Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ



Pdf көрінісі
бет59/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   532
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ 
 
Гиззатова А.Ж. 
Ғылыми жетекші: Касенова Н.Б., доктор PhD,профессор ассистенті
 
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» Ке АҚ, Көкшетау қаласы 
gizzatova01@list.ru
 
 
Ойын - оқудағы маңызды ынталандырудың формасы. Ойын арқылы танымдық 
қызығушылық тезірек жүреді, баланың өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Сонымен 
қатар, ойын барысында оқушылардың зейінін, қиялын, есте сақтау қабілетін, талдау, 
салыстыру, қорытынды жасау сияқты қабілетін белсендендіреді. Ойын әркімді белсенді 
жұмысқа тартуға мүмкіндік береді, онда импровизацияға деген қызығушылық жүзеге 
асырылады, оқушыларға білімді өз бетінше іздей алатын ерекше жағдайлар жасалады. 
Танымдық ойын алынған ақпарат көлемін кеңейтуге ықпал етеді, қызығушылықтан 
қызығушылыққа көшу процесін ынталандырады; психикалық процестерді белсендіреді, 
интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді дамытудың тамаша құралы болып 
табылады. Сабақтағы ойындар психикалық және физикалық әсерледі төмендетеді; 


113 
оқушыларды жағымды эмоциялармен қуаттайды және жаңа нәрселерді қабылдауға негіз 
жасайды [1]. 
Бастауыш сынып сабақтарында оқу сапасын арттыру үшін оқыту жүйесін жетілдіру 
арқылы әр оқушының жеке басының дамуына жағдай жасау қажет, атап айтқанда ойын 
технологиялары танымдық белсенділіктерін яғни, оқушылардың назарын аударуға өте 
қолайлы. Ойын технологияларын қолдану заманауи сабаққа қойылатын талаптарды 
қанағаттандыруға мүмкіндік береді: мұғалім мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты
әлеуметтік 
құзыреттілікті 
қалыптастыруды; 
оқушылардың 
танымдық 
іс-әрекетін 
ұйымдастырушы ретінде сабақтағы мұғалімнің рөлін өзгертеді. 
Мұғалімдер көбінесе мектеп оқушыларының оқуға, жаңа нәрсені үйренуге және 
танымдық белсенділіктің төмен деңгейлерін атап өтеді. Жүргізілген бірқатар зерттеулер 
көрсеткендей, оқу бағдарламасындағы ең қызықты пәндердің бірі - жаратылыстану. 
Сондықтан, бұл пән оқушылар үшін қызықты әрі есте қалуы үшін оқу процесін дұрыс 
ұйымдастырып, оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту үшін сабақтарды 
ұйымдастырудың ерекше формалары арқылы жаратылыстану сабақтарын өткізу қажет. 
Жаратылыстану сабақтарында ойын-сауық материалын қолдану танымдық 
белсенділіктің дамуына ықпал етеді. Сабаққа енгізілген жұмбақтар, ертегілер, аңыздар, 
өсімдіктер, жануарлар өмірінен алынған қызықты фактілер, табиғаттағы рекордтар туралы 
мәліметтер, кроссвордтар, тапсырма карталары, тесттер – мұның бәрі бастауыш сынып 
оқушыларын қызықтыратыны сөзсіз [2]. 
Табиғатта белгілі бір әрекеттерді орындау, қоршаған ортадағы іс-әрекеттердің 
салдарын болжау арқылы практикалық іс-әрекет процесінде білім қалыптасады. 
Рөлдік ойындар оқушылардың шығармашылық тәжірибесін қалыптастыруға ықпал 
етеді, олардың барлығы тұлғаға бағытталған оқытудың негізі болып табылады. Ойынның 
сюжеті оқушылардың көз алдында өрбиді. Табиғат туралы білім материалды эмоционалды 
қабылдау және іс-әрекет процесіне тікелей қатысу арқылы тиімдірек игеріледі. 
Ойын әрекеті әр оқушының жеке ерекшеліктерін тануға көмектеседі және осы негізде 
оның білім мен шығармашылыққа деген ұмтылысын тәрбиелейді. 
Мысалы, жаңа білімді қалыптастыру сабақтарын дәрістер, семинарлар, саяхат 
сабақтары, зерттеу сабақтары және оқу конференциялары сияқты түрлерінде өткізуге болады. 
Оқыту үрдісінде дағдыларды қалыптастыру үшін рөлдік ойын сабақтары сияқты дәстүрлі емес 
формаларды қолдануға әбден мүмкін, ал білімді қайталау, жалпылау және бекіту 
сабақтарында - «Не? Қайда? Қашан?» ойынын, конкурс - сабақтар, жарыс-сабақтары 
т.б.ұйымдастыруға болады.
Білім мен дағдыларды тексеру және есепке алу сабақтарын викториналар, конкурстар, 
диктанттар, тестілеу, шығармашылық жұмыстарды қорғау түрінде өткізуге болады. Жаңа 
материалды зерделеу кезінде мәселелік оқыту мен рөлдік ойынға ерекше мән беруге 
болады.Оқытудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану сабақтарда танымдық белсенділікті 
арттыруға көмектеседі, білімді байытады, жүйелейді және бекітеді, оларды саналы түрде 
қолдануға ықпал етеді. Оқушы оқудың белсенді, мүдделі, тең құқылы қатысушысы болады. 
Оқытудың ойын әдістерін қолданған кезде балалар бейнелі, жүйелі және логикалық 
ойлауын дамытады [3]. 
«Өсімдіктер» тақырыбын оқыту барысында ойын технологиясын (1-сурет) қолдану 
оқушылардын оқу процесіне кеңінен тартуға, қиын материалды қол жетімді әрі түсінікті етуге 
және сабақтың өзін қызықты етуге көмектеседі. 


114 
1-сурет.Ойын барысын түсіндіру кезі 
Оқушылар белгілі бір рөлдерді орындайды, белгілі бір сценарийді, диалогты жүргізеді. 
Мысалы, жануарлар мен өсімдіктер атынан диалог құрастыру арқылы ұйымдастыруға болады. 
Сюжеттік ойын көп уақытты қажет етпейді, балалар қызығушылықпен назар аудара отырып, 
оған қатысады. Ойын формасы көлемді болуы мүмкін. Мысалы, «Өсімдіктер» тақырыбын 
зерттегенде оқушылар туған жерін аралап, әртүрлі сирек өсімдіктерді зерттейтін жас 
зерттеуші рөлін атқарады. Олардың қасиеттерін, қолданылуын, түрлерін атап және картада 
осы өсімдіктердің орнын көрсету керек [4]. 
«Өсімдіктер» тақырыбы бойынша 4 сынып оқушыларының білімдерін бекітуге «Не? 
Қайда? Қашан?» ойын сабағы өткізілді. Ең алдымен
ойын алаңы дайындалады: секторлардың 
атауы, тапсырмалары бар конверттерді орналастыру және айналмалы көрсеткі орнатылады. 
Ойыншыларды дайындау кезеңінде: командалар алдын ала топ атауды ойлап табады, 
эмблемаларды таңдайды. Командалар ойын алаңының айналасындағы үстелге отырады. 
Ойын ережелері бойынша:
1) Ойын 5 кезеңнен тұрады. Әр кезең ойын алаңында айналмалы көрсеткі көрсеткен 
сектор атауына сәйкес келеді. 
2) Әр секторда тапсырмалар берілген конверттер бар: сіздің Өсімдіктер достарыңыздың 
хаттары. 
3) Тапсырманы қарастыру және талқылау үшін команда ойыншылары бір-бірімен 
байланысуға рұқсат етілген уақыт беріледі. 
4) Сұрақтарды талқылағаннан кейін команда капитаны немесе оның жауабының 
дұрыстығына сенімді ойыншы жауап беруге құқылы. 
5)Ойынның түпкілікті қорытындысын шығару және жауаптарды талдау құзыретін 
қазылар алқасы шешеді. 
6) Айналмалы көрсеткіні команда капитандарына кезекпен айналдыруға рұқсат етіледі.
Конверттерге сұрақтар оқушыларға қызықты болу үшін бірінші кезеңде жұмбақ ретінде 
ұсынылды. Мысалы: 
Өсіп 
түрған 
бұл 
не, 
Жаз болса жайнап. 
Саясында 
ән 
салып, 
Құстар 
жүрген 
сайрап. 
Салқын 
түсе 
шешініп, 
Қалады өзі жайрап. (
Ағаш)
Жазда жеміс беремін. 
Күзде 
солмаймын, 
Қыста 
өлмеймін, 
Инесі 
ұзын 
демесең, 
Шыршаға ұқсаймын. 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет