684
ақылының, білім-ғылым жетістіктерінің жемісі екенін жүйелі жеткізеді. “Оныншы сөзінде”
былай дейді:
«Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған
хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды.»,
- деп ғылымның маңыздылығын көздейді [2; 185-
бет].
Абай әр адамның өзінің өткен істерін және болашақтағы ойларын үнемі еске
алып жүруін керек етеді. Пайдасы жоқ істермен құр босқа өткен өмірді босқа кеткен уақыт
деп есептеп наразылығын білдіреді. Сол үшін де есті адам болудың бір шарты етіп өзінің
өмірінен үнемі есеп алып отыруды ұсынады. Бұл туралы “Он бесінші сөзінде”:
«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе,
- дейді Абай, -
күнінде бір
мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы
есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды,
күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де
білмей қалыппысың?»
[2; 191-бет].
Демек, қара сөздерден нені байқауға болады? Абай ақыл-парасат, білім-ғылым,
тәлім-тәрбие мәнін айқындап, олардың басты нысаны, түпкі нәтижесі адамгершіліктің
шыңына алып баратын адастырмас жол екенін баса көрсетеді.
Материалдық, техникалық тұрғыдан адамзат қоғамы қаншалықты дамып, өмір
сүруі тым жеңіл, қолайлы болғанымен, адам – жан мен тәннің қосындысы. Оның ақыл-ойы,
санасы, ішкі дүниесі, руханияты қатпарлы болады. Жан мен тән мәселесі – ешқашан
өзектілігін жоймайтын тақырып. Ал осы сынды мәңгілік мәселелер – Абай шығармаларына
арқау болған тақырып. Сондықтан да, ұлы ақынның шығармалары әлі де өзектілігін
жоғалтқан жоқ. Абайдың өсиеттері, ой-тұжырымдары бәрімізге әр уақытта да рухани азық
бола алады [3].
Профессор М.Мырзахметов: «Ойшыл ақын Абай «Қара сөздерінде» нағыз кемел
адам болудың жолдарын көрсетіп, оған қол жеткізудің жолдарын танытады. Кемел адам
шам сияқты, өзі жанып түгесілсе де, басқаларға жарық шашып кетеді. Абайдың өзі – кемел
адамның нақ үлгісі» деген екен [1]. Абай - кісіден кемелдікке жету жолында үлгі тұтатын
тұлға.
Әдебиет:
1.
Абай қара сөзіндегі адамгершілік тәрбиесі. - https://qulantany.kz/archives/10509
2.
Абай Құнанбайұлы. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара сөздер / Құрастырушысы
Г. Бельгер. - Алматы: Мектеп, 2003. - 248 б. - (“Жетінші сөз” сериясы).
Абай
Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойындағы Елбасы Н. Назарбаевтың сөйлеген сөзі
/1997 жыл, 9 тамыз/ Алматы қаласы//http:/www.elbasy.kz//
Достарыңызбен бөлісу: