Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет372/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

қоршаған ортасы 
қатты әсер 
ететінін жақсы түсінді. Сондықтан балаға әсер ететін орталықтарды санап көрсетіп, 
әрқайсысының үлгі берерліктей болуын керек қылады. Әсіресе, отбасы, ұстаз және 
құрбыларының балаға ерекше әсері болатынын ескертеді. “Адамға үш алуан адамнан мінез 
жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, 
содан көп жұғады” деп, бұның тәрбие ісінде маңызы жоғары екенін ескертеді. 
Екіншіден
, ата-ана баланы білімге, ғылымға, өнерге қызықтырып, келешекте 
бала білімді сүйсініп, өз еркімен іздейтін дәрежеге жеткізу керек деп біледі. “Отыз сегізінші” 
сөзінде: 
«Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен 
яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, 
білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады.» 
дейді [2; 220- 
бет]. 
Үшіншіден
, әке-шеше баланың алдына үлкен талаптар қоя білуі керек. Тек хат 
танумен шектеліп қалмай, ғылым-білімге терең бойлауға ұмтылдыруы тиіс. Бала тек 
үйреткенді біліп қоймай, өз бетімен ғылымға қызығып оқуы керек. “Артық білім кітапта” 
деп жастарды оқуға үндейді. 
Міне, бұлар Абайдың ақылы толық қалыптаспаған баланы тәрбиелеу үшін айтқан 
өсиеттері. 
Ендігі кезекте, бала ата-ананың тәрбиесін алғаннан кейін,
өзін-өзі
қалай 
тәрбиелеуі керек 
деген сұраққа жауап іздейді. 
Толық адам – Абайдың армандаған, аңсаған мұрат-мақсаттарының ең биік шыңы. 


683 
Толық адам ғана нұрлы ақылдың иесі бола алмақ. «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық 
қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Абай адам баласына қажетті үш нәрсе ыстық қайрат, 
нұр- лы ақыл, жылы жүрек екенін тереңнен толғап, толық адамға тән қасиетті көрсетеді. 
Абай тәрбие туралы тағылымында азаматтың “толық адам” болып 
тәрбиеленуінде жүректің тазалығын басты назарға алады. Адам мұратын, өмір мәнін жүрек 
ісімен байланыстырып сөз етеді. 
“Ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, 
байлаулылықтың жоқтығы” 
азғындық пен жаманшылыққа, надандық пен залымдыққа, 
зұлымдыққа бастайтыны да назарға алынады (“Он төртінші сөз”) [2; 189-бет]. 
Биік шыңға жету үшін біраз әдіс-тәсілдерді назарға ұсынады. “Отыз бірінші 
сөзінде” оқып-білген, естіген нәрсені ұмытпау үшін әртүрлі себептерін атап көрсетеді: 
Біріншіден, бала ғылымды білу үшін шын ниетпен, шын ынтамен ден қою тиіс, 
яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет