Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі


 Қазақ терминдерінің жиынтық мәліметі туралы



Pdf көрінісі
бет26/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59
3.2.3. Қазақ терминдерінің жиынтық мәліметі туралы
(немесе ТЖМ 
туралы) 
Шамамен 1970 жылдардың бас кезеңіндегі 1960 жылдардың соңындағы 
орыс терминологиялық лексикографиясындағы (сол кезеңде барлық 
мәселелер жалпы лексикография саласының аясында қарастырылған –
Е.Ә.) және жалпы лексикографияға қатысты өзге де еңбектерде 
«тезаурус», «ақпараттық-ізденіс сөздігі» (ИПС – информационно-
поисковый словарь) ұғымдары пайда бола бастады
1
. Бұл бағыттағы 
еңбектердің, сол кезеңдегі ғылыми зерттеулердің негізгі мақсаты – 
сөздіктің ғылыми немесе тілдік жүйені басқаша, өзгеше тәсілмен беруге 
ұмтылған, әрі оларды электронды техника тіліне бейімдеген сөздік түрін 
жасап, оларды жасаудың әдіс-тәсілдері мен өзіндік принциптерін, 
сөздіктің лексикографиялық ерекшеліктерін, құрылымын анықтау еді. 
Нәтижесінде, жалпы тіл білімі деңгейінде қазіргі кезеңде кең қолданып 
жүрген «тезаурус» ұғымының екінші мағынасы пайда болып, орыс 
тіліндегі салалық ғылыми терминдердің «тезаурус» сөздіктері сала-сала 
бойынша жасала бастады
2
. Мұндай ғылыми ізденістер мен қолданбалы 
сипаттағы тіл біліміндегі және өзге де ғылым салаларындағы 
зерттеулердің пайда болуына ықпат еткен негізгі қозғаушы күш – ғылыми-
техникалық прогрестің дамуы болатын. Нақтырақ айтқанда, электронды 
техникалардың пайда болуы.
1
Богачева Д.П. Проблемы лексикографического описания научной 
терминологии.Диссертация... кандидата фил.наук. – М.1999. – С.34 

Никитина С.Е. Тезаурус по теоретической и прикладной 
лингвистике. - М.: Наука, 1978. 
80 


Кеңес мемлекетіндегі алғашқы электрондық техникалардың шыға 
бастауы да осы кезеңмен тұстас келеді. Кеңес жүйесіндегі орта 
мектептерден 1980 жылдарда білім алған ұрпақтың қай-қайсысы да 
«Электроника» атауымен шыққан электронды машиналардың әр түрлі 
сериясын көріп үлгернені анық. Бұл арада барлық саланы техникаға, 
техника тіліне көшіруге ұмтылған алып мемлекеттердің арасындағы 
(КСРО-АҚШ) саяси бәсекелестік сияқты экстралингвистикалық тілден тыс 
қозғаушы күштердің де ықпалы болмай қалмағандығын, тіпті бұл 
қозғаушы күштердің сөз болып отырған ғылыми түсініктер мен зерттеу 
нәтижелерінің пайда болуына тікелей ықпалы болғандығын жасыра 
алмауға тиіспіз. Аталып отырған кезеңдегі еңбектерден бұл сарынды 
байқау қиын емес. Идеялық бәсекелестік барлық салаларды қамтумен 
қатар, орыс терминографиясындағы да сол кездегі жетістіктердің 
жасалуына итермелегендігін сырт көзден байқау қиынға соқпайды.
Аталып өткен тезаурустың жаңа ұғымын атау еткен сөздік түрі – 
өзгеше 
құрылымды 
жаңа 
сөздік 
түрін 
дайындаудағы 
орыс 
лексикографиясындағы ізденістің алғашқы жемісі еді. Тезаурус сөздік – 
құрылымындағы 
тілдік 
бірліктердің 
бір-бірімен 
жүйе 
ішіндегі 
семантикалық, жүйелік қатынастарына негізделіп берілетін, әрі сол негізде 
компьютерлік техника мамандарының электронды бағдарлама жасауына 
икемді етіп жасалатын, әрі қалыптасқан үрдіс бойынша баспадан 
шығарып, кітап түрінде қолдануға да болатын сөздік түрі екендігі қазіргі 
тіл білімі үшін ғылыми-теориялық тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да 
жаңалық емес.
81 


Осындай жолмен орыс лексикографиясында терминдерді де 
ақпараттық-ізденіс сөздіктері арқылы жүйелеу барысында, терминдерді 
үйлестіру, реттеу жұмыстарындағы ғылыми зерттеулер дами келіп, 
«терминологический банк данных», «база банка терминологических 
данных» ұғымдарына негізделген жаңа идеялар пайда болды
1
Бұл ізденістердің мақсаты – тілдегі термин сөздердің жалпы жиынтық 
мәліметін жасап, оларды ақпарат көзі ретінде пайдалану. Орыс 
терминографиясының 
тарихында 
бұл 
бағыттағы 
жұмыстарды 
Жалпыкеңестік ғылыми-зерттеу институтының ақпараттандыру комитеті 
(ВНИИКИ) жүзеге асырып келді. Қазір де осы мекеме бүкілресейлік ұйым 
ретінде қайта құрылып, орыс тіліндегі терминдердің жиынтық мәліметін 
тоолықтыру, оны реттеп-жүйелеу мәселелерін толық қадағалап, осыған 
қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыр. Бұл терминдердің 
жиынтық мәліметін жинақтап, оны терминдерді реттеп отыру мақсатында 
қолданып, өзгертіп, толықтырып отыруға мемлекеттік деңгейде мән 
беріліп отырғандығынан хабардар етеді.
ТБД-ны («терминологический банк данных» деген сөздің қысқарға 
атауы – Е:Ә.) жасау тәжірибесі сонымен бірге өзге дамыған елдерде де 
пайда болып, кеңінен қолданылуда. Мұны батыс және дамыған өзге де 
елдердегі жарық көрген еңбектер мен ақпараттық бағдарламалар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет