Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет3/15
Дата21.12.2022
өлшемі79,67 Kb.
#58759
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дәріс Әд сын даму тенд

Пайдаланатын әдебиеттер
1. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы (оқу құралы).-А., 1994.
2. Нұрғалиев Р. Өнердің эстетикалық нысанасы - А., 1986.
3. Қирабаев С. Сын және революция. – А.,1981.
4. Әшімбаев С. Ой мен парасат.-А., 1985.
5. Сарбалаев Б. Қызыл алма. – А., 1985.

2-тақырып. Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ойлары
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектеріндегі сыни ой-пікірлер. Г.Потаниннің Ш.Уәлиханов «Қазақ әдебиетінің өркендеуіне сала алар еді» деген тезисінің мәні және Шоқан еңбектерінің көркем қасиеттері мен публицистикалық ой-түйіндері. Шоқан – қырғыздың ұлы эпосы «Манасты» тұңғыш зерттеуші. Шоқанның ауыз әдебиетіне көзқарасы және оның үлгілерін жинап, зерттеуі. «Қазақтың халықтық өлеңдерінің түрлері туралы» еңбегінде қазақ өлең түрлері мен өнерпаз дарындарды классификациялауы. Шоқан- қазақ халқының ғылыми ой-пікірі оянуының қарлығашы. Ыбырай Алтынсарин жасаған «Қазақ хрестоматиясының» тарихи мәні. Хрестоматия жасау – ғылыми-сыни ойдың жемісі. Ыбырайдың ана тілінің тазалығын сақтау жолындағы күресі және қазақ тілін өркендету жайындағы ойлары. Ыбырай – қазақ халқының педагогикалық ой-пікірін жүйелі негізге салған, сыншылық ойға педагогикалық арна дарытқан дарын. Абай Құнанбаев – сыншыл реализм дәстүріндегі жаңа эстетикалық мұратты қалыптастырған, сөз өнерінің қадір-қасиетін жаңа сатыға көтерген ұлы ақын.
Қазақ әдебиеттануы өзіндік ерекшеліктері, ұғым-түсініктері, теориясы мен методологиясы бар ғылым ретінде бірден дүниеге келген жоқ, өзінің қалыптасу жолында әр түрлі асу белестерден өтті. Қазақ әдебиеттану ғылымы даму барысында үш кезеңді басынан өткерді. Бірінші кезең – Қазан төңкерісіне дейін қазақ әдебиеттану ғылымының ояну дәуірі. Екінші – әдебиеттану ғылымының жанрлық қалыптасуы. Үшінші – жан-жақты толысып, өркендеуі және идеялық-творчестволық жағынан жаңа биіктерге көтерілуі.
Т.Кәкішев „Қазақ әдебиеті сынының тарихы„ атты еңбегінде „қазан төңкерісіне дейінгі кезеңді қазақ әдебиеті сынының туу дәуірі деп, ал қазан төңкеірісінен кейінгі кезеңді сынның жанр ретінде қалыптасуы мен әдебиеттану ғылымының ояну дәуірі„ деп көрсетеді. Әрине, нағыз теориялық, методологиялық жетістіктермен қаруланған әдебиеттану ғылым ретінде Қазан төңкерісінен ейін қалыптасып дамыды. Дегенмен, әдебиеттануға байланысты алғашқы ой-пікір, тұжырымдар бұдан ертерек уақытта кездеседі. Бұл кездегі мақалалар қарапайым түрде болғанмен, өзінің әдебиет туралы ғылыми ой-пікір түйіндеуге ұмтылғандықтарымен құнды. Бұл тұрғыдан қазақтың ұлы ағартушылары Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің эстетикалық толымды толғаныстарын айтуға болады. Шығыстану саласындағы Шоқанның еңбектерінде аналитикалық негіз басым, құнды әдеби ой-пікірлер мен тұжырымдар жиі кездеседі.
Ш.Уәлихановтың „Қазақтың халықтық поэзиясының түрлері туралы„ зерттеуі өзінің ауқымдылығымен ғана емес, эстетикалық талдауының толымдылығымен де маңызды. Шоқан қазақ поэзиясының түрлерін тұңғыш рет классификациялайды. Әдебиетшіге тән байқағыштықпен сөз өнерінің сырына терең үңіле білуі арқасында өлең-жырдың сыртқы көрінісіне, ішкі мән-мағынасына, ұйқас, ырғақ жүйесіне қарап, қазақ поэзиясын „жыр, жоқтау, қайым, қара өлең, өлеңі„ деп бөледі. Олардың тууы, жетілуі, қолданылуы туралы қызықты деректер келтіріп, даму эволюциясын айқындайды. „Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді. Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуінде тақпақтап айтылады. Негізінен, жырлардың мазмұны бұрында өткен белгілі халық батырларының өмірі мен қаһармандық іс-әрекеттері болып келеді„, - деп, жырдың тарихилық сипаты жөнінде ғылыми тұжырымға пара-пар ой түйіндейді. Сонымен қатар, „Шығармалардағы батырлардың өмірі мен ерліктеріне байланысты оқиға қара сөзбен әңгімеленіп келеді де, ал өлең-жыр жолдары шығарма кейіпкерлері немесе негізгі қаһарман сөйлегенде басталады„, - дегені ғалымның жыр поэтикасына назар аударғанын аңғартады. Шоқан төл әдебиетінің жанашыры болып, „соңғы кезде, менің дала кезген кезімде жыр поэзиясының қалыс қалып бара жатқанын байқауға болады„, - деп қынжылыс білдіреді. Тарихи деректер мен кейінгі даму барысы бұны қоштамайды. Өйткені Шоқан аяғы жеткен өлкелерде жыр дәстүрі батыстағыдай терең тамыр жая қоймаған. Ғұлама ғалым өлең табиғатына кеңірек тоқталады. „Өлең төрт шумақтан тұрады, алғашқы екі шумақ және төртінші шумақ силлабикалық жүйеде бір ұйқасқа бітеді. Үшінші шумақ ұйқаспайды. Мысал үшін біздің ориенталистерге бүкіл шығыс поэзиясындағы көлем мен өлшем тұрғысынан тек араб өлшемі ғана ыңғайлы деген пікірге дәлел ретінде „Қозы көрпеш-Баян сұлу„ жырының төрт шумақты жырының біріншісін ұсынамын„, - деуі қазақ әдебиеттануының таң шапағында Шоқанның әдеби-теориялық мәселелерге көңіл қойғандығын көрсетеді. Оның кейбір ойлары өміршең болып, кейінгі авторлар оны әрі қарай жалғастырып әкетті.
Қазақ халқының рухани байлығын ғылыми тұрғыдан зерттеп, тұжырымды пікірлер айтқан Шоқанның еңбектері әдебиеттану ғылымының қарлығашы болды.
Ыбырай Алтынсариннің “Қырғыз /қазақ/ хрестоматиясын” жазуы үлкен – тарихи оқиға. Оқулықтың мақсатты көздегендіктен де Ыбырайдың өз өлең-әңгімелерінің барлығы дерлік тәрбиелік мақсатта жазылған. Қазақтың бай ауыз әдебиеті ішінен, басқа да халықтар әдебиетінен аудармалар жасап, кітапқа енгізгенде Ыбырайдың сыншылдығы педагогтік бағытта көрінеді. Ол шығарманың тәрбиелік маңызын ғана емес, сонымен бірге оның оқушының санасына жетуіне тікелей әсер ететін жас ерекшелігі, ұлттық психология, жеке мүддесі сияқты мәселелерді де ескеріп отырған.
Абай қазақ әдебиетінің классигі болумен бірге сыншылдық ойды барынша биікке көтерген сыншы да бола білді. Оның поэзияның шыңына шығуы өзіне дейінгі қазақ ақындарының өлеңдеріне сын көзімен қарап, солардан қорытынды жасауының нәтижесі еді. Жалпы қазақ ақындарының ішінде сөз өнеріне Абайдай биік талаптар қоя білген ақын – жоқтың қасы. Керек десеңіз, Абай өзіне дейінгі қазақ поэзиясына көңілі толмаған. Абай оннан астам өлеңінде тілдің құдіреті, өлеңнің қалай болуы керектігі жайлы пікір білдіреді. Ол жазған “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” өлеңмен жазылған поэзияның теориясы іспеттес. Абайдың қазақтың бірсыпыра мақал-мәтелдеріне пікір айтуы, оның әдеби сыншылық дарынының аса күшті болғанын дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет