Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет370/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

 
1
Закон
 
об образовании Республики Казахстан (с изменениями и дополнениями по 
состоянию на 12.01.2023 г.) 
2
Войтюк Д. К. Влияние рефлексии на формирование психологической готовности 
личности к профессиональной деятельности: Дисс. ... канд. психол. наук. Новосибирск, 2004. 
224 с. 
3
Деркач А. А. Акмеологические основы развития профессионала. М.: Московский 
психолого-социальный институт. Воронеж: НПО «МОДЭК», 2014. 752 с. 
4
Климов Е. А. Профессиональное самоопределение личности // Интеллект и творчество: сб. 
научн. трудов. М.: ИП РАН, 1999. С. 239-254. 
5
Леонтьев Д. А., Шелобанова Е. Ф. Профессиональное самоопределение как построение 
образов возможного будущего // Вопросы психологии, 2001. № 1. С. 57-66. 
6
Миронова-Тихомирова А. С. Психологическая структура карьерной готовности 
выпускника вуза: Дисс. ... канд. психол. наук. Хабаровск, 2021. 161 с. 
7
Шамионов Р. М.Психология субъективного благополучия. Саратов: Саратовский 
университет, 2019. 15 с. 
8
Дуйсенбеков Е.Б., Байкулова А.М. Профессиональная ориентация и профессиональное 
самоопределение как психолого-педагогическое явление и процесс. Вестник Казахского 
национального женского педагогического университета. 2020;(1):169-174. 
Ы.АЛТЫНСАРИН ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ "ЖАҚСЫЛЫҚ" ПЕН "ЖАМАНДЫҚ" 
КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ
 
Әзімбай Г.Қ. 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
Ғылыми жетекшісі: педагогика және психология магистрі Г.Ж.Искакова
g-mail:
 
gulbarshynazimba@gmail.com
 
Қазіргі таңдағы бастауыш сынып оқушыларымен бірге әдебиеттерді талдау жастарды 
адамгершілік және рухани дамытудың тиімді жолы ретінде, сондай-ақ жастардың жаңа білім 
мен дағдыларды игеруіне мүмкіндік беретін бастауы ретінде оқушыларды кеңінен тарту 
мәселесі өте өзекті. Болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, тәрбиелі адамзат ретінде 
дайындау, таланттарын ашу, өзін-өзі жүзеге асыру және көшбасшылыққа тәрбиелеу қажет. 
Осы бағыттағы зерттеулердің салмағы да, әсіресе, соңғы кезеңдерде басымырақ түсуде. 
Мұның негізгі себептері оқушыларға тек имманенттік тұрғыдан ғана емес, оның қоғамдық-
әлеуметтік сипаттағы коммуникативтік қызметімен тығыз байланысты кешенді де күрделі 
сипатына да мән берумен түсіндіріледі.
Ұлттың философиясын, тарихын, мәдениетін, менталитетін, тілін зерттеуде халық ауыз 
әдебиетінің маңызы зор. Фольклорда тіл арқылы ұлттың әлемді танудағы когнитивтік бейнесі 
көрініс табады. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты жетілдіре тәрбиелеуде ауыз 
әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білім беріп, тәрбиелеуде мәнінің зор 
екені сөзсіз. Ертегі,әңгіме арқылы балаларды адамгершілік жақсы қасиеттерді 
қалыптастыруға болады деп есептеймін. Жақсы істерге ұмтылу, жаман қылықтардан аулақ 
жүру, өнегелі мәдениетті азамат болуға тырысу ол оқушылардың әңгіме мәтінін қалай 
түсінгеніне немесе оқушыларға берілетін ертегі әңгімелердің дұрыс талдануына да тікелей 


679 
байланысты. Сондықтан адамгершілікке кір келтіретін мінездер: әдепсіздік, жеңілтектік, екі 
жүзділік, көрсеқызарлық, опасыздық, өркөкіректіктен қашанда аулақ болуға үйрету де 
оқушыларға берілетін кітаптардың да дұрыс таңдалуымен байланысты. 
Ең алдымен, жақсылық пен жамандық концептілеріне тоқталмас бұрын концепт сөзіне 
анықтама бере кетейін.Ғалымдар "концептіге" төмендегідей анықтама береді: 
«концепт – адам санасында қалыптасатын, сөйтіп, сол адамның этникалық ортасы болып 
табылатын ортаның барлық мүшелері үшін белгілі бір түсінік, ұғым болып орнығатын идеал 
мән. Вербалды құралдар арқылы жеткізілгенде концепт кодталған мәтін түзеді деп санауға 
болады; ол – нақты бір этникалық орта мүшелерінің стандартталған мінез-құлқы; белгілі бір 
құбылыс туралы пайымдап, қабылдауларының ортақ болуы» [1, 85]. 
Орыс ғалымдары З. Д. Попова мен И. А. Стернин, концепт терминіне келесідей анықтама 
береді: "адамның ойлау кодының негізгі бірлігі болып табылатын дискретті ментальді білім,
реттелген ішкі құрылымы бар, белгілі бір зат немесе құбылысқа қатысты ақпаратты қоғамдық 
сананың түсінуі және қоғамдық сананың осы құбылысқа немесе ақпаратқа қатынасы жайлы 
кешенді, энциклопедиялық ақпаратты тасымалдайтын жеке тұлға және қоғамның танымдық 
(когнитивтік) қызметінің нәтижесі болып табылады [2, 136]. 
Ю.С. Степановтың пікірінше, "концепт ‒ біздің санамызда бұрыннан таныс мазмұн 
тудыратын ұғым, бұл мәдени жағдайдың сипаттамасы.Е.С.Кубрякованың "Когнитивті 
терминдердің қысқаша сөздігінде": концепт ‒ біздің санамыздың психикалық немесе 
психикалық ресурстарының бірліктерін және адамның білімі мен тәжірибесін көрсететін 
ақпараттық құрылымды түсіндіруге қызмет ететін термин; жадының жедел және мазмұнды, 
ментальді сөздік қорының, концептуалды жүйесі мен ми тілінің (lingua mentalis), адам 
психикасында көрініс тапқан әлемнің бүкіл бейнесінің бірлігі" [3, 342]. 
Н.Н.Болдырев тұрғысынан концептілер «ойлау процесінде адам тірек ететін идеалды, 
абстракцияланған бірліктер деп түсініледі. Бұл бірліктер алынған білімнің мазмұнын, 
тәжірибенің, адамның барлық іс-әрекетінің нәтижесінен тұрады және оны қоршаған әлем 
туралы білімінің нәтижесін көрсететін бірліктер, білімнің «кванттары» түрінде көрсетеді. 
Адам концептілермен ойлайды» [4, 289]. 
Бұл тұжырымдар, біздің ойымызша, бір-бірін жоққа шығармайды, керісінше толықтырады. 
Аталған терминдерге берілген анықтамалардан, екі терминнің айырмашылығы анық көрініп 
тұр, ұғым болмыс заттары мен құбылыстарын жалпылама түрде белгілейтін ой және 
логикамен тікелей байланысты, ал концепт таныммен байланысты құбылыс. Бұл бірліктер 
біртұтастықта мәтін құрылымындағы белгілі бір ұғымның репрезентативті негізін көруге және 
сипаттауға мүмкіндік береді. 
"Жақсы", "жақсылық" лексемаларының антонимі ‒ "жаман", "жамандық", "зұлымдық". 
Ертегілерде жақсылық пен жамандық, қаһарман мен зұлым параллель суреттеледі. Барлық 
ертегілерде жақсылық зұлымдықты жеңіп, ертегі соңында бақытқа кенеледі. Жақсылық пен 
жамандық лексемаларының лингвистикалық түсіндірілуіне келсек, жақсылық дегенде игілік, 
амандық, мейірімділік, адалдық, пайда, бақыт, сәттілік, парыз, жақсы, игі іс, жақсы қарым-
қатынас, молшылық, келісу деген ұғымдармен нақтылана түсетін «бәрі жақсы, оң, 
адамгершілілік (жамандыққа қарама-қарсы)» сияқты жалпы компоненттер бөлініп шығады.Ал 
жамандық лексемасының жалпы компоненті: бәрі жаман, нашар, өнегесіз, адамгершілікке 
жатпайтын (жақсылыққа қарама-қарсы). Және ол мына компоненттер арқылы нақтылана 
түседі: зиян, қырсық, бақытсыздық, кінә тағу, жағымсыздық, жаман сезім, ыза, ашу, өкініш, 
күнә, кек, өкпе, қуланушылық. Байқағанымыздай, «жақсылық» пен «жамандық» 
концептілерінің өрісі кең және бұл пікірді көркем шығарма негізделеді ‒ Жақсылық пен 
Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, 
Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен 
Азғындық, Тұтастық пен Бірлік.
Жақсылық пен жамандық ‒ жеке адамдар мен әр түрлі топтардың іс-әрекеттеріне, 
әлеуметтік құбылыстар мен қатынастарға адамгершілік тұрғысынан берілетін этикалық баға. 
Жақсылық деп белгілі бір қоғам (не белгілі бір топ) адамгершілік деп танып, жалпыға өнеге 


680 
ететін іс-қимылдарды айтады. Жамандық деп, керісінше, адамгершілікке лайықсыз деп 
танылатын іс-әрекеттерді айтады. Осы екі ұғымның мәнін түсіндіру, олардың 
арақатынастарын айыра білуді іздеу барлық халықтар арасында ерте кезден-ақ 
басталған.Ендеше жақсылық ‒ адамгершілік пен арлылықты сипаттайтын жалпы ұғым деп 
түсінетін болсақ адамға жағымды нәрселердің бәрі жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады 
деп есептеуге болады . Осы жалпы қасиеті арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат-мүлдесіне, 
арман-тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке 
адамдардың іс-әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамдардың өзара байланыстарына 
тиісті баға беріледі. Жақсылық әр түрлі деңгейде тұлғалық қасиеттердің ізгілігін айқындайды 
деп атайтын болсақ, бұл ұғым әлеуметтік психология мен әдептану ғылымдарында жиі 
қолданылады және адамның жас ерекшелік, ұлттық, жыныстық (гендерлік) өзгешеліктерімен 
байланысып жатады. Жақсылық ұғымы педагогикалық психологияда да, этнопсихологияда да 
жиі қолданылады. Бұл ұғым бұрын-соңды шыққан әлем және төл тіліміздегі психологиялық 
сөздіктерде орын алмауы бұл мәселенің әлі де тыңғылықты зерттелмегенінің айғағы деп те 
айтуға болады емес пе? Мен өз жұмысымда бұл мәселенің әртүрлі авторларда әртүрлі уақытта 
қалай көрінетінін байқауға тырыстым. Әрине, жеке ертегілер мен шығармаларға ғана 
толығырақ тоқталамын. Бірақ ғасырлар бойы халық даналығын, оның үмітін, тілегін арқау 
етіп, ауызша халық шығармашылығы туындыларын жасаған халық. Жақсылық пен зұлымдық 
ұғымдары этика сияқты ғылыммен тығыз байланысты, бірақ бұл қасиеттердің өмірде 
қаншалықты маңызды екенін және олардың бізге не үйрететінін кітаптардан, ертегілерден, 
аңыз әңгімелерден оқып біле аламыз. Балалар әдебиетінде де балаларға ұсынылған ертегілер - 
жақсылықтың жамандықты жеңетініне, әлемде тыныштық пен бибітшілік орнап жайбырақат
күй кешетініне негізделген. Кез-келген ертегі немесе әңгіменің аяқталуы белгілі бір идеяны 
мақсатты көздейтіні анық. Жақсылық пен зұлымдық мәселелерін ой елегінен өткізе отырып, 
мен әрбір шығармада дерлік осы мәселе бар деген қорытындыға келдім және мен осы 
ертегілерге сүңгігім келді, өйткені жақсылық пен жамандықтың мәнін түсінбей тұрып, біздің 
өміріміздің мәнін де түсіну мүмкін емес. Әлем немесе ондағы әрқайсымыздың рөліміз мәлім. 
Онсыз ар, намыс, имандылық, әдептілік сияқты ұғымдар мағынасын жоғалтады. Жақсылық 
пен жамандық туралы шығармалардың маңызын дәлелдеу үшін мен бірнеше түрлі ертегілер 
мен жазушылардың бірнеше шығармаларын талдап, зерделеуге тырыстым. Нақтылайтын 
болсақ жаңа қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Ы.Алтынсариннан бастау алып одан 
кейін басқа жазушылар мен ақындардың ертегі әңгіме шығармаларына тоқталдым:
І.Жансүгіров, М. Әлімбаев, Қ. Мырза Әлі, Т. Молдағалиев, Е. Өтетілеуов, Б.Соқпақбаев, 
М.Қабанбай және С.Торайғыров. Неліктен мен Ыбырай Алтынсарин мен Бердібек 
Соқпақбаевтың жұмысына жүгіндім? Олардың шығармаларында біздің өміріміздің ең күрделі 
мәселесі: жақсылық пен жамандықтың бітіспес күресі қойылған.Шығарма авторларының 
көтерген жақсылық пен жамандық тақырыбы қашанда өзекті. Сондықтан мен үшін бұл 
тақырыппен жұмыс істеу өте қызықты болды, мен өзім үшін көптеген жаңалықтар аштым, 
әртүрлі кейіпкерлер мен кездестім, өмірде жақсылық пен жамандық ұғымының не екенін 
түсіндім. Әдебиетіміздің кез келген шығармасы негізінен осы екі ұғымды қамтиды: жақсылық 
пен жамандық.Сондықтан қазақ жазушылары өз шығармаларында жақсылық пен зұлымдық 
мәселесін жиі көрсетіп, әрқашан адамдарға өз кейіпкерлерін мысалға ала отырып, зұлымдық, 
жеке мүдде мен көреалмаушылық неге апаратынын және, әрине, бізге жақсылық не беретінін 
көрсеткісі келді.Ол әртүрлі ертегі әңгімелеріндегі жақсылықтың зұлымдықты жеңуі халықтың 
тұрақты ұжымдық моральдық-эстетикалық құндылық мұраттарын бейнелейтінін көрсетеді. 
Оған төмендегі мысалдар дәлел Ы.Алтынсаринның әңгімелеріне үзінділері дәлел. 

Ешбiр iлiм-бiлiм үйренбеген мұжық сонша иiлiп, әдептiлiгiн көрсеткенде, мен онан 
әдепсiз болып қалайын ба?(Әдеп); 

- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет 
алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, 
пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік 


681 
кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай 
қисық өсерсің...(Бақша ағаштары); 

Қанағат ете білсең. Қанша мал көп те болса қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп 
тоймайды; қанша мал аз да болса барына қанағат ете білсе, бұл адамның көңілі 
жайлы, тынышырақ болады; - соның үшін Әзірет Әли,- байлық – қанағатта (Әзірет 
Әли) 
Жақсылық пен зұлымдық тақырыбын барлық шығармалардан байқауға болады. 
Қорытындылай келе, еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, оған 
қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей 
білу сияқты асыл қасиеттер бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңеді. Баланы кітап оқуға 
көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты дұрыс таңдауға көмектесу 
керек. Қазіргі балалардың көбінің қиялдары компьютерлік ойындарға ауып кетуіне 
қарамастан, кітапханашылар мен ата - аналарда, балаларға кітап әлемін сыйлау мүмкіндігі 
және құқығы қалады. Кітап оқуға үйрету үшін, жақсылық пен адамгершілікті қатар бойларына 
сіңіру үшін ең алдымен ата – аналар және мұғалімдердің балаларды жақсы мен жаманды 
ажыратып, ізет пен тәрбие беретін кітаптарды ұсына білуі керек. Себебі дұрыс таңдалған 
ертегі немесе әңгіме арқылы біз балаларды тәрбиелейміз. Ал ертегі ‒ адам мәдениетінің көп 
өлшемді феномені, композициялық-сюжеттік болмысы, адресатқа білгілі бір идеяны жеткізу 
тұрғысынан, оның атқарар функцияларының алуан түрлілігі мен адресаттардың вариативтілігі 
тұрғысынан да басқа жанрлардан ерекше.
Әдебиеттер тізімі: 
1
Алимжанова Г.М. Сопоставительная лингвокультурология: взаимодействие языка, 
культуры и человека: Монография. ‒ Алматы, 2010. ‒ 319 с. 
2
Попова З. Д., Стернин И. А. Язык и национальная картина мира.- Изд.3., перераб. и доп. 
Воронеж: , «Истоки», 2007.- 61 с. 
3
Степанов Ю.С. Константы: Словарь русской культуры: Опыт исследования. Москва: 
Школа «Языки русской культуры», 1997. ‒ 824 с. 
4
Болдырев Н. Н. Когнитивная семантика: курс лекций по английской филологии. Тамбов: 
Изд-во ТГУ им. Г. Р. Державина, 2002. ‒ 123 с. 
5
Ы.Алтынсарин әңгімелері URL: 
https://www.zharar.com/f/cat=60/n.xfsearch=%D1%8B%D0%B1%D1%8B%D1%80%D0%B0%D
0%B9+%D0%B0%D0%BB%D1%82%D1%8B%D0%BD%D1%81%D0%B0%D1%80%D0%B8
%D0%BD/sort=date/order=desc/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет