Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет9/15
Дата21.12.2022
өлшемі79,67 Kb.
#58759
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Дәріс Әд сын даму тенд

Пайдаланатын әдебиеттер
1. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы (оқу құралы).-А., 1994.
2. Нұрғалиев Р. Өнердің эстетикалық нысанасы - А., 1986.
3. Қирабаев С. Сын және революция. – А.,1981.
4. Әшімбаев С. Ой мен парасат.-А., 1985.
5. Сарбалаев Б. Қызыл алма. – А., 1985.
6. Ысқақ Д. Сынсапар. –А.,1996.
7. Ысқақ Д. Сын сырдары.- А.,2001.
8. Ысқақ Д. Сынсапар. –А.,1994.

8-тақырып. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы. Соғыстан кейінгі дәуірде қазақ әдебиеті сынының дамуы, өркендеуі
Партияның көркем әдебиет пен өнер жайлы қаулылары (1946-1948). Олардың әдебиет дамуына жасаған кері ықпалы. 40-50 жылдардағы қазақ әдебиетінің табыстары. Қазақ жазушылары шығармаларының шет тілге аударылуы.
Қазақ әдебиетінде “ұлтшылдық” талқандалған соң, әдеби сынның негізгі тақырыбы “социалистік реализмнің кейбір мәселелері” болды. Қазақ жазушыларының шығармаларында жаңа көркемдік әдіс қалайша жүзеге асырылып жатқандығына назар аударылды. Жалпы алғанда, негізгі кадрларынан айрылып қалған қазақ әдеби сыны тоқырауға ұшырады. Көп ұзамай соғыс басталып кетті де бұл дағдарыс ұзаққа созылып кетті.
Соғыстың алдындағы, соғыс кезіндегі әдеби сын халық шығармашылығы жайлы көп жазды.
1942 жылы М.Әуезовтің “Абай” романының бірінші кітабының шығуы қазақ әдебиетінің ғана емес, республиканың мәдени өміріндегі тарихи оқиғалардың бірі болды. Басылып шығу үшін партияның бақылап отыратын тиісті “көз-құлақтарынан” өте алмаған соң бар жауапкершілігін өз мойнына алып, сол кездегі республикалық баспаның басшыларының бірі Б.Кенжебаев “Абай” романын жасырын бастырып, кітап етіп шығарып жіберді. Сонымен бірге республикалық баспасөзде Б.Кенжебаевтың “Қазақтың тұңғыш эпопеясы” атты мақаласы жарияланды. Абайдың туылғанына 100 жыл толуына орай бірсыпыра мақалалар жарық көрді. 1942 ж. С.Мұқановтың “Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер” атты кітабы жарық көрді. Мұнда Махамбет, Шортанбай, Мұрат, Шернияз, Нысанбай, т.б. ақындардың шығармаларына кең талдаулар жасалынды.
Соғыстан соң компартия идеологиялық жұмысты қайтадан қатайта бастады. Сол кездегі даудың басы Кенесары-Наурызбай көтерілісіне баға беру болды. 1943 жылы шыққан “Қазақ ССР тарихында” және Е.Бекмаханов қорғаған “Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың ұлт-азаттық күресі” /1837-1847/ атты кандидаттық диссертацияда Кенесары туралы жылы лебіздің айтылуы қарсы дау туғызып, бұлар “орысқа қарсы жазылған” еңбектер деп шовинистердің бас көтеруіне әкеліп соқтырды. Соңы Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, Н.Якуниндердің “Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын” деген мақаласының “Правда” газетінде жариялануына ұласты.
Қырқыншы жылдардың соңына қарай БКП /б/ ОК мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ұлтшылдыққа қарсы бағытталған бірнеше қаулы қабылдады. Осы қаулыларды жүзеге асыруда Т.Жароковтың “Зиянды кітап”, “Есеп пе, өсек пе?”, С.Төлешевтің “Қазақ әдебиетін зерттеудегі елеулі қателіктер мен кемшіліктерді батыл және тез жояйық”, С.Бәйбішевтің “Профессор М.Әуезов өткендегі қателіктерінің шырмауында” деген сияқты мақалалар қаптады. Әдеби сын тағы да қазақ әдебиетіндегі ұлтшылдықты әшкерелеуге белсене кірісіп кетті.
Елуінші жылдардың бірінші жарымындағы қазақ әдеби сыны тағы да “ұлтшылдықты” әшкерелеуімен көзге түсті. 1952 жылы 10-желтоқсанда КК ОК “Социалды Қазақстан” газетінде “Көпеев – ұлтшыл, діндар ақын” деген атпен жарияланған мақала туралы қаулы қабылдады. М.Әуезовтің “Абай” романынан ұлтшылдық, ескішілдік бағытта көп кемшіліктер тапқан “Әуезовтің “Абай” романы хақында”
/ “По поводу романа М.Әуезова “Абай”. “Казахстанская правда”, Х.1952/ атты мақала Одақтық деңгейде жоғары бағаланып, мемлекеттік сыйлыққа ие болған “Абай” романын теріске шығарып, М.Әуезовтің бетін тырнап жатты. М.Әуезовтің ұлтшылдығын С.Нұрышев, Ә.Нілдібаевтар әрі қарай “зерттеп” бірнеше мақалалар жариялады.
Елуінші жылдардағы ұлтшылдықты әшкерелеу науқанына М.Ғұмарованың “Қазақ әдебиет тарихындағы Кенесары қозғалысын зерттеушілерге қарсы”, Н.Жанділдиннің “Сұлтанмахмұт туралы сапасыз кітап”, Т.Жароковтың “Әдебиетімізді жат пікірлер мен қателіктерден біржола арылтайық”, Б.Сахариевтің “Абайдың шәкірттері туралы”, М.Сәрсековтің “Бекхожин шығармаларындағы ұлтшылдық сарын”, т.б. мақалалар айтарлықтай “үлес” қосты.
1953 жылы қазақ ауыз әдебиетінің мәселелеріне арналған айтыс өтті. Айтыста Қазақстанның, Мәскеудің ғалымдары қазақ ауыз әдебиетін түгелге жуық халыққа жат деп тапты.
Елуінші жылдардың екінші жарымына қарай, Сталин қайтыс болған соң идеология майданында “жылымық” басталды. Бұрынғыдай әдебиетшілерді ұлтшылдықпен айыптау тоқталды. Айдалып кеткен қаламгерлер қайта оралып, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік алды. “Қазақ әдебиеті”, “Әдебиет және искусство” басылымдарында қазақ әдебиетінің тарихын қайта қарау мәселелері көтерілді. Р.Бердібаевтың “Ең үлкен мәдени байлық” / “ҚӘ”, 22.ҮІ.1956/, “Қазақ әдебиеті тарихының кейбір мәселелері” / “Әдебиет және искусство”, 1956, № 12/, М.Қаратаевтың “Қайта қарауды қажет ететін мәселе” /“ҚӘ”, 10.ҮІІІ.1956/, Б.Кенжебаевтың “Өтелмеген парыз” сияқты мақалаларда әдеби мұраны игеру батыл көтерілді. Бұл ретте “Қазақ әдебиеті” газеті белсенділік танытты.
1957 жылы 25 наурызда “Абай” романы қазақтың тұңғыш эпопеясы” атты конференция өтті.
1957 ж. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров ақталды.
1959 жылы Қазақстан Ғылым Академиясы әдебиет мәселелеріне арналған конференция өткізді. Конференцияда М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, М.Дүйсенов, М.Қаратаев, Ы.Дүйсенбаев, М.Сильченко, С.Талжанов, Х.Сүйіншәлиев, З.Ахметов, Ә.Дербісалин, Қ.Жұмалиев, т.б. шығып сөйлеп, бұрынғы, бүгінгі әдебиеттің көкейкесті мәселелері жайлы өз ойларын ортаға салды. Біраз нәрсенің басы ашылғандай да болды. Десек те көп мәселенің шешімі болашақтың еншісіне қалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет