§ 118. Жазып келе жатқанда жолға сыймаған сөздер буын жігімен тасымалданады: қа-лалық, қала-лық (қал-алық, қалал-ық,емес), Ота- нымыз, Отаны-мыз (Отан-ымыз, Отаным-ыз емес), баян-дауыш, ба-янда-уыш (баяндау-ышемес).
Е с к е р т у. Газет-журналдар бетінде жолға, әсіресе тар бағандардағы жолдарға сыймай қалған не асып кететін сәттерде кейде сөздер буын жігін таңдамай тасымалданатын болады. Бұл - ережеден себепті түрде ауытқу болғанмен, мұны әрдайым қолдана беруге болмайды. Көпшілік қауым күнде оқитын баспасөздің жазуы мүмкіндігінше емле ережелеріне сай болуға тиіс.
§ 119. Сөз ішінде дауыстылардан кейін келген у, й дыбыстары сол сөзді буындағанда, өзінен кейінгі дауыстымен бірігеді де, буынның бірінші әрпі болады. Мысалы: та-уық (тау-ық. емес), қа-йық (қай-ық емес), баянда-уыш (баяндау-ыш емес). Бұл сөздерді осы жікпен тасымалдағанда, у, й әріптері келесі жолда ғана жазылады. § 120. Екі (кейде үш) дауыссызға аяқталатын сөздерді оларға қосымша жалғанып тұрған жерден тасымалдағанда, түбірдегі дауыссыздарды бөліп жіберуге болмайды: қарт-тар (қар-ттар емес), театр-лар (теат-рлар емес), маркс-тік (мар-кстік емес). § 121. Түбір сөзде үш дауыссыз қатар келгенде, алдыңғы екі дауыссыз дыбыс алғашқы буын құрамына кіреді де, үшінші дауыссыз келесі буынның басқы дыбысы болады: құ-мырс-қа (құмыр-сқа емес), жұ-мырт-қа (жұмыр-тқа емес). Екі дауыссызға аяқталатын сөздерге дауыссыздан басталатын қосымша жалғанғанда да осы үлгімен буындалады: абонент-тік (абонен-ттік емес), парк-ке (пар- кке емес). § 122. Біріккен сөздер буын жігімен де, түбірлер жігімен де тасымалдана береді: бі-рыңғай немесе бір-ыңғай, өза-ра немесе өз-ара, де-малыс немесе дем-алыс. § 123. Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда, олар буын жігіне қарай тасымалданады: ро-лінде (рол- інде емес), съез-дің (съезд-ің емес). § 124. Сөздің дара дыбыстан тұратын бір буынын жазып келе жатқан жолда қалдыруға немесе келесі жолға шығаруға болмайды: а-лақан емес, ала-қан, е-леуіш емес, еле-уіш, арми-я емес, ар-мия, оюлы емес, ою-лы. Алғашқы буыны бір ғана дауыстыдан тұратын екі буынды сөздер тасымалданбайды: атом, эмаль, ақыр, ақыл, отын, отыр. § 125. Ұу, ый, ій қосар әріптерінің орнына жазылған у, и әріптері бар сөздер буындалғанда, келесі буын дауысты дыбыстан басталады және солай тасымалданады: су-ық, ку-ақы, ту-ынды, бу-ын, қи-ын, ки- ім, қи-ық. § 126.Орыс тілінен енген сөздер де буын жігі бойынша тасымалданады. Бұлардың ішінде екінші, үшінші буындардың дауысты дыбыстардан басталатындары кездесе береді: про-ект, ро-яль, по-эма. Екі, үш, кейде торт-бес дыбыстардан тұратын бір буынды (яғни ішінде бір ғана дауысты дыбысы бар) сөздер тасымалданбайды: төрт (тө-рт емес), жалт (жа-лт емес), пункт (пун-кт емес), взвод (вз-вод емес). § 127. Тыныс белгілері жазып келе жатқан жолда қалдырылады. § 128. Сан есіммен келетін қысқарған шартты белгілерді цифрдан бөліп тасымалдауға болмайды: 25 га, 15 см, 1987ж. § 129. Әріптерден қысқарған сөздерді өз ішінен бөліп тасымалдауға болмайды: ЮНЕС-КО деп бөлуге болмайды. ІІ Тарау
ПУНКТУАЦИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ
СӨЙЛЕМ СОҢЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
§ 1. Хабарлы сөйлемдерден кейін нүкте қойылады. Хабарлы сөйлемдер толымды, толымсыз, атаулы, жай, құрмалас болып келе береді. 1) Жүгіріп басып Күләнда келеді. Артынан дауыс шықты. Бұрылып қарады.(С. Ерубаев). 2) Аспанда алақандай бұлт жоқ. Қазір тал түс. Жер беті аппақ.(Ғ.Мұстафин). 3) Жалма-жан тура сала далаға шықсам, түс болып, күн ыси бастаған екен. (Б.Майлин). § 2. Әрі қарай кең түрде баяндауды ескертетін сөйлемдерден кейін қос нүкте қойылмай, нүкте қойылады. Бұл баяндаудың өзі бірнеше сөйлемдерден құралады, көбінесе жаңа жолдан басталып жазылады. Мысалы: Мен іркіліп қалдым. Оның себебі төмендегі еді. Адамқұлды мен бірінші рет... көтерілістің алғашқы күндерінде көрдім. О кезде таныса қоюға уақыт болған жоқ(“Адамқұл дегеніміз осы” дегенге дейін әрі қарай бір бетке жуық созылады) (С.Мұқанов). § 3.Цифр немесе әріптер арқылы санамаланып айтылған сөйлемдерден кейін нүкте, нүктелі үтір, кейде үтір қойылады. Санамалап айтылған бірыңғай сөйлемдердің әрқайсысынан кейін нүкте қойылса, әрқайсысы бас әріптен басталып жазылады. Мысалы: Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ. химиялық қасиеттері болады: 1) Олардың концентрациялы ерітіндісі жануарлар мен өсімдіктер тканін бұзады. 2) Сілтілер майларды сабынға айналдырады. 3) Сілтілер ертінділерінде лакмустың және фенолфталеиннің түсі өзгереді (“Химия” оқулығынан). Санамалап айтылған бірыңғай құрылымдардың (конструкциялардың) арасына нүктелі үтір (немесе үтір) қойылса, олардың әрқайсысы кіші әріптен басталып жазылады. Мысалы: Жалпы жанрлар теориясьтан фолбклорлық проза жанрлары теориясын бөліп алатын болсақ, оның мынадай басты-басты (түбегейлі) міндеттерін атап көрсетуге болады. Олар: а) прозалық фольклорды басқа қара сөздерден, күнделікті жай әңгіме және әдеби көркем прозадан ажыраудың ғылыми негізделген критерийлерін анықтау; ә) прозалық фольклордың өлең үлгісіндегі фольклордан айырмасын белгілеу; б) халық прозасының өз ішіндегі жанрлық топтар мен бөлшектерді айырудың принциптерін айқындау(С.Қасқабасов). Санамаланып келетін конструкциялар бір-бірінен әріптер немесе цифрлар арқылы дараланып көрсетілмеуі де мүмкін. Мысалы: Шешім (орысша развязка) - шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған “үкімі”; адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі; күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы (З.Қабдолов). Практикада санамалап айтылған құрылымдардың араларына нүктелі үтір қойылып, келесілері бас әріптен басталып жазылатындары да болады. Санамаланып айтылған конструкциялардың алдында қос нүкте тұрса, одан кейінгі сөйлем екі түрлі басталады: егер араларына нүктелі үтір (немесе үтір) қойылып, әрқайсысы кіші әріптен басталатын болса, біріншісі де кіші әріптен басталады, ал араларына нүкте (кейде нүктелі үтір) қойылып, әрқайсысы бас әріптен басталатын болса, біріншісі де бас әріптен басталады (жоғарыдағы мысалдарды қараңыз). § 4. Мазмұны әуендес болып келетін бірыңғай сөйлемдердің әрқайсысынан кейін нүктелі үтір қойылады: 1) Біз Алатаудай ел едік, - Теңемек болды ойға жау; 2) Біз тасыған теңіз сел едік, - Теңемек болды шөлге жау; 3) Біз атып болған таң едік, - Түн етпекші болды жау; 4) Біз әлемге жарық күн едік, - Өшірмекші болды жау. Жау ма бізді бөгейтін ?! Жау ма бізді жеңетін ?!(Жамбыл)
§ 5. Мынадай жолдармен жасалған сұраулы сөйлемдерден соң сұрау белгісі қойылады: а) Ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылауларының қатысуы арқылы: Балтабек деген жігіттің үйін білесізбе? (С.Мұқанов). ә) Сұрау есімдіктерінің қатысуы арқылы: - Күйігің не? Оне деген сөзің? Сендеқандай күйік болушы еді? - деп, Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай дақарады (М.Әуезов). б) Ғой, ә, шешылауларының, шығар, болар деген сөздердің және сұраулық интонациясының қатысуы арқылы: Балалар пойызы осығой, ә? Балалар пойызы осы,ә? Балалар пойызы осышығар ? Балалар пойызы осыболар? Асан үйінде екен, - деді біреу жүгіріп кеп. - Қалима ше? - Ол да үйінде (С.Мұқанов).