Ескертулер. 1. Бірінші мамыр, Сегізінші наурыз дегендердің алғашқы сөзі цифрмен таңбаланса, мамыр, наурыз деген сөздер бас әріппен жазылады: 1 Мамыр, 8 Наурыз. 2. Тарихи оқиғалардың, соғыстардың т.б. кез келгенінің аталуы бас әріппен жазыла бермейді: француз буржуазиялық революциясы, орыс-жапон соғысы, крестілер жорығы.
§ 111. Кейбір аса маңызды құжаттардың (конституция, келіссөз т.б.) аттары бас әріппен жазылады. Олар күрделі болса, бірінші сөзі, қайсыбіреулерінде екіншісі де бас әріппен жазылады: Тіл комитетін құру туралы жарлық, Қазақстан-Ресей келіссөзі, Хельсинки мәслихаты. § 112. Бұрынғы ордендердің аттары тырнақшаға алынбай, әрбір сөзі бас әріппен жазылады (орден деген созден басқасы). Мысалы: Еңбек Қызыл Ту ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, Халықтар Достығы ордені.Кейбір ордендер мен медаль аттары және құрметті атақтар тырнақшаға алынып жазылады, мұндайда олардың бірінші сөзі ғана бас әріппен беріледі:“Еңбектегі ерлігі үшін” медалі, “Ардақты ана” ордені. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары да осы тәртіппен жазылады: Отан ордені, Данк ордені, Парасат ордені, Құрмет ордені, “Ерлігі үшін” медалі, “Ерен еңбегі үшін”медалі, “Шапағат”медалі, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” (көп балалы аналарға берілетін наградалардың аттары), Казақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. § 113. Ресми құжаттардағы шартты атаулар бас әріппен жазылады. Мысалы: Жоғарғы мәртебелі Президент мырза. § 114. Жалқы есім болып тұрған астрономиялық атаулар бас әріппен жазылады: Сатурн, Шолпан, Марс, Ай, Жер (планета), Құсжолы, Үркер, Жетіқарақшы. Ай, жер, күн деген сөздер планеталардың аттары ретінде қолданылмаса, кіші әріппен жазылады: Бүгінкүннің көзі ашық. Көктемде жер жыртылады. Қараңғы түнде жарықайСәулесі суда дірілдеп (Абай). § 115. Жоғары дәрежелі қызмет аттары мен құрметті атақтардың әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Кеңес Одағы Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының Президенті. § 116. Өлеңнің әрбір жолы, көбінесе, бас әріппен жазылады. Бұл тілдік заңдылықтарға байланысты емес, тек дәстүр бойынша жазу болып саналады:
Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз(Абай).
Сонымен қатар көптеген жағдайларда өлеңінің бір жолында аяқталмаған сөйлемнің жалғасы келесі жолдарда айтылғанда, ол жолдар кіші әріптен басталып та жазыла береді. Мысалы: Мен жалындап өтемін қариялардың қимайтын жас шағы болып, балапандардың талпынар асқары болып, ару қыздардың аңсаған арманы болып, асқақ жандардың алаулы таңдары болып, жиырмада жесір қалғандардың аңсары болып, сүйіскендерге көз ілер таң сәрі болып.