Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет14/15
Дата21.12.2022
өлшемі79,67 Kb.
#58759
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дәріс Әд сын даму тенд

Пайдаланатын әдебиеттер
1. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы (оқу құралы).-А., 1994.
3. Ысқақ Д. Сын сырдары.- А.,2001.
4. Ысқақ Д. Әдеби сын тарихы. –А.,2012.
5. Смағұлов Ж., Ысмайлов Е. Әдебиет сыншысы.- Қарағанды,1994.
6. Смағұлов Ж. Қазақ әдеби сынының мәселелері.- Қ, 1998.

12-тақырып. Қазақ әдеби сынының негізі әдісі, құрылымы, теориясы, көркемдігі, табиғаты.
Сын - әдебиеттану ғылымының бір саласы. Оның әдебиет тарихымен, әдебиет теориясымен байланысы және айырмашылықтары. Сынның эстетикаға, журналистикаға жақындығы. Әдеби сынның қоғамдық ой-пікірде алатын орны. Сыншылық өнер мен сыншының принциптілігі.
Әдеби сынның принциптері
Әдеби сынның принциптері дегеніміз, сынның әдебиетті талдаудағы, оқырмандарды эстетикалық, адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеудегі бүкіл мазмұнын, бағытын, ұйымдастырылуын, әдістерін айқындап отыратын негізгі ғылыми қағидалар.
Әдеби сын принциптері екі топқа жіктеледі: Біріншісі- сынның бағытын, мазмұнын айқындауға қатысты принциптер. Оған жататындар: сынның идеялығы, халықтығы, шыншылдығы, өмірмен байланыстылығы, тарихшылдығы.
Екінші топқа әдеби сынның тиімділігін арттыруға көмектесетін, сынды жүргізудің әдістемелік жақтарына қатысты құралдарын (газет, журнал, жинақ т.б.) жанрлық түрлерін, аудиториялық ерекшеліктерін айқындауға қажетті принциптер жатады. Олар: жүйелілігі, жинақты берілуі (комплекстілігі), түсініктілігі, оқырмандар аудиториясын ескеруі, ұтымдығы, ыңғайлылығы, көкейкестілігі т.б.
Сынды түрге бөлгенде шартты түрде бірнеше өлшемдер алынады. Олардың бастылары: сынды кімнің жазып отырғандығы, қандай әдісті қолданғандығы, шығарамның қандай сырлары талданғандығы, қандай сипатта жазылғандығы т.б.
Әдеби туынды хақында кімнің пікір білдіріп отырғандығына жазылу стиліне (мәнеріне) қарай: жазушы сыны, сыншы сыны, оқырман сыны деп үшке бөлінеді.

  1. Жазушы сыны - тілінің көркемдігімен, ойының бейнелілігімен ерекшеленеді. Ойын ғылыми талдауларғ емес, көркемдік талдауға сүйеніп субъективті пікір танытады.

  2. Маман сыншылар сынын әдебиетті зерттеушілер, арнайы айналысатын ғалымдар, маман әдебиетшілер жазады. Сын ғылыми толғауларға құрылып, әдебиеттану ғылымының салаларына сүйеніп, тұжырымдар жасалынады. Сөздің саралығына, ойдың нақтылығына көңіл бөледі.

  3. Оқырман немесе халық сыны. Сынның бұл түріндегі мақалаларда сынның басқа түрлеріндей бейнелі тіл де, ғылыми-әдеби толғаулар болмайды. Шығарманың ұнаған, ұнамағандығы ғана жалтақсыз айтады. Ғ.Мүсірепов былай дейді: «Бұл әрине ғылыми сын емес, халықтың жүрегінің қалай соғып отыратынын көрсететін сын. Бұл – халық қазынасына қосуға жарамағанды аяусыз лақтырып тастап отыратын, бір айтар үкім сияқты сын. Бұл сында бетіне қарау болмайды». (5 томдық шығармалар, ІV т. А., 1978. 136б.)

Әдеби сын оның қай тұрғыдан зерттейтіндігіне қарай- әдеби сын анықтауға тиісті басты үш – тілдік, әлеуметтік, көркемдік жағы, соған сәйкес лингвистикалық, әлеуметтік (немесе саяси-философиялық), эстетикалық түрлері бар.
Лингвистикалық немесе семантикалық сындар. Әдеби туынды сөз өнері болғандықтан міндетті түрде көркем жазылуы керек. Сол себепті сыншы алдымен шығарманың тілдік жағына назар аударады. Әрбір шығарманың сөз саптау, сөйлем құру сияқты маңызды тілдік жақтарын саралау әдеби сынның алғашқы міндеттері.
Мәселен, автор сөзі мен кейіпкер сөзін қолдану, анафоралық, эпифоралық қайталаулар, сөздердің орын тәртібіндегі инверсия, сөз қайталаушылық, орфография мен орфоэпия ережелерінің саөталу – сақталмауы шығарма көркемдігін анықтайды.
Жазушы стилі туралы да сыншы зерттеу жүргізеді. Бұған Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы» мақаласы, М.Әуезовтің «қазақ қаламгерлеріне берген стильдік мінездемелерін» айтуға болады.
Жеке шығарманың стилі, жазушы стилі, стильдік ағым мәселелері де лингвистикалық сынның міндетінде.
Әлеуметтік сындар.
Әдеби шығарма - қоғамдық өмір шындығының көркем бейнесі. Көркем шығарамда белгілі бір ортаның қоғамдық санасы, тұрмыс-тіршілігі, ой-арманы, ұлттық діни ерекшеліктері көрініс табады. Осыны анықтау үшін сыншы әлеуметтік талдаулар жасайды, осыдан әлеуметтік сын туады
Көркем шығарамны әлеуметтік талдаудың бірнеше қырлары бар.
Алдымен - социологиялық тұрғыдан, яғни көркемдік шығармада өмір шындығының қаншалықты дәрежеде сәйкестік тапқандығын анықтау.
ХІХ ғасырда әдебиетті осындай тәсілмен зерттеген Добролюбов, Писарев негізін қалаған «реалистік сын» өмірге келді. Шығарманы реалистік тұрғыдан талдау күні бүгінге дейін көркем әдебиетті танудың бірден-бір жемісті жолы болып табылуда. Бұл әдісті дұрыс қолдану білмеушілік көркем әдебиетте натурализмге апарып соқтырады.
Саяси жағынан талдауда көптеген қажеттіліктер болды. Белгілі бір таптық қоғамдық көзқарасын, идеологиясын білдіретін теріс қағида басшылыққа алынып келді. Ұлттық әдебиет бұдан зардап шекті. Көркем әдебиеттің әлеуметтік қырларын ашудағы мұндай келеңсіздіктер қазақ әдебиеті сынында жиырмасыншы жылдардың соңы мен отызыншы жылдарда асқақтап кетті.
Шығарманың идеялық және көркемдік сипаттарын ашуда библиографиялық тұрғыдан келу, оның авторлық өмір шолып зерттей отырып, яғни объектіні автор арқылы ашу да – сыншы тәсілі.
Бұл тәсілдің де Қазан төңкерісінен кейін келесі 3 тұстары болды. Яғни «пролеткультшілдік» осы әдісті абсалютке айналдырып, өткен ғасырда жасалған ақын-жазушылардың барлығы күні өткен заман өкілдері, олар социалистік жаңа қоғамға қатысы жоқ деп бағалады. Бұл әсіресе, Абайтануда анық көрінді.
Әдеби шығарманың туу тарихын зерттеу де –оның көркемдік сипатын ашуға көмектеседі. Сыншы нақтылы бір шығарманы талдау үшін оның жазылу барысындағы барлық – психологиялық (жазу үстіндегі жан-күйі, толғанысы), текстологиялық (түрлі нұсқаларының жасалуы), хронологиялық (жазылу мерзімі), тұрмыстық (қызмет тұрмыс жағдайы) объективтік тұрмыстық (қандай жерде, қандай қағазға жазды немесе ауызша айтылған диктовка). т.б. жағдайларды анықтау арқылы шығарманы тереңірек түсінуге көмектесетін аса маңызды дәрежеге ие болады. Көркем шығарманың туу тарихын сыншы осылай зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет