822
1. Нақты жалпыұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю
шапшандығынбағалау
үшін
қолданылады.
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының
дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесінсалыстырғанда
қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс
факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін,
сондықтан
экономикалық
өсу
де
бірнеше
типке
бөлінеді.
1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады.
Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: қолданылатын ресурстар сапасының
өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және
өткізуді
ұйымдастыру
мен
басқаруды
жетілдіру).
2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі.
Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: жұмыс күшінің санының өсуі;
капиталдың
көлемі
өсуі.
3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі
арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Достарыңызбен бөлісу: