Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет40/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Е с к е р т у. Ғой, шығар, болар сөздері арқылы жасалған сөйлемдер сұраулы да, хабарлы да болуы мүмкін. Сондықтан тыныс белгісі олардың қандай сөйлем екеніне қарай қойылады: - Қарағым Қамқа, бүгін күн жұма ғой? - Қарағым Қамқа, бүгін күн жұма ғой. Пойыз бүгін кешікпей келетін болар? - Пойыз бүгін кеиіікпей келетін болар. Мұндай сөйлемдердің сұраулы не хабарлы екендігі жалпы контекске қарай және интонацияға қарай ажыратылады.
Кейде, көбінесе диалогтерде, сұраулы сөйлем контекске қарай таза интонациямен жасалады, бірақ бұл өте сирек кездеседі:


- Бер деймін саған! - деді урядник, оппа қарға сүріне-қабына Амантайға жақындап.
- Себеп? - деді Амантай, урядникке тізгінді бермей (С.Мұқанов).
Сіз, Пелагея Ниловна, саудагер Корсуновамен таныссыз ғой? - деді.
- Таныспын. Я? (М.Горький).
§ 6. Құрмаласқан жай сөйлемдердің соңғысы сұраулы болса, сөйлем соңына сұрау белгісі қойылды. Мысалы:
(1) Мен қазір кітап оқимын,(2) сіз ше?
(1) Біреу есік қаққандай болды,(2) естисіз бе?
§ 7. Құрмаласқан жай сөйлемдердің алғашқылары сұраулы сөйлем болса, олардан кейін де, сөйлемнің ең соңына да сұрау белгісі қойылмайды, тұтас сөйлемнің типіне қарай не нүкте, не леп белгісі қойылады. Мұндайда сөйлем көбінесе хабарлы болады да, нүкте қойылады:
Бүгін қойды кеш сауып болған ба, немене, ымырт жабылып қалыпты (М.Әуезов). Қорыққаның көріп үрейлендіре түскісі келді ме, болмаса шын тістеуге ниет етті ме - қаз қанатын жазып жіберіп, жүгіре ұшып Ботагөзге жетуге айналды (С.Мұқанов). Тура келем бе, жоқ па - оны біліп боларлық емес (С.Мұқанов).
§ 8. Бірыңғай жеке сөздер не сөз тіркестері ерекше сұрау интонациясымен баса айтылса, олардың әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылады, сұрау белгісінен кейінгі сөз бас әріппен жазылады:
Адам пішіні әрдайым бұған (Абайға) бір тамаша, өзгеше қызық сурет тәрізденетін. Ол кей адамнын айғыз-айғыз әжімінен, салбыраған ұртынан, қыртыстанған маңдайынан, бояуы оңған көздерінен, алуан сақал-мұртынан өзінше неше түрлі жанды-жансыз дүние сипаттарын көргендей болатын. Қына басқан сызаты көп тас па ? Я селдір тоғай ма? Не көде, көкпек пе? Кейде мал мен аң бейнесі ме? Бәріне де ұқсап кетіп отыратын адам мүсіндері болады (М.Әуезов). Жел ме? Аттың жал-құйрығы ма? Жылан ба? Әйтеуір бірдемелер айнала ысылдайды (С.Мұқанов).
Сұраулық мағынасы бар бірыңғай сөз тіркестері ерекше интонациямен айтылмаса, араларына үтір ғана қойылады:
Желдің суылы ма, оқтың зуылы ма - құлағымды жанай әлдене ысқырып өтіп жатады (С.Мұқанов).
§ 9. Ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементгері (ма, ме, ба, бе, ші, пе шылаулары) бар, сәлемдескенде айтылатын сөйлемдерден кейін сұрау белгісі қойылмай, леп белгісі қойьшады. Олар тікелей жауап қайтаруды тілемейді, сол сияқты сөздермен қайыра сәлемдесуді ғана қажет етеді. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет