Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет475/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   532
 
Пайдаланған әдебиетер тізімі 
 
1.
ЕрдавлетовС.Р. География туризма: история, теория, методы, практика -А.: 
«Атамура»,2018.- ЗЗбс. 
2.
Ердавлетов С.Р. Казахстан туристский - Алматы.: Кайнар, 2021.- 188с. 
Кәмалов Ә. «Барлық арасанда» тәуелсіздік мырза мен тышқандар демалып жатыр. 
«Атамекен»-2017-7 мамыр. 
3.
Курортное лечение / Белая Н.А, Лебедева И.П. 

М.: Знание, 1978. -63с. 
4.
Курорты Казахстана-Алматы.: Онер, 1973.- 143с. 
 
 
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТЫ 
 
Оразақ Аяулым 


891 
6В04106 «Банк ісі және қаржы менеджменті», ББ бағдарламасының
1 курс студенті 
Ғылыми жетекші
: Джакупова А.Н., менеджмент магистрі, аға оқытушы 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
aorazak@mail.ru
 
Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін 
қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері 
жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік 
қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, 
т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы 
қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады. 
Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс 
қорлардан, 
түрлі 
меншік 
нысанындағы 
кәсіпорындардың 
қаржысынан, 
қаржы 
институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы 
министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы 
полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің 
барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің 
тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып 
табылады. 
Қазақстанның қаржылық жүйесі халықаралық стандартқа сәйкес жұмыс атқарады және 
құрамына кіретін элементтермен тығыз байланысты сипаттағы интеграциялык типтегі жүйе 
болып табылады. «Қаржылық жүйені ұйымдастыру принципі: 

бірлік- орталықтанған қаржылық органдармен жүргізілетін, ортақ және бірлік 
саясатпен ұсынылады. Ал қаржылық жүйені басқару бірыңғай құқықтық базада, 
менеджменттік тәсілдермен әдістерден құрылады; 

дербестік - каржылық жүйенің әр бір жүйесі өзінің мәселелерін шешумен, өзінің 
қоғамдық мағынасы бар, ұйымдастырудың ерекше формалары бар және оларға ерекше 
қаржылық аппарат тиісті болады.; 

жалпы ұлттық және жергілікті мүдделерді орындау мемлекеттік қаржы қатынастары 
мен аймақтардың тең құқықты жағдайымен қамтамасыз етіледі. 
Мемлекеттің фискалдық саясатының басты міндеті болып – салық ставкаларын үкіметтің
мақсатына сәйкес өзгерту саналады. Фискалдық саясатты жүргізу – еліміздің заңды 
органдарының ерекше құқығы, себебі бұлар мемлекеттік бюджетті қысқарту мен бекіту 
арқылы салық салуды және олардың жұмсалуын бақылайды.
Фискалдық саясат – экономикалық саясаттың негізгі құрамдас бөлігі және мемлекет 
міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асрыуы үшін, қаржы төңірегіндегі жүргізетін 
мақсатты бағытталған шаралар жинағы. Фискалдық саясат үкімет шығысы мен салықтар 
арасындағы реттеуші жүйе. Мемлекет фискалдық саясатты өндіріс құрылымын, аумақтың 
экономикалық дамуын, халықтың табыс деңгейін реттеу мақсатында, ұлттық табысты қайта 
бөлу кезінде қолданылады.
Фискалдық саясат мемлекетті қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, ұлттық 
шаруашылықты реттеу процесіне қатысу, халықтың табыс деңгейлерінің теңсіздігі барысында 
туындайтын келіспеушіліктерді шешу тәрізді міндеттерді атқарады .
Фискалдық саясат – мемлекеттік шығыстар мен салық салу көлемін өзгерту арқылы, 
мемлекеттің экономикаға ықпал етуі. 
Өйткені, мемлекеттік шығыстарды жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттің қаражатын 
пайдалануды білдіреді, ал салықтар оны толықтырудың негізгі көзі болып саналады, олай 
болса фискалдық саясат мемлекеттік бюджетпен айлашарғы (манипуляция) жасауға саяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет