АҚША: ПАЙДА БОЛУ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ, ТҮРЛЕРІ,
ҚЫЗМЕТТЕРІ
Сабырова Аружан, Амантай Айша
6В04106 «Банк ісі және қаржы менеджменті», ББ бағдарламасының 1 курс
студенттері
Ғылыми жетекші
: Джакупова А.Н., менеджмент магистрі, аға оқытушы
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.
sabyrova1210@mail.ru
Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны
бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек
өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты
пайдаланып келсе, біздің заманымыздың 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды
905
алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар
теңгелер (біздің заманымыздың 5 – 6 ғасырлары) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ
елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына
орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға еңгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға
алған. 6 – 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер
құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 – 8
ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің
рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы
шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер
жасалған.
Біздің заманымыздың 704 – 766 жылдары Таразда құйылып, айналымға енген
теңгелердің бетінде «Түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген
анықтама жазулар бар. Бұл – тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін,
мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты 6 – 8 ғасырлар аралығына жататын
мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып тұрған.
17 ғасырдың басында қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Қазақ
елінің ұлттық валютасы - теңге. ҚР Президентінің Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасын енгізу туралы 1993 жылғы 13 қарашадағы жарлығымен осы жылдың 15
қарашасында теңге айналысқа шығарылып, ел аумағындағы бірден-бір заңды төлем құралына
айналды. Содан бері 15- қараша - теңге күні.
Ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық
құнсыз ақшалар.
1.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен
сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан,
күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада
болған. Монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы
– аверс, артқы жағы - реверс және жаны – гурт деп аталады.
2.
Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) - номиналдық құны нақты құнынан, яғни
олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оларға
мыналар жатады: • құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған
ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар; • құнның қағаздан жасалған
белгілері.
Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшаларға. Қағаз
ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс
монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды.
Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы
қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:
•металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
•металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни
қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
•бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
• эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың нақты құны
арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
• бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында
шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік
номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атақарды.
Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетпіспеушілігіне байланысты шығаруымен
түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді.
906
Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың
шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық
жағдайын жатқызады. Несиелік ақшалар - тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған
ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты.
Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды
үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау. Несиелік ақшалардың
мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, және чек. “Вексель” сөзі ағылшынша bіll note –
міндеттеме шоты дегенді білдіреді.
Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде
төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі. Вексельдің екі түрі бар: жай және
аудармалы. Вексельдің түрлеріне “ҚР-ғы вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында4
мынадай түсініктемелер берілген: - Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде
көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель
берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель. - Аудармалы
вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді
ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің
(трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Банкнота (ағыл. сөзінде “Bank-note” аударғанда “банк билеті”) орталық банктің
айналысқа
шығарған
әр
түрлі
номинальдағы
ақша
бірліктері.
Электрондық ақшалар - компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу
құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың
клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы. Электронды
ақшалар - пластикалық карточка формасында болады.
Олар екі түрлі болып келеді: Дебеттік (төлем) карточка - банкте арнайы карточкалық
қаражаты бар, клиент арасындағы келісім-шартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға,
банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге
арналған төлем құралы. Кредиттік карточка - оның элименті мен карточка иесі
арасындағы келісім шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді
жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің
формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын
сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс (айырбас) құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы;
5. дүниежүзілік (әлемдік)ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпылға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың
құнын
өлшейді.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы
процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай процесстерді қамтиды: тауар
сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы.
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әртүрлі жағдайлардың болуына байланысты
тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі, әртүрлі тауарларды өндіру
кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың
өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша
қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін
кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне
907
тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан
да адамдар, оларды жинақтау немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан
алынады, сөйтіп, тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Дүниежүзілік (әлемдік) ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар,
сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп
болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын
құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады.
Қорыта айтқанда, нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Өйткені әр түрлі
меншік жағдайында тауар өндірушілер тауар қанша өндіріп, қанша сататының, көлемі мен
түрін және бағасын белгілеуге еркіндік алды. Ал бұл нарықта бәсекелестікті көбейтеді, ол
дегеніміз тауар сапасының жақсаруы. Ақша қоғамдағы қатынастарды реттейді. «Айырбас»
кезеңінде пайда болған ақша бүгінге дейін түрлі өзгеріске ұшырап, қызметін атқарып жатыр.
Ел экономикасы ақшамен реттелуде, шаруашылық және нарықтық жағдайда
жүргізіледі.
Әдебиет:
1.Макконел К.Р., Брю С.Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика / пер. с 19-го англ.
изд. – М.: ИНФРА - М. 2013.
2. Шеденов, Байжомартов, Жунусов, Жалпы экономикалық теория, Алматы 2002.
3. Мауленова С.С.,Экономикалық теория А 2003
4. Нүрпейісов Ж.К., Экономикалық теория, Алматы 1996
Достарыңызбен бөлісу: |