Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МЕН ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет371/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МЕН ТӘРБИЕ 
Әбілмәжін Ф. Ж. 
Ғылыми жетекші: Смагулова Н. Қ. филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған 
профессор 
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
farizaabilmazhin@mail.ru
 
 
Абайдың “қара сөздері” – ұлы ақынның мол мұраларының ішіндегі ерегі, 
философиядағы даналық ой-танымын даралап көрсететін прозалық шығармалары. “Қара 
сөздер” – Абай әлемінің айнасы, халық мұрасының қайнар көзі. Қай қара сөзін алып қарасақ 
та терең философиялық ойға толы. 
Хакім Абай аталған туындысында ұлт мұраты, елдік мүдде мәселелерін, яғни 
тәрбие, білім, еңбек, өнер төңірегінде кеңінен өрбітеді. 
Белгілі ғалым Құлмат Өмірәлиев: «Абай қара сөздерінде адамгершілік тақырыбы 
жан-жақты, шынайы ашылады», – деп Абайдың адамгершілік, ізгілік тәрбиесін арқау еткен 


682 
қара сөздеріне шынайы баға берген [1]. 
Абайдың танымында адамның жақсы немесе жаман болуы, ең алдымен, тәрбиеге 
келіп тіреледі. Оның көптеген қара сөздерінің тақырыбы тәлім-тәрбие кеңесіне арналған. 
Тәрбие мәселесін Абай “Төртінші”, “Жетінші”, “Оныншы”, “Он екінші”, “Он үшінші”, “Он 
бесінші”, “Он сегізінші”, “Жиырма бесінші”, “Отыз бірінші”, “Отыз екінші”, “Отыз 
үшінші”, “Отыз жетінші”, “Қырық үшінші” қара сөздерінде баса айтады. 
Адамның өмірде өз орнын табуы, мінез-құлықтың қалыптасуы, жеке тұлға болуы 
ата-ананың тәрбиесімер тікелей байланысты. 
Ең алдымен
, Абай өз кезегіндегі тәлім- 
тәрбиені мықтап сынайды. Қазақтың өз баласын дұрыстап тәрбиелей алмайтынын баса 
айтады. “Оныншы сөзінде” біреулер Құдайдан өлсем орнымды бассын, артымнан құран 
оқысын, қартайған күнімде асырасын деп бала тілейтінін айтып, 
“Осыдан басқасы бар 
ма?»,- 
деп сауал қояды [2; 184-бет] 
«Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің 
көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған 
құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп 
қылып бере ала ма?» 
деп, баланың ескі көзқарастағы әке-шешесі оны теріс жолға салып, 
жағымсыз мінездерге баулитынын айтады [2; 184-бет]. Ескі тәрбие баланы өтірікші болуға, 
бұзықтыққа, ұрлыққа үйретеді. 
«Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп» дей 
келіп, әуелде балаңды алдағаныңа өзің мәз-мейрам болып жүресің де, кейіннен балаң 
алдамшы, өтірікші болса өзіңнен көрмей, кімді кінәлайсың?”
,- деп сөгеді. Одан кейін өзі 
біреуді боқтатып, тыюдың орнына 
«кәпір - қияңқы, осыған тимеңдерші!»,- 
деп 
масаттандырып жіберетінін айтады [2; 184-бет]. 
Осыдан соң, “хат таныса болады” деп молданың ең арзанын іздеп, баланы білімге 
қызықтырудың орнына надандықтың шеңберінде қалдырып отыратынын көрсетеді. 
Осылайша Абай ескі феодалдық тәрбиеге қарсы шығып, баласын тәрбиелемес 
бұрын әрбір ата-ана өзін тәрбиелеуі керектігін ашып айтады. Себебі Абай танымында – 
балалардың барлығы жаратылысында бірдей, ал оларды бұзатын да, артық ететін де – 
тәрбие. 
Сонымен қатар, Абай баланы тәрбиелеуде оған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет