Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРМЕН ЭЛЕКТР



Pdf көрінісі
бет242/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРМЕН ЭЛЕКТР 
ЖӘНЕ МАГНЕТИЗМ ТАРАУЫ БОЙЫНША ЖОБА ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Тыныштық Шұғыла, Бекмырза Мерейім, Сексенбай Жансая 
Ғылыми жетекшісі:Калиева Алия Қажмуқанова 
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті КеАҚ 
oshuga@internet.ru
  
Балалар университеті – балаларға арналған ғылыми білім беру, шығармашылық және 
дамытушылық бағыттар бойынша, мектеп бағдарламасынан тыс қосымша білім беруді
жүзеге асыратын маңызды жоба. Бүгінде мұндай жобалар әлемнің көптеген дамыған елдерінде 
табысты жұмыс істеп, өз нәтижесін беруде. Осы оң тәжірибені ескере отырып, Шоқан 
Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде балалар университеті өз жұмысын жасай 
бастады. 
Балалар университеті – балаларды жоғары білім беруді жаңғырту үдерісіне қосу. 
Бүгінгі таңда ғылым мен білім саласындағы қабылданған шешімдердің барлығы ертеңгі 
студенттер мен зерттеушілер үшін маңызды. 


452 
Жобаның мақсаты- балаларды қызықты және түсінікті түрде ғылыммен және заманауи 
технологиялармен таныстырып, заманауи мамандықтарды таңдауға бағыт-бағдар беру, 
зерттеушілікке үйрету және оларды университетке түсуге дайындау. Жоба тәжірибеге, 
көрнекілікке, интерактивтілікке және бұқаралық сипатқа негізделген әдеттегі мектептен 
өзгеше білім беру әдістемесін ұсына отырып, балалардың білуге қызығушылығын дамытуға 
көмектеседі. Оқушылар білім әлемінде бүгінгі күн талабына сай бағдарламалармен танысады. 
Мұнда баланың таланты ашылып қана қоймайды, сонымен бірге олар жастайынан 
болашақтағы мамандығын дұрыс таңдауға негіз жасайды. 
Жоба физика бағытында өтті. Онда мектеп оқушылары университтетегі физика пәнінің 
мұғалімдері мен студенттері жұмыс жасады. Бірінші күні тәжірибеге толы көрме өтті. 
Көрмелердің оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де маңызы зор екені тәжірибе жүзінде 
байқалды. Мұндай көрмелердің жалпы алғанда мектеп үшін де маңызы үлкен. Көрмеде түрлі 
эскперимент жасауға арналған аспаптар, физикаға қатысты құралдар және аспаптардың 
модельдері, т.с.с нәрселер тұрды. Яғни көрмеде оқушыларға физикалық заңдардың қалай 
орындалатынына қатысты дәрістер айтылады және тәжірибелер көрсетіледі. Келесі 
келгендерінде физика туралы дәрістер, қызықты мәліметтер оқылып, өз қолдарымен тәжірибе
жасауды көрсетеміз. Яғни оқушыларға тәжірибеге қатысты құрал-жабдықтарды және оны 
қалай жасау керек жайында түсініктеме қағаз береміз. Олар түсініктеме қағазға қарай отырып 
физикалық тәжірибені өзі жасай алады және қиыншылық тудырған жағдайды жетекшісінен 
сұрай алады. Бұл жоба оқушылардың физиканы толықтай тануына, қыр-сырларын түсінуіне 
үлкен мүмкіндік береді. 
Жоба жасау барысында атқарылған жұмыстың бір бөлігін түсіндіре кететін болсақ. 
Біздің тәжірибенің тақырыбы “Желден жарық алу” болатын. Ең алғаш оқушылардан жарықты 
қайдан алатыны жайлы сұрақ - жауап болды. Ойларын білгеннен кейін жарық жайлы бірнеше 
қызықты мәліметтер айтылды, яғни жарықтың қайдан алатынын және қалай алуға болатынын 
түсіндірдік. Түсіндіріп қана қоймай соны дәлелдеп көркеттік. Жұмыстың орындалу ретінен 
бастап аяқталуына дейін түсіндіреміз. Алдымен керекті құрал-жабдықтарды түгендеп аламыз. 
Бұл тәжірибені оқушылармен бірге жұмысты жасау барысымыз сәтінен: 


453 
Тәжірибе барысында бұл жоба оқушыларға қиыншылық тудырмағанын айтқан 
болатын.. Және осы тәжірибені жасау арқылы оқушылардың үй жағдайында жасағылары 
келеді ме жоқпа? Қызықты болды ма? Деген сұрақ қою арқылы олардың қызықты болғанын 
байқадық. Олардың физикаға қызығушылығының оянғанын және тағы да басқа тәжірибелік 
жұмыстармен айналысқысы келетінін айтты. Яғни физикаға қатысты, тек физика емес жалпы 
білімді, ғылымды үйренгісі, көргісі, білгісі келетінін айтқан болатын. Оқушылармымыздың 
білімге құштарлығы бізді қуантады, себебі білімді жас ұрпақтың болашағы жарқын болмақ. 


454 
Бұл жоба біз үшін кішкене болсын жетістік, себебі бізге әрбір баланың ғылымды
білімді үйренгісі, көргісі келетіні қуантады. Болашақта оқушылардың өте дарынды, талантты, 
зерек болатындарына мен нық сенемін, себебі оқушылар білсем, үйренсем екен деп білімге 
құштарлығы өте керемет байқалады. 
Қортындылай келе бұл жоба арқылы біз өз жеткіншектерімізді ғылымға, білімге 
қызықтыра аламыз. Елдің жарқын болашағы білімді ұрпақтан басталары хақ. Болашақ-мына 
біз, жастардың қолында! Ел іргесі берік болсын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет