Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


“көкірегі байлаулы берік болмақ керек”



Pdf көрінісі
бет373/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

“көкірегі байлаулы берік болмақ керек”. 
Ал егер бар көңілің басқа нәрседе болса, 
алған білімің асырап алған шешенің мейірімі секілді болатынын айтады. Ғылым-білімді білу 
үшін сенің оқуға деген ынтаң туған шешеңнің мейіріміндей болуы керек. Себебі «адамның 
көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.». 
Екіншіден, бала оқыған білімінен рахаттанарлық әсер алуы керек. “Сол нәрсені 
естігенде я көргенде, - дейді Абай, - 
ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен 
ұғу керек”. 
Үшіншіден, алған білімің 
бір құлақтан кіріп, бір құлақтан шықпас үшін 
оны 
ішіңнен бірнеше рет қайталап, 
“көңілге бекіту керек”. 
Төртіншіден, бала оқуға кіріскен кезде оның назарын аударатын, көңілін бөлетін, 
ойын бұзатын нәрселерден аулақ болуы керек. 
Оның бар ынтасы, зейіні тек оқу-білімге 
арналуы тиіс. Абай білім қуған адамның ойына кесел боларлық нәрселерді санап көрсетеді. 
Олар: 
1.
Уайымсыз салғырттық 
2.
Ойыншы-күлкішілдік 
3.
Бір қайғыға салыну 
4.
Бір нәрсеге құмарлық пайда болу. 
“Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.» 
[2; 
184- 
бет]. 
Абай адам бойындағы 
жағымсыз қасиеттерді 
сынайды, ол жаман 
қасиеттерден 
бойды аулақ ұстауға шақырады. Өзінің “Отыз сегізінші қара сөзінде”: 
«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі 
- надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің. 
Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп 
болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. 
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, 
ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады. 
Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, 
адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.»
,- дегенді бүкпесіз білдіреді. 
«Бұлардың емі, халлақына махаббат, халық ғаламға шапқат, қайратты, 
тұрлаулы, ғадаләт ісінің алды-артын байқарлық білімі, ғылымы болсын... »
,- деп білім- 
біліктің, дін-дәстүрдің, тәлім-тәжірибенің тағылымды тұстарын алға тартады [2; 184-бет]. 
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен 
озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.» 
екенін дөп басып 
көрсетуі – тәжірибе тәлімі еді [2; 196-бет]. 
Демек, жақсы мінез адамды мақсат-мұраттарға жетелейді. Ол мақсаттар оқу-білімге келіп 
тіреледі. 
Абайдың бүкіл шығармаларында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет