Сау ма, князь!Жаным, неге Тұрсың ұқсап бұлтты күнге? (А.С.Пушкин). Армысыз, ардақты ата!(Ғ.Мүсірепов). Есенсіз бе! - деді Асқар Айбалаға кеп, кім екенін танымай.(С.Мұқанов) Ал жауап қайыруды тілейтін, таза сұраулық мәні бар, бірақ амандасқанда айтылатын толық сөйлемдерден кейін сұрау белгісі қойылады. - Е, Жұмеке, мал-жан, бала-шағаңыз түгел аман ба? -Шүкір аллаға, аман.Өз үй ішіңіз де есен бе түгел? - Тегіс есен. - Өзіңіздің жүрген жерлеріңіз де, аманшылықта ма екен? - Шүкір, Жұмеке, шүкір.Көпей бәйбішенің дені-қарны сау ма? - Сау... (Ғ.Мүсірепов) § 10. Бір нәрсені істеуді біреуден сұрауды, өтінуді білдіретін сөйлемдер сұраулы сөйлем болмайды. Олардан кейін көбінесе нүкте, кейде леп белгісі қойылады: Есікті жауып жіберші.(Есікті жауып жібердің беі дегенмен салыстыр). Кітабыңды маған бере тұршы(Кітабыңды маған бере тұрасың ба? дегенмен салыстыр). - Асқар үйдемісің? - деді Кенжетай сырттан. - Үйдемін. - Шығып кетші. - Қазір.(С.Мұқанов).“Шықшы іркілмей, бұқпашы баяу. Мені де еліктір, өзің де желпінші! Мынау нәзік назды қара көздің астына іркіліп, қорғалап тұрған көкшіл қоңыр сәулелі көлеңке сияқты қорғалақ асыл өнеріңді ашшы!”- дейді. (М.Әуезов). § 11. Сөйлем ішінде ма (ме, ба, бе, па, пе) және соған жалғас деп (деген)сөздерімен келген сұрау мағыналы тіркестерден (күрделі пысықтауыштан) кейін сұрау белгісі қойылмайды, сөйлемнің соңына тұтас сол сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады: Абай Оспанды мерт бола ма деп қорықты.(М.Әуезов)Бүркітбаи екеуміздің оқамыз жок, сіз барған соң ұялып қала ма деп ойлап ем. (С.Мұқанов). § 12. Лепті сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады: Маңайда егіннен ине шаншар жер жоқ екен-ау!(С.Мұқанов). Арыстаным келеді - астында қалма! Жолбарысым келеді - жолында тұрма! Қыраным келеді - көзіне түспе!(Ғ.Мүсірепов). - Шіркіп, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай! (М. Әуезов). § 13. Бұйыру, өтіну мәнінде айтылып, баяндауышы II, III жақ бұйрық раймен жасалған сөйлемдердің соңынан автордың қолдануына қарай не леп белгісі, не нүкте қойылады. Ондай сөйлемдер ерекше бір көңіл күйіне байланысты көтеріңкі дауыспен айтылса, лепті болады: Құнанбай таң атар-атпастан бұйрық беріп: - Малтықпай тез көшсін! Шұбалмасын! Қатар қозғалсын! Қауырт жөнелсін!- деп, қысқа-қысқа әмірді ауыл басы сайын кісі шаптырып айтқызып жатқан(М.Әуезов). Абай айыптап, кінәлағандай боп, ақырып жауап берді: - Ақырмаңыз! Тоқтатыңыз қазір мынау бассыздықты!(М.Әуезов). Бұйрық, тілек мәнді сөйлем екпінсіз айтылса, нүкте қойылады: - Сендер үйге бара беріңдер. Ол да үйге тез келсін. § 14. Ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементтері бар, бірақ ерекше бір сезіммен (сүйсіну, таңдану, мақтан ету, тіксіну т.б.) айтылған сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады: