40
дейінгі бала үшін жәрдемақы төленеді. Қорғаншы жылына екі рет мемлекетке баланың денсау-
лығына, оқуына және оған жасалып жатқан күтім үшін жұмсалған ақша бойынша есеп береді.
3. Қамқоршылық — он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ
спирттi iшiмдiктерге немесе есiрткi заттарға салынуы салдарынан сот әрекет қабiлетi шектеулi
деп таныған адамдарға белгiленедi.
4. Бала асырап алу — заңды түрде баланы отбасына қабылдау. Бала туысқан ретінде ұлы
(қызы) болып барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады. Бала асырап алу баланы отбасына
орналастырудың басты түрі болып келеді. Ал ата-аналар үшін бұл — бала тағдырына және оның
толық дамуына ең жоғары дәрежедегі жауапкершілік.
Қазақстанда асырап алу құпиясы заңмен қорғалады. Ата-аналары, туыстары, баланың
құқықтарын қорғау жөніндегі
функцияларды жүзеге асырған ұйымдардың және (немесе) бала
асырап алуды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған мемлекеттiк органдардың лауазымды
адамдары, бала асырап алу туралы шешiм шығарған судьялар, сондай-ақ бала асырап алу туралы
өзгедей түрде хабардар болған басқа да адамдар бала асырап алу құпиясын сақтауға мiндеттi.
Бүгінгі таңда балалар құқығын қорғау саласындағы маңызды мәселелердің бірі халықа-
ралық бала асырап алу институты болып табылады және де ерекше құқықтық реттеуді талап
етеді.
Халықаралық бала асырап алу институты әлемдік тәжірибеге өткен ғасырдың орта тұсынан
ене бастады. Біршама уақыт өткеннен соң шетелдіктердің бала асырап алуы үйреншікті іске
айналды. Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-да бала туу көрсеткішінің төмендеуі және Оңтүстік-
Шығыс Азия елдеріндегі экономикалық жағдайдың нашарлауы сияқты бірқатар теріс факторлар
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында әлемде халықаралық бала асырап алу құбылы-
сының кең таралуына себепші болды.
Қазіргі таңда 8,5 мың Қазақстандық азаматтар балалар үйінен бала асырап алғысы келеді,
бірақ заңдағы кейбір аспектілер кедергі келтіруде.
Бүгінде республикамызда жүз елуден астам жетімдер үйі бар. Жыл сайын қазағымның қара
домалақ ұлдары мен қара көз қыздары шетелдік азаматтардың қамқорлықтарына ие болуда. Қа-
зақстан Республикасының Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2000-2017 жылдар ара-
лығында шетелдіктер 8169 сәбиді асырап алған. Соңғы он жылда қазақстандық жетім балалар
әлемнің отызға жуық
еліне әкетілген
2
.
Егер Сіз бала асырап алғыңыз келсе, республикамыздың кез келген аймағынан, не болмаса
тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына барып, өтініш
беруіңізге болады.
Өтінішке төменде көрсетілген құжаттарды қоса тіркеу қажет:
1) жұмыс орныңыздан лауазымыңыз бен еңбек ақыңыз көрсетілген анықтама қағаз;
2) тұрғылықты мекен-жайыңыздағы үй кітапшасының көшірмесі;
3) тұрғын-жайға иелік, меншіктік құқығыңызды
растайтын құжат;
4) сотталмағандығыңызды растайтын құқық қорғау органдарының анықтамасы;
5) денсаулық жағдайыңыз туралы емдеу-профилактика мекемелерінің медициналық
қорытындысы;
6) (егер некеде болсаңыз) неке куәлігінің көшірмесі;
7) тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары
жасаған тұрғын үй-тұрмыстық жағдайыңыздың зерттеу актісі.
Қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін сізге баланы таңдап алу және онымен қарым-
қатынас орнату үшін ата-анасының қамқорлығынан айрылған және жетім балаларға арналған
мекемелерге жолдама береді.
Баланы асырап алуға жол бермейтін жағдайлар:
1) ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің сотпен заңды әрекетке қабілетсіз деп
танылуы;
2) ата-ана құқықтарынан айрылған немесе сот арқылы ата-ана құқықтары шектелген
адамдар;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орында-
мағаны үшін қамқоршы немесе қамқоршы
міндетінен босатылған адамдар;
4) денсаулығына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар;
5) тұрақты тұратын жері жоқ адамдар;
41
6) дәстүрлі емес сексуалдық бағыттағы адамдар;
7) бала асырап алу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе өтелмеген
соттылығы бар адамдар;
8)
азаматтығы жоқ адамдар;
9) бала асырап алу кезінде балаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең
төмен күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар;
10) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде тіркелген адамдар;
11) бір-бірімен некеде тұрмаған адамдар
3
.
Баланы
асырап алғаннан кейін, қайтадан жетімдер үйіне апарып тастаудың 4 себебі бар:
1. Тиісті мотивацияның жоқтығы. Ата-ана атанғысы келуі әр алуан себептерді тудыруы
мүмкін: толыққанды отбасын құруға деген ұмтылыс, өз бетінше балалы бола алмау, қарттықтан
және жалғыздықтан қорқу. Осындай жағдайларда, асырап алуға үміткерлер ең алдымен өздері
туралы ойлайды.
2. Ата-аналар үшін дайындық мектебінің жоқтығы. Көптеген шет елдерде баланы патронат-
тық тәрбиеге қабылдамас бұрын, ата-аналар заңды түрде арнайы курстардан өтуге міндетті,
онсыз балаларға кіруге рұқсат берілмейді. Қазақстанда мұндай заң жоқ, сондықтан арнайы
мектептер де жоқ. Нәтижесінде, ата-ана қандай жағдайда қалай әрекет ету керектігін білмейді.
3. Отбасыларға одан әрі қолдаудың болмауы. Егер ата-ана да, бала да дайын болмаса,
жағдай екі есе күрделене түседі.
4. Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің толыққанды ұйымдастырылған қызметі жоқ,
отбасына әлеуметтік көмек жоқ. Иә, әйелдердің жағдайын жақсартуға, мақсатты әлеуметтік
көмек көрсетуге және кәмелетке толмаған құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған
республикалық бағдарламалар бар.
Алайда, олардың бірде-біреуі нақты мақсаттарға ие емес, қиын өмірлік жағдайдағы отба-
сылар мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері желісін құру керек.
Қазақстанда бала асырап алу процесін институционализациялау ендіріле бастады. Бұл —
біріншіден, бала асырап алу заңдылықтарының экономикалық, саяси және мәдени факторлар
мен анықталуы. Екіншіден, әлеуметтік жұмыстарды кәсібилендірудің баяу дамуы. Үшіншіден,
постиндустриалдық қоғамдағы жұмыстың әлеуметтік мәні. Ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету кезеңінде әлеуметтік жетімдікке жол бермеуіміз
керек.
Қазақстанда баланы асырап алу процесіне әлі күнге дейін жәй ғана «баланы алу» тұрғы-
сынан қарайды. Ал негізгі мақсат жәй баланы ала салу ғана емес, болашағынан зор үміт күтті-
ретін ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
Сонымен «бала асырап алуға қатысты заңнамаларда нені өзгертемін, неге және бұл елге не
береді?» – деген сұраққа жауап бере отырып, құндылық жүйесін өзімнен бастап өзгерткім
келеді. Шетелдік асырап алушыларға біздің балаларымыздың құқықтарын қорғау бойынша
шараларды күшейту арқылы дамыған елдер алдында еліміздің саяси беделін көтереміз. Бұл өзге
елдердің қазақ балаларына жауапкершілікпен қарауына себеп болады. Ал егер шетелдіктерге
бала асырауға тиым салатын болсақ, жетімдеріміздің заңды экспорты болуын тоқтатар едік.
Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, қарттарын қадірлеген қоғамымызды қайта
жаңғыртайық!
1
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы
№518-ІV Кодексі, 102-107-баптар.
2
«Жетімді жылатпа» http://www.zharar.com/kz/shygarma/12139-zhetim.html.
3
Қазақстандағы бала асырап алу: талаптары, тәртібі және қажетті рәсімдер. http://egov.kz/cms/kk/articles/
adoption_of_a_child_in.