Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарның қауымдастығы



бет43/94
Дата21.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#51508
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94
Байланысты:
1093 k L

1. Православие, 2. Монархия, 3. Шаруа қауымы.
Православие бірыңғай «тұтастық білім» және жанның үйлесімдік жағдайының негізі - дейді А.С. Хомяков (1817-1860). Православие – бостандық пен қажеттілікті, жеке бастың діншілділігін шіркеу ұйымдарымен табиғи түрде байланыстырады. Адам өмірінің бұл жақтарын табиғи үйлестіру «Соборность» түсінігін тудырады. «Соборность» - жеке адамдардың шіркеуде өз еріктерімен бір-бірімен бірігуін білдіретін православиялық діни ілім және діни-философиялық термин. Славянофильдер: соборность - православие шіркеуінің шеңберінде өмір сүретіндер үшін түсінікті және солар ғана оны игере алады, бейімделмегендер мұны түсінбейді дейді.
Монархия – мемлекеттік құрылыстың идеалдық түрі. К.С. Аксаков (1817-60 жж.). Орыс халқы Батыстық «Мемлекеттік» болуды қаламайды. Ештемеден қымсынбайтын монархия орыс халқын саяси және құқықтық қатынастан, сонымен бірге «революциялық зорлықтан» қорғайды. Өкімет халықтың ішкі өміріне, әдет-ғұрыпқа және тұрмысына араласпауы керек деп санайды. «Әлемдік рухани өмір», «бір-біріне араласпау», принципінің қайта өркендеуі, Аксаковтың ойынша, орыс қоғамының келешегі мен тұрақтылығының кепілдемесі.
Шаруалар қауымы - «бірыңғай өнегелік әлем» ретінде. Славянофильдер консерваторлар немесе утопистер болған жоқ. Христиан діні позициясынан басыбайлылықты айыптады, адам адамның құлы бола алмайды дейді. Сонымен бірге, шаруа қауымын дворяндардың қамқорлығынан ажыратса, іріп-шіріген бюрократиялық өкіметтің езушілігіне тап болады дейді. Оны қорғау қиын. Қауымның қирауы - орыс мәдениет бастауының ең бір негізінің құлауы деп есептеді. Славянофильдер орыс халқы құдайшыл, патшашыл, діншіл, төзімді, олай болатын болса, Ресей патриархалдық жағдайда болуы керек деп, философияның немістік типін жоққа шығарып, отандық ерекше орыс философиясын жасауды ұсынды.
Батыстықтар. Славянофильдермен айтыста батыстық тұжырымдама қалыптасты. Бұл бағыттың өкілдері: В.П. Боткин, П.В. Аннеков, Т.Н. Гранновский, Н.В. Станкевич, А. И. Герцен, Н. П. Огарев, В. Г. Белинский, жазушылар арасында И. С. Тургенев және бұларға П.Я.Чаадаевты да қосуға болады. Дінді сынай отырып, материализмге құмарланды, бірақ философияға қарағанда олар гуманитарлық ойлаудың құшағында болды. Ресейдің батыстық жолмен дамуын қолдаған оларды жеке патшалық, шаруа құрылысын айыптау, ағарту идеяларын дамыту, Ресейді еуропаландыруға ұмытылу біріктірді.
А. Герцен (1812-1870 жж.) барлық орыс мәселелері «басыбайлылық құқығында жатыр» дейді. Гегельдің табиғаттың, қоғам мен ойлаудың жалпы заңдарын ашқан диалектикасын «революция алгебрасы» деп атады. Герцен идеялардың логикалық дамуы, Гегель айтқандай, шындықтың, табиғаттың дамуынан бұрын жүрмейді, деді. Ал керісінше, табиғаттан бұрын логикалық ойдың болуы мүмкін емес, табиғаттың өмірі үздіксіз, ал ой – соның бейнесі деп түйді.
Белинский - адамазаттың дамуында шек жоқ, адамзат өзіне тоқта, жетті, енді одан ары баратын жол, мақсат жоқ деп ешқашан айтпайды деді. Ол: 1. Диалектикалық тәсілді қолдануға шақырды, метафизика мен механицизмді сынады; 2. Агностицизм мен скептицизмді сынап, материалистік таным теориясын қолдады: дүниетанудың негізі - сезім мүшелерінің сыртқы дүниені, заттар мен құбылыстарды бейнелеуі; сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың нақты бейнесі адамның ақыл-ойында өңделіп, ұғымдар, идеялар, тұжымдарда көрінеді; танымның ақиқаттығының критерий практика, өмірдің өзі.
Орыстың революцияшыл демократтарының материализмі ХІХ-ғ 60-80 жж. Чернышевский мен Добролюбовтың көқарастарында көрінді:

  1. Тап күресі - қоғам дамуының қозғаушы күші.

  2. Тарихты патшалар мен қолбасшылардың іс-әрекеті жасайды, тарих солардың өмірбаянының жиынтығы деген идеалистік көзқарасқа қарсы шықты.

  3. Бірақ олар тарихи дамудың объективтік заңдарын ашу дәрежесіне көтерілген жоқ.

  4. Пролетариат тарихи міндетін түсінбеді, оған патшалық Ресейдегі қоғамдық өмірдің артта қалуы себеп болды.

Н. Г. Чернышевскийдің (1828-1889) пікірінше, Россия капитализмсізақ бірден социализмге өте алады. Ол үшін тіпті қатты шараларды да қолдану керек. Оның көзқарасы «Не істеу керек» деген романында берілген. Онда «жаңа адамдар», әйелдерді азат ету, саналы эгоизм, революция мәселелері қойылды. Ол тарих пен материалистік философияның қорытындылары бұқара халықтың мүдделері мен тілектеріне сай келуі керек деді. Дүниенің материалдық принципін Чернышевский өзінің «Философиядағы антропологиялық принцип» деген еңбегінде жан-жақты ашты. Ол дүниеде қозғалып тұрған материя мен материяның жоғарғы ұйымдасу сатысында пайда болатын санадан басқа ештеңе жоқ екенін көрсетті. Ой, оны туғызатын материядан тыс өмір сүрмейді, бірақ материяның бәрі бірдей ойлай білмейді, ойлау - тек жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан материяның қасиеті. Организмнің бірлігі мен және онда мидың ерекше рөл атқаратынын жариялады. Чернышевский Фейербахтың ықпалымен өз философиясын антропологизм деп атады. Фейербахты сынап, кемшілігін ашып көрсете алмады. Диалектикалық материализмге жақындады. Қоғамтануда көп көрегендік пікірлер айтты.
Ф.М.Достоевский адам санасы, адам болмысы мәселелеріне өз еңбектерінде философиялық мән берді. Оның шығармалары: «Жаза» (1866), «Нақұрыс» (1868), «Әзәзілдер» (1871-72), «Жас өспірім» (1875), «Ағайынды Карамазовтар» (1879-80) романдары, хаттары және «Жазушы күнделігі». Бұл еңбектерінде халықтың тұрмысы, әдептілік, дін мәселелері қаралды. Ол жазушы - психолог, негізінен адамның табиғи және әлеуметтік қажеттілігін, өте күрделі жағдайдағы мінез- құлқыының өзгерістерін қарастырады. Адамдардың ең терең рухани әлемінің құпиясын, оның психикасын, жанға бататын көріністерді талдады. Жеке мен қоғамның антагонизмін болжап, индивидуалистік этиканы қолдады. Сонымен бірге адамдардың табиғаты мен әрекетінде иррационализмнің бар екенін көрсетті. Адамдардың іс-әрекетін логикалық, тіпті психологиялық жолмен түсінуге болмайтынын айтты. ХІХ ғ. екінші жартысындағы идеалистік көзқарастың орталық мәселесі – адам тағдыры, оның құдай мен әлемнің тығыз байланыстығын өзінің Ф.М. Достоевский әдеби көркем шығармаларында талдады.
Ф.М. Достоевский психиканың рационалдық бастамасын жоққа шығармайды. Керісінше, ақыл-ой мен логиканы сыртқы дүниені танудың маңызды факторы деп санайды. Бірақ, ақыл-ойдың көмегімен адамның психикасын түсіндіру және қандай болса да заң шығару қиын, оның себебі рухани әлемде ақыл-ойдың өзі бағынышта болады. Ф.М. Достоевский алғы шепке ырықты шығарады, рационалистік тұрғыдан жанның күрделілігі, оның кұпиясын түсіндірудің қиындығын айтады. Сараптаушы парасат пен ырық антагонисті. Сараптаушы парасат бар жерде ырық, онымен бірге тұлға жоғалады. Ф.М. Достоевский - әлеуметтік зұлымдықтың тамыры адам антропологиясында дейді. Адам құндылығы оның еркіндігінде, ал оның өзінің ішкі имандылығы жоқ, еркіндікті бағаламайды. Кант философиясындағы антимонияны Ф.М. Достоевский шығармаларында кеңінен пайдаланады. Ол адам психологиясындағы әділдік пен зұлымдық, тазалық пен арамдық, жақсылық пен жамандықты өмірден алып, өз кейіпкерлері арқылы көрсетті. Оның мақсаты – христиан дініне негізделінген, құдайға сенген қоғамды құру болды. Ол мұны жердегі жұмақ немесе «орыс социализмі» деп атады.
Орыс космизмі. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында орыстың философиялық ой-пікірінде ғарыштық философия пайда болды, оны орыс космизмі деп атады. Өкілдері: Н. Ф. Федоров, В. С. Соловьев, Н. Я. Умов, К. Э. Циолковский, В. И. Вернадский, П. А. Флоренский, Н. Г. Холодный, А. А. Чижевский. Олар адамның космоспен бірлігі мәселесі, адамның ғарыштық табиғаты және адам іс-әрекетінің ғарыштық маңызды сұрақтарын қарастырды. Космизм тұжырымдамасы көптеген жағдайда Ресейде көп танылған эволюциялық көзқарасқа сүйенеді.
Орыс космизмнің екі тенденциясы бар:

  1. Қияли ойға байланысты немесе дінге сүйенген бағыт. Діни идеялар Н. Ф.Федоров, В. С Соловьев., П. А Флоренский. еңбектерінде көп.

  2. Ғылыми немесе жаратылыстану іліміндегі прогреске байланысты. Оның өкілі В. И. Вернадский өзінің биосфера мен Ноосфера, Жер мен Әлем рөлі туралы ілімдерін жасады, К. Э. Циолковский ғарышты игеру теориясын ұсынды.

В. С. Соловьев (1853-1900 жж.) – орыс философы, діни қайраткер, публицист және ақын. Москва университетін бітірген. Оның шығармашылық өмірі үш кезеңге бөлінеді:

  1. 70-ші жылдардағы теологиялық прогресшілдік.

  2. 80-ші жылдардағы дүниежүзілік мемлекет утопиясы.

  3. 90-шы жылдары, Эсхатологиялық (гр eshatos- соңғы және logos – ілім, сөз) көзқарастары.

Ол мына идеяларды ұсынады: қорқынышты сот және зұлымдықтың әлемді жеңуі - тарихтың соңы; адамның рухы зұлымдық әлемінде зарығуда; бірақ адам Абсолютке қатысы бар және құтылуы мүмкін, ол бүкіл әлемдік Шіркеуді жасау жолымен іске асады; шіркеу – келешек қауымдастықтың негізі, адамдардың бірлігі; адам санасын езілуден босату керек, ол үшін христиан дінінің кұндылығын қабылдау икемді. Соловьевтің «біртұтастық» (бәрінің бірлігі) идеясы адамзаттың бұдан да артық, жоғарғы сатыдағы эволюцияға өтуін дайындайды. Оның шыңына жетіп, «Құдай-адам» пайда болады. Соловьевтің жүйесінің негізгі теологиялық бағыты осы. Материализм мен революциялық-демократиялық ой-пікірге ол қарсы болды, христан діні мен платонизмді, классикалық неміс философиясын (Ф. Шеллинг) және ғылыми эмпиризмді біріктірумен айналысты. Бұл шын мәнінде мүмкін емес, метафизикалық әдіс еді.
«Жер бетінде шындық бола ма, әлде болмай ма?» деген сұраққа христиан дінінен жауап іздеді. Әлеуметтік тұрғыдан келгенде, елдің тыныштығын сақтау үшін Рим папасы мен орыс патшасының татулығы арқасындағы Одақты құруға шақырды.

  1. Христиан дінін материалдық өмірдің, уақыт пен кеңістіктің қирауынан құтқарып, тозбайтын ғарыш сұлулығына айналдыруды мақсат етті;

  2. Жетілдірілген жыныстық махаббат адам бүтіндігін және дүниені сақтап, мәңгі өлмесіке жеткізеді деп санады.

Соловьев философиясының өзекті идеясы – барлығын біріктіру идеясы, оның негізгі қағидасы «құдайға барлығы бір». Барлығының бірлігі, бірінші кезекте, жаратушы мен жаратылғанның бірлігі. Соловьевтің құдайының адами кейіпі жоқ, ол дүниеде әрекеттенетін, ерекше ұйымдастырушы күш, «ғарыштық ақыл». Сонымен В. С. Соловьев ақылды сезімге қызмет етуге, дінді адам санасындағы рационалдық бастаманы тірек етіп, діни көзқарасты жаңа ғылыми жетістіктермен дәлелдеуге ұмтылады. Н.А. Бердяев (1874-1948) орыс діни философиясының көрнекті өкілі. Экзистенциалист оның философиясының негізі еркіндіктің – болмысқа қарағандағы басымдығы. Болмыс мәнін адам, адам арқылы ашып таниды. Ол діни мистика жолдарындағы жеке адамның «ішкі рухани» таза рухын азаттық үшін таптық күреске қарама-қарсы қойды. Ол алғашқы кезде марксизмге жақындап, кейінен діни философияға, персонализм мен экзистенциализмге бет бұрып, халықтың бірлігін, рухани бостандығын қолдады.
Экуменикалық қозғалыстың теориялық негізін салуға, бүкіл христиан шіркеулерін біріктіруге С. И. Булгаков (1871-1944 жж.) көп еңбек сіңірді. Ол қоғамдық дисгармонианы (үйлеспеушілік) оның әр құрылымының әр түрлі бастамаларды – экономикалық, саяси, рухани, өнегелік, т. б. ұстанып, дербес өмір сүруінен деп түсіндірді. Егер олардың бәрін бір негізде құрса, әлеуметтік организмнің қарсыласулары мәңгі жоғалар еді. Осы негіздің болуы керек: егер құдай абсолют болса, онда ол біртұтас.
Л. Шестовтың (1866-1938 жж.) ілімінде басты ой – сенім мен ақылдың түбегейлі қарсы болуы, сыйспау тезисі. Тек құдайға ғана сенуге болады, ол ешбір тиянақты мазмұнға ие емес. Көрінген танымдық әрекет күнәға тең, бұл интелектуалдылыққа қарсы ұмтылыс. Шестовқа, дінге өте ыңғайсыз адам ақылын, байланыстырушылық дәрежеден алып тастау үшін қажет болды. Сондықтан ол ақылдың кемістігін, болмыстың көп сипаттылығын бейнелей алмауын көп айтады. Бұл соңында ашық мистицизмге әкелді.
Екінші тенденция: космизм - қоршаған ортаны, адамды өзара байланыстағы бүтіндік деп қарайтын философиялық бағыт. А. Л. Чижевский (1897-1964 жж.) жердегі (биосфера) өмірдің дамуы тек ішкі себептердің әсерін ғана емес, сонымен бірге ғарыштың күшті әсеріне байланысты екендігін айтты. Жердегі болып жатқан процестерді айқындаушы Күн. Күннің белсенді қызметі хайуандардың жүріс-тұрысына, көтерілуі және қайтуы әлеуметтік катаклизмдерге – соғыс, революцияға әсер етеді. Ол өзінің идеяларын жай түсініктер емес, ғылым тілімен түсіндіруге тырысты, өлеңдер, көркем шығармалар жазды. Чижевскийдің философиясын батыста өзіндік ерекше ғылыми негізі бар деп есептеді. Бізде «күнге табыну» философиясын ғылыми емес, абсурд деп санады. Федоровтың «Жалпы іс» (Общее дело) философиясының негізгі тақырыбы - ішкі импульстік эволюцияның әсерінен адам іс-әрекетінің өрісінің тұрақты көбеюі, өзінің белсенділік сферасына космостық кеңістікті қосуы. Адам кеңістікті ғана емес, уақытты да игереді. Таным, тәжірибе және еңбектің арқасында мәңгілікті табады және өмірден кеткен ұрпақты өмірге қайтарады деген идеялары. Адам табиғатты игеріп, өзін бағындыра отырып, өзінің организмін өзгертуді, ғарышты игеруді мақсат етеді дейді.
К. Э. Циолковский (1857-1935 жж.) оның пікірінше, материя негізінде өте ұсақ бөліктер - атомдар, ұсақ емес конфигурациясында (кескін үйлесімі) әртүрлі материалдық денелер жасалады. Оның ғылыми-техникалық жобалары, қазіргі замандағы космонавтиканың қалыптасуына өте зор ықпал етті. Ол ақыл-ой және шығармашылық адамды космосқа көтереді, уақыт барысында оның физикалық табиғаты өзгереді, ол жоғарғы организмдерге жақындайды, жұлдызаралық кеңістікке орналасады деп болжады.
В. И. Вернадский (1863-1945 жж.) Адамның эволюциялық барысында қоршаған табиғатты өзгерту іс-әрекеті күшейе түседі. Биосфера (өмір сферасы) әрдайым үздіксіз ноосфераға өтеді. Ноосфера – ақыл-ой сферасы, адамның өмірінде, оның материалдық және рухани мәдениетінде пайда болады. Ноосфера әрдайым ұлғаяды және болмыстың басқа да салаларына тарайды. Келешекте ноосфера жер үстінде жетекші болып қосмосқа ауысады деген ойларды айтып, биосфераның ноосфераға өтуінің әлеуметтік-табиғи негізгі алғышарттарын анықтады.

  1. Жер шарының әлемдік тарихын қамту және адамзатты бір тұтастыққа айналдыру.

  2. Байланыс құралы мен жетістіктерді айырбастауды қайта құру.

  3. Энергияның жаңа көзін табу.

  4. Барлық адамдардың тұрмыс жағдайын көтеру және олардың теңдігіне жету.

Ноосфера: ақыл-ойдың құдіреті арқылы дүниеге келген ғажайып техникалық құралдардың күшімен табиғатты бүлдірмей, оны жоспарлы, жүйелі, әрі сапалы түрде пайдаланып, өзгерту, түрлендіру, сақтау – жарқын келешектің белгісі.
Легальдық жария етілген марксистер (Н. А. Бердяев, С. И. Булгаков, С. Л. Франк, П. Б. Струве) - жас философтар, әрі экономистер. Бұлар марксизмдегі қоғам туралы ғылыми теорияның нақтылығын көрді, бірақ Маркстің революция мен диктатура идеясын қабылдамады. 1902-05 жылдары «легалистер» марксизмнің материализм мен атеизмінен бас тартып, Соловьевтің біртұтастық діни философиясына эволюция жолымен көшті.
Ресейдегі алғашқы марксизм теоретигі әрі насихаттаушысы Г. В. Плеханов (1856-1918 жж.). Плехановтың философиялық-әлеуметтік еңбектері жоғары бағаланды. Оның көптеген еңбектері маркстік теорияны дамытты. Марксизмді философиядағы жаңа кезең ретінде санап, ол оның сапалық өзгешелігін ашты. Тарихты материалистік тұрғыдан түсінуді жетілдірді. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана қатынастарының күрделігін көрсетті, қоғамның қарама-қарсы таптары күресінің көрінісі болатын идеялар шайқасында қоғамдық психологияның рөліне көп көңіл бөлді. Ол Россиядағы орыс революцияшыл-демократтардың тарихи рөлін көрсетті.
Советтік философияға В. И. Лениннің шығармасы зор әсер етті. Ол маркстік философиядағы материализмді дамытып, оны Ресей жағдайына бейімдеуге тырысты. 1917-30 жылдардағы ұзақ пікір-таластар ресми марксизм-ленинизмнің күшті басымдылығымен жүрді. Марксизм философиясын Лениннің дамытуы. Лениннің философияға қосқан үлестері: 1. «Материя» туралы анықтамасы. 2. Империализмге берілген анықтамасы. 3. Социализм теориясын нақтылау. 4. Таптарға берілген ғылыми анықтама. 5. Жеке, ұжымдық, мемлекеттік меншік туралы оқулары. 6. Дүниежүзілік пролетариат революциясы ілімі. Марксизм-ленинизм – әлемдік диктатура орнатуды көздеді.
Лениннің философиялық көзқарасына әсер еткен ғылыми жаңалықтар:

  1. Радиотолқындардың ашылуы (Герц).

  2. Сәуле салмағының бар екендігі (Лебедев).

  3. Сәуле кеңістікте толқын ғана емес, бөлшек ретінде де таралуы (Макс Планк).

  4. Материяның қозғалысы мен Уақыт бірлігі (Эйнштейн).

Осының нәтижесінде «материя» анықтамасы пайда болды, материя дегеніміз – адамға түйсігі арқылы мәлім болатын, түйсіктерге тәуелсіз бола тұра, сол түйсіктерде көшірме, сурет ретінде бейнеленетін объективтік реалдықты белгілеу үшін қолданатын философиялық категория.
Ленин Империализмнің үш ерекшелігін атап көрсетті:

  1. Империализм - монополистік капиализм.

  2. Паразиттік немесе іріп-шіріп бара жатқан капитализм.

  3. О дүниелік капитализм. Яғни, оның орнын социализм басады, ол революция

арқылы келеді.
Ленин капитализмнен социализмге өтудің диалектикасын ашты:

  1. буржуазияның қарсылығын басу;

  2. азамат соғысы;

  3. буржуазияны шектеу;

  4. буржуазиялық мамандарды пайдалану;

  5. жаңа адамдарды тәрбиелеу.

1930-50 жылдардағы философияны толық идеологизациялау, оны ресми өкіметтің қызметшісіне айналдыру, И. В. Сталиннің философиялық мәселелерді шешудегі әсерімен анықталады. Н. И. Бухарин - сана, психика мәселелерімен айналысты. А. Богдановтың теориялық жүйесі - «тектология». Тектологияның мақсаты: жекелеген құрылымның, болмаса бүкіл әлемнің типтері мен формалары туралы түсінік беру. Богданов бойынша, ол тәжірибенің осылай немесе басқаша ұйымдастырылуына көп әсер етеді. Белгілі марксистер: А. Ф. Лосев - адам, тарих А. М. Деборин - материализмді шығармашылық түсіну; Л. Гумилев - тарих, этногенез; В. Асмус - ғылыми, тарихи; Ю. Логман - қоғам, философия, тарих мәселелерімен айналысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет