Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет42/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Жамбылдың аты ақын ба,
Жылғадай жыры ақпаса! (Жамбыл)


Бірақ “жанды”аталатын Есілдің суында тек аяғың мен қолыңды қимылдата білсең болғаны. Көтеріп ала жөнеледі! Тәттілігі қандай сол судың! Салқындығы қандай! Мөлдірлігі қандай! (С.Мұқанов).
Электрге, одан атомға жетсе қайтер еді! - деді Жомарт. (Ғ.Мұстафин).
§ 15. Ұран, үндеу мәнді сөйлемдерден кейін әрдайым леп белгісі қойылады:
Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған! Қазақстан Республикасы ғылымын жетілдіре түсіңдер!
§ 16. Айтып отырған ой желісі түрлі себептермен (қысылып сөйлей алмаушылық, логикалық ойдың бөлінуі, сөйлеушінің ойын аяқтатпай, бөліп жіберу т.б. сияқты) үзіліп қалған жағдайда, аяқталған не аяқталмаған сөйлемнен кейін көп нүкте (үш нүкте) қойылады:
Жоқ, ешкім де ұрған жоқ, кейін айтам... Апа, төсек салып берші, жатқызшы! (М.Әуезов). - Он жетіге шықты ғой, - деді шешем. - Петруша біздің Настасья Герасимовна бэйбішенің беті қисайып кеткен жылы туған, одан соң әлгі...
- Жарайды, - деді әкей шешемнің сөзін түгел айтқызбай, - мұны әскер қызметіне жіберуіміз керек (А.С.Пушкин). Жиренше атты байлай сала топқа қарай жүгіргенде, Абай көзін басып отыра кетті... Бітті, өлді... (М.Әуезов).
Сөйлем ішіндегі сөздер арасына қойылатын көп нүкте туралы қосымшалардағы § 21-24-ты қараңыз.
§ 17. Алынған цитаттың (дәйексөздің) ара-арасына сөйлем не сөздер қалдырған жағдайда, сол жерге көп нүкте қойылады:
Ф.Энгельс тайпа мен оның диалектісі жайында: “...тайпаның өзіне ғана тән ерекше диалектісі болады. Шындығында тайпа мен оның диалектісі бір жерден шығып отырады” десе, тайпаның бөліну процесін “бөліну арқылы жаңа тайпалар мен жаңа тілдердің жасалуы” деп сипаттайды.(К.Аханов).
Дәйексөзге алынған сөйлем не бірыңғай ой желісі аяқталмай қалса, дәйексөздің соңына көп нүкте қойылады.
Өнер тудырушылардың ең негізгі қасиетін Л.Н. Толстой оның реализмінде деп білді. “Өзіңіз суреттеп отырған адамдардың өмірімен өмір сүріңіз, - деп жазды Толстой, - әр образда оның ішкі түйсінулерін суреттеңіз; сонда олардың өздері өз мінездеріне лайық қимыл-әрекеттерді өздері жасайды... "(З.Қабдолов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет