МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН
ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Болебай Жанерке Нұрланқызы
Ғылыми жетекші: Баймуратова А.Б., педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.
janerke171120@mail.ru
Мектепке дейінгі естиярлар мен ересектердің ойлауының көрнекі схемалық сипаты
олардың іс-әрекетерінің көптеген ерекшеліктерінен көрінеді. Осындай көріністердің бірі бала
суретінің схемалық, онда негізінен бейнеленетін заттардың негізгі бөліктерінің байланысы
көрсетіледі, дара белгілері болмайды.
Мұндай түрде жүйелі түрде сурет салуға үйретілмеген балаға тән. Балалар ойлауының
схемасының екінші көрінісі – олардың түрлі кейіптегі схемалық бейнелерді өте оңай да тез
түсініп, оларды табысты пайдалануы. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар 5 жастан бастап
99
бір рет түсіндірген соң бөлменің жоспары деген не екенін ұғына алады және жоспардағы
белгіге қарай отырып бөлменің ішінде жасырылған затты тауып алады. Олар заттардың
схемалық бейнелерін таниды, картаға ұқсас схемалар т.б пайдаланылады.Осыған ұқсас
тапсырмаларды дұрыс шеше білу бейнелері негізінде, пайымдаудан белгілерді
пайдаланылатын пайымдауға яғни дерексіз, логикалық ойлауға көшуді қажет етеді.
Бұл уақытта бала бір затты белгілеуге өзге бір заттың суреттің сөзінің көмегімен оның орнын
ауыстыруға болатындығын түсіне бастайды.
Логикалық ойлау кейінірек бейнелі ойлаудың негізінде қалыптасады. Ауқымы кеңірек
мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Бейнелі ойлау мектепке дейінгі баланың өмір жағдайлары мен іс-әрекетіне, ойында,
сурет салуда, құрастыруда төңірегіндегілермен қарым-қатынас жасауға оның алдында пайда
болатын міндеттерге жоғары дәрежеде сәйкес келеді. Міне сондықтан-да мектепке дейінгі
шақтағы бала бейнелерге негізделген, үйренуге берілген келеді. Барлық осы жайдайларды
есепке алу мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелі ойлауын дамытуға ерекше назар салуды
қажет етеді. Дерексіз логикаға ойлауға келсек, оның қалыптасуын баланый ғылыми
білімдердің кейбір негіздерімен таныстыру қажет болғанда пайдалану керек. Соның өзінде де
баланың ойлауын қалайда бүтіндей логикалық етіп шығаруға тырысудың қажеті жоқ.
Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін
арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.
Оқу және тәрбие егер баланың психологиялық даму деңгейі жоғары жүргізілген уақытта
ғана бағалы бола алады.Бұл деңгейде анықтап, даму немесе қате жүргізіліп жатқанын кейбір
мөлшермен оны салыстыру керек. Мұндай ғылыми кезеңде нормаларды психологтар
атқарады, орындайды, сарап жасап шығарады.Олар баланың психологиялық тест әдістерін
мектепке ұсынады, жүйеленген тест қолданылғанда, баланың қалай жетілгендігін айқындайды
және уақытында педагогикалық, психологиялық қажетті шараларды пайдалануын, жетіспеген
қасиеттерді түзетуге бағыттайды.
Педагокикалық және психологоиялық тәжірибелік оқу жұмысында бір бөлігінде дұрыс
жетілген бала және дамуы бөгелген баланы, дарынды баланы анықтау міндет болып
келеді.Соңғы екі категориядағы балалар өздерінен нақты зейінді талап етеді.
Баланың қолынан келмейтіні көп. Бірақ біз тек сәбидің әлі де қолынан келмейтініне, әлі де
істей алмайтынына ғана көңіл аударар болсақ, онда біз ересектерге тән жаңа қасиеттердің,
сапалардың қайдан пайда болатынын ешқашан түсінбес едік. Сондықтан баланың бойында не
бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау
әлде қалай маңызды.
Баланың дамуы үлкендерді үнемі таңдандырады, әр қуанышқа бөлейді. Ол бүгінгісі
кешегісіне, ал ертең бүгінгісіне ұқсамайды.
Жаңа туған сәби қандай болады? Ол бағым-күтімсіз бір күнде өмір сүрерлік қабілеті
жоқ, өздігінен қозғала да алмайтын, тамақтану да қолынан келмейтін айналасымен қарым-
қатынас жасауға да мүлдем дәрменсіз тірі жан.
Енді мына біздің алдымызда үш жасар бала дерлік. Бұл өзінің ерекше ішкі дүниесі,
өзіңдік тілегі, әдеті, талғамы бар, көп жағдайда өз дербестігін көрсетіп, оны табандылықпен
сақтай алатын адам. Ол жүруді, қолын сілтеп әр-түрлі қимыл жасауды ғана емес, сонымен
бірге киімдерді, ыдыс-аяқты, жиһазды, қарындашты, кішкене күрекшені, адам жасаған басқа
да көптеген дүние-мүлікті қолдану тәсілдерінде игереді. Үш жасар бала сөйлей біледі, 1000-
нан астам сөз біледі, граматикалық жағынан байланысқан сөздер құра алады,
айналасындағылардың бәріне қызыға қарап, сан түрлі сұрақ қояды. Ойнаған кезде көбіне
үлкендерден көргенін істеп, соны өзінше қайталайды. Ақыл-ойының жетілуі жөнінен ол ең бір
дамыған жануарлардан әлде қайда озық. Адамға ұқсас маймылдардан өздері шеше алмайтын
міндеттерді шешу балаға қиындық келтірмейді, ол ойлаған кезде өзінің жартусыз тәжірибесін
ғана емес, үлкендердің біртіндеп үйреткендерін де пайдаланады.
Тағы да төрт жыл өткен соң бала мекттеп есігін ашады. Бұл кездегі өзгеріс үш жасар
уақыттағыдан әлде қайда басым. Бала-бақша “Түлегі”-адамзат қоғамының кішкене мүшесі.
100
Олардың алдынан адамзат қылығы мен өзара қарым-қатынасының кең жазирасы ашылған. Ол
өз іс-әрекетін құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерімен үйлестіруге, қиын жағадайдажолдасына
көмектесуге, өзінің және басқаларының қылықтарына қоғамдық моральді қарпайым нормалар
тұрғысынан баға беруге үйренген. Оған адамның көңіл-күй толғаныстары түсінікті. Бала нені
тек мейлінше күрделі іс-әректтерді орындауга емес: өз ойларын, ойын, сурет салу, құрастыру
кездерінде дербес жүзеге асыруға қабілетті. Ол бірқатар білім, іскерлік пен әдеттерді игереді-
санауды (кем дегенде, онға дейін) қарапайым арифметикалық есептерді шығаруды үйренеді,
әріптермен танысады. Оның қабылдауы, есі, ойлауы ырықтылықты, басқаруды игере
бастайды. Өз-өзінен қызықты, тартымды ғана емес, сонымен бірге әлде бір мақсатқа жету үшін
(құрбыларының қолдануына ие болу, тәрбиешінің мадақтауын есту үшін) үйрену қажет
нәрселерді де тыңдау, көру, есте сақтау ойластыру мүмкіндігі пайда болады.
Бұл өзгерістердің бәрі кездейсоқ емес, өзінің себептері бар заңды сипаттағы нәрсе. Егер кейбір
балаларда бұл процесс басқаша жүрсе, онда дамуда ауытқушылық бар деуге-дамуының озық
жүруі кеш қалуы немесе дұрыс еместігі туралы олардың да әрдайым белгілі бір себептері бар
екенін айтуға болады. Даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру-
балалар психологиясының маңызды міндеті.
Балалар психологиясы тек балдырғанның психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір
сатысын сипаттайтын негізгі компоненттерді зерттейді. Бойының өсуінін, салмағының
артуын, дене пропорциясының өзгеруін, нерв жүйесінің құрылымы мен жұмысының жетілуін,
ішкі секреция бездерінің жұмыс атқару өзгерістерін-дамудың осы жақтарының бәрін жас
ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясы зерттейді.
Әр-түрлі жастағы балалар, олардың пихикалық даму тұрғысынан алғанда да алдымен іс-
әрекетің оларға тән әрі лайықты түрлеріне қарай өзара ерекшеленеді. Мәселен, бір жасар сәби
негізінен қолына түскен нәрсені соғып, сілкілеп, бір ойыншықты екіншісінің үстіне қойып,
ұрғылап қимыл жасаса, мектеп жасына дейінгі бала құрастыру мен шұғылданады,
текшелерден үй тұрғызады, сурет салады, жапсырады, ойын үстінде қошаған өмір оқиғаларын,
сүйікті ертегілер сюжеттерін қайта жасап жаңғыртады.
Психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық процестерімен
сапалардың, қабылдаудың, зейіннін, қиялдаудың, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің,
сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің-басқаруының бастапқы формаларының пайда болуы,
өзгеруі және жетілуі құрастырады. Мысалы: 2-3 жасар балалар өздерінің іс-әрекеттерін ойша
жоспарлай алмайды. Олар “Теоретиктер” емес- “практиктер”: бала шкаф астында кептеліп
қалған ойыншық атты бар күшін сала жұлқылыйды. Оны басқа жағынан қозғаса онай суырып
алуға болатынын біле бермейді. Пайда болған міндеттерді балалар заттар мен қимыл жасау
процесінде шешеді. Міне, бала стол үстіне “секіріп шығып кеткен” допты алуға тырысады.
Қаншама ұмтылғаны мен қолы жетер емес. Қасында сызғыш жатыр, соны қолына алады,
айналдырып қарайды, столға ұрып көреді. Допқа тиіп кетіп еді, ол домалай бастайды. Иә, енді
бала сызғышты саналы түрде жұмсайды, доп домалап жерге түсті-мақсат орындалды.
Екі-үш жылдан кейін балалар алдына-ала күрделі емес ойын сюжеті нендей рөл атқаратынын
өзара ойласып келсе, ойын материалын, рөлдерді бөлісе алады. Баланың күрделі құрылыстары
(қуыршақтарғаүйлер, машиналарға гараж) дұрыс жоспарлайтынын олардың аумағының
мақсатқа сай болуы керектігін түсінетінін (гараж болса, ішіне ойыншық машина сиятындай
болатынын) жиі көруге болады. Мұның бәрі іс-әрекет үстінде ойлаудан практикалық іс-
әрекетке бағыттап және келтіре бастайтын ақылмен ойлауға өту болып отыр.
Ақырында, сәбилік және мектеп жасына дейінгі шақ-бұл баланың жеке басының қалыптасуы
басталатын шақ.
Жас баланың мінез-құлқы қысқа мерзімді, итермелеуші тілектерден түрткі алып
кездейсоқ жағдайларға тәуелді болады. Міне, ол анадай жерде тұрған форфор ыдысқа ынтыға
ұмтылады, алайда үлкендер ыдыстарды сындырып алар деген қауіппен көрінбейтін басқа
жерге қойса болады, балдырған бұрынғы ойын ұмытып әткеншекке тербелу немесе қолына
түскен ойыншықты соққылап ойнаумен айналысып кетеді. Бұл жерде біз баланың жеке басы
туралы жақсы немесе жаман пікір айта алмаймыз. Ал мектеп жасына дейінгі бала болса, әңгіме
101
басқа оның қылықтары жекеленген тілектен, талап ниеттен емес, белгілі мотивтер жүйесімен
белгіленеді, 5-жасар бала текшелермен ойнап отыр делік, оны бірдей уақытта құрбылары
көшеге шығуға шақырады, ал әжесі оның әлдебір шаруаға көмектесіп жіберуін сұрайды.
Әрине, оның көшеге шыққысы келіп-ақ тұр, бірақ алдымен текшелерді жинап жәшігіне салып
содан-соң тездетіп әжесінің өтінішін орындайды да, көшеде күтіп тұрған балаларға барып
қосылады. Бұлай болмауы да мүмкін: балалар түрлі тәрбие алады ғой. Алайда ең маңызды
мәселе өзінің бір талабын екіншісіне жегізіп баланың саналы түрде іс - әрекет жасауға
қабілетті болуы. Келтірілген мысалдар бала психологиясы пәнінің мәнін ашуға мүмкіндік
береді.
Бала психологиясы-балдырғанның психикалық даму факторлары мен заңдылықтарын:
оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық процестерінің және салаларының дамуын, оның жеке
басының қалыптасуына зерттелетін ғылым.
Оқу және тәрбие егер баланың психологиялық даму деңгейінің көтерілуіне жағдай жасалса
бағалы болады. Бұл деңгейде анықтай білу керек және даму немесе қате жүргізіліп жатқанын
кейбір мөлшермен оны салыстыру керек. Мұндай ғылыми кезде нормаларын психологтар
атқарады, орындайды, сарап жасап шығарады, олар баланың психологиялық тест әдістерін
мектепке ұсынады, жүйеленген тест қолданылғанда, баланың қалай жетілуін айқындайды
және уақытында педагогикалық, психологиялық қажетті шараларды пайдалануын, жетіспеген
қасиеттерді түзетуге бағыттайды.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Ережепова Ү., Қашқынбекова Г. Оқу-танымдық қызығушылығын дамытуда мұғалімнің
атқаратын жұмысы. // Бастауыш мектеп, 2006, №6. – 14-16б.
2.Щукина Г.И. Педагогические проблемы формирования познавательных интересов учащихся.
– М., 1988. – 203б.
3.Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Словарь по педагогике. – М.: Ростов-на-Дону, 2005.
– 448б.
4. Михайленко Н.Я., Короткова Н.А. Как играть с ребёнком. – М.: Просвещение, 2010. – 156б.
5.Сырбаева Ш.А. Білімді бағалау үшін қолданылатын дидактикалық ойындар //Қазақстан
мектебі. – 2002, №3. – 20-23б.
6.Шакирова Д.М., Сибгатуллина И.Ф., Сулейманов Д.Ш. Мышление, интеллект, одаренность:
вопросы теории и технологий / Под ред. М.И. Махмутова. Казань: Центр инновационных
технологий, 2006. – 465б.
Достарыңызбен бөлісу: |