455
саумалының құрамында «С» дәрумені мол. Қазіргі таңдағы иммунитеттің қорғаны, вирустың
алдын алушы да осы дәрумен екені белгілі. Сол себепті, өкпе-тыныс ауруларымен ауырған
адам ең бірінші саумал ішкені дұрыс. Ғылымда қымыздың пайдасы мен емдік негіздері
ашылған сәттен бастап барлық дәрігерлердің нұсқаулығында дәрі-дәрмек ретінде көрсетіліп
келеді [2].
Қымыздың органолептикалық қасиеттеріне: сыртқы түрі, иісі, дәмі, консистенциясы
жатады. Ашыту сәтінен бастап әбден иіні қанып піскенге дейінгі уақытына қарай қымызды:
әлсіз, орташа және күшті деп үш категорияға бөледі, олардың
әрқайсысының өзіне тән
органолептикалық қасиеттері болады. Әлсіз қымыз қоюлау, газы аз болады, дәмі болар-
болмас қышқылдау келеді, тілді қуырмайды, тұнған кезде екі түрлі: төменгі қоюлау, жоғарғы
– сұйықтау қабаттар пайда болады. Оның құрамында 1% этил спирті болады. Орташа қымыз
газға бай,
дәмі қышқыл болады, құрамында 1,5% этил спирті болады. Күшті қымыз аз
көпіршиді, дәмі соғұрлым қышқыл әрі өткір келеді, стақан қабырғаларына әлсіз көпіршік
болып тұнады және екі бөлікке бөлінбейді, құрамында 1,75 – 3,0% дейін этил спирті болады.
Жылқы шаруашылығының басты өнімі – сүті. Түркі халықтары
этнографиясын зерттеуші
Л.П.Потапов былай деп жазған: «Қымызды ойлап тапқан көшпенділер, себебі нағыз көшпенді
тұрмыс шыдамды да, жүріске мықты жылқы өсірумен байланысты болды [3]. Көшпенді
тұрмыста бұл жаңалыққа тап болу әсте қиын емес еді. Сауып алынған бие сүтін тері ыдысқа
құйып (саба), көшіп жүргенде ыстық күнде шайқалған сүт өзінен-өзі қымызға айналған.
Шайқалған сүтті ішіп көрген
көшпенді шөлін қандырып, жан сарайын ашып, денсаулығын
нығайтып, көңілін көтергенін байқаған. Олар сөйтіп қымыз жасаудың әдістерін жетілдіре
берген. Негізінде қазақтарда қымыз ашытудың осы көне әдісі әлі күнге
дейін сақталған,
қазақтар әлі күнге дейін қымызды тері ыдыстарда сақтайды және ұзақ көште тері ыдыста үнемі
бірқалыпты шайқалып, көбіктеніп тұрған қымыз ең дәмді деп саналады».
Достарыңызбен бөлісу: