
шешу.
7)
Жауапты алу мақсатында керекті болған жағдайда зерттеулер жүргізу.
8)
Барлық өлшемдерді халықаралық бірліктер жүйесіне (ХБЖ) келтіру.
9)
Бірнеше формулалар мен теңдіктер келтіргенде, жалпы формуланы қорытып, 
шығара білу.
Бір есеп бірнеше әдіспен шығарылуы мүмкін. Кейбір есептердің шешімінде белгілі бір 
физикалық өлшемдер ескерілмей қалып жатады. Олар: үйкеліс күші, кері итеруші күші, 
атмосфералық қысым, беттік керілу күші, сұйықтардың тығыздығы. Осындай жағдайда, есеп 
толық емес мағынада қолданылуы мүмкін. Есепті шешу барысында мына мәселелерге көңіл 
аудару қажет:

Есепті талдап, жоғарыда көрсетілген сызбанұсқаның талаптарын қатаң 
қадағалау.

Есепте берілмеген өлшемдерді табамын деп уақытты зая кетірмеу.

Есептің шешімі бола алатындай теңдеу жүйелерін және теңдеулерді қолдану 
керек. 
Берілген есепте бірнеше күштер кездесетін болса, онда оны шешу барысында 
энергияның және айналу, сақталу заңын қолданған тиімді.
[1] 
Физика есептерін мазмұны, мақсаты, сұрақты зерттеу тереңдігі, шешу жолдары, 
шарттарды белгілеу тәсілдері, қиындық дәрежесіне сай жіктеуге болады. Шешу әдісі бойынша 
сапалық, эксперименттік, сандық және графикалық есептер болып ажыратылады. Оларды 
шығару барысында бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдану уақытты тиімді пайдаланумен қатар, 
оқушының жан-жақтылығын дамытады.
Әр түрлі деңгейдегі физикалық есептерді шешу әдістерін таңдау мақсатында мынадай 
міндеттерді іске асыру қажет: 
1. физикалық есептерді шешу әдістерінің сипаттамасын қамтитын әртүрлі 
дереккөздерді тауып, саралау; 
2. әр түрлі деңгейдегі физикалық есептерді шешудің ең ұтымды әдістерін таңдау; 
3. өздігінен әр түрлі әдістермен шешуге арналған тапсырмалар жиынтығын жасау.
[1] 
Олимпиадаға қатысатын оқушыларды таңдауда олардың жоғары интеллектуалды және 
есептерді шығарудағы зерттеу ерекшелігі ескеріледі. Таңдаулы этаптағы кейбір есептер 
олимпиаданың ерекшелігін бейнелеп, оны шешуде шағын ғылыми жұмыс жүргізілуін талап 
етеді. Экспериментальдық (тәжірибелік) есептер негізінен 3 типке бөлінеді:
1)
Дененің белгілі бір параметрін өлшеу; 
2)
Бірнеше физикалық өлшемдердің тәуелділігін анықтау; 
3)
«Құпия жәшіктің» электрлік, оптикалық, кинематикалық сызбанұсқаларын 
анықтау. 
Теориялық тур тапсырмасынан мысал келтірейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет