терминдерді сұрыптау
,
оларды
сұрыптау
принциптерін белгілеп алу
. Бұл қазіргі лексикография үшін де өзекті
сұрақтардың бірі. Оларды сұрыптау принципі терминологиялық сөздіктің
көлемі мен атқаратын қызметінің мақсаты мен міндеттеріне де
байланысты екендігі түсінікті. Бұл лексикография үшін де маңызды.
Сондай-ақ, терминологиялық сөздікті түзушілер үшін терминдер мен
термин емес сөздердің
98
арасын салалық терминдер мен салааралық терминдердің арасын
ажыратып беру қазіргі қазақ терминографиясында қиынға соғып отыр.
Қорыта келгенде, терминологиялық сөздікті түзушілер оның
құрылымы мен ұйымдастыруына қатысты бағыттарды жан-жақты
бағдарлап, жоспарлап алғаны орынды. Қазіргі терминологиялық
сөздіктерді сапаландыру, олардың жүйесін бірізге түсіру қажет екендігі
түсінікті. Сондықтан терминологиялық сөздіктердің сапасын арттыру
мақсатында жан-жақты зерттеулер мен ізденістер, нақты әдістер қажет.
Сөздік жасау ісін жоспарлау бағдарлары толық айқындалған деп айта
алмаймыз. Дегенмен, терминологиялык сөздік құрылымындағы әрбір
элементтің сапасы сөздіктің жалпы сапасына әсер ететінін түсіну қиын
емес.
4.2. Терминологиялық сөздіктер шығаруға
қойылатын кейбір талаптар
1990 жылдардан кейін қазақ терминологиясында жаңа көзқарас,
бағыттардың пайда болуына байланысты терминологиялық сөздіктер де
көптеп шығарылып, практикалық қазақ терминографиясында көптеген
жүмыстар шығарыла бастады. Бірақ олардың көпшілігі терминография
теориясында жалпы тіл білімінде қалыптасқан негізгі принциптер мен
талаптарды ескере бермейді. Сондықтан бұл терминологиялық сөздіктер
кейбір терминдердің қалыптасуына ықпал еткенімен, салалық терминдер
жүйесін реттеуде, бірізге түсіруде әлсіз болып отыр. Бұл
99
практикалық терминографияда ескеруге тиісті, сақталуға тиісті кейбір
басты талаптарды теориялық терминография тұрғысынан айқындап,
көрсетіп беруді қажет етеді. Яғни, қазақ терминографиясының зерттеу
нысанына жататын маңызды мәселелердің бірі - терминологиялық
сөздіктерге қойылатын талаптар. Бұл сөздіктердің сапалық жағынан
жақсаруына ықпал ететін, сөздік жасау тәжірибесінде үнемі қадағаланып,
дамып отыруға тиісті, терминдердің бірізге түсірілуімен тығыз
байланысты, олардың жүйеленуіне ұйтқы болатын мәселелердің бірі
екендігін жоққа шығаруға болмайды.
Терминологиялық сөздіктерде сақталуға тиісті талаптарды бір ғана
зерттеу арқылы немесе ғылыми мақала арқы түгел көрсетіп беруге болады
және олардың қатары шектеулі деп айта алмаймыз. Дегенмен, мейлі
практикалық
терминография
тұрғысынан
болсын,
теориялық
терминография тұрғысынан болсын олардың басты-басты түрлері мен
соған сәйкес сол талаптардың негізінде терминологиялық сөздіктер
құрылымында көзделінетін мақсаттар көрсетілген жөн. Ал, тәжірибе
барысында айқындалып жататын немесе әр сөздік түріне қатысты сөздік
түзу ісінде байқалып жататын өзіндік ерекшеліктер мен талаптар осы
негізгі талаптардың қатарын толықтырып, терминографияның жан-жақты
дамуына үлес қоса алмақ. Мұндай тұжырымдар тізбегін түйіндей келіп,
зерттеу нәтижесінде байқалған бірқатар талаптарды көрсетуге болады.
Терминологиялық сөздіктердің қатары қазақ тіл білімінде жетерлік.
Соған байланысты бұл салаға қатысты шешімін табуды талап ететін
сұрақтар қатары да баршылық.
100
Соңғы кезеңдерде олардың санының көбеюімен байланысты аталған
саладағы сұрақтар да көбейе түсті. Сонымен бірге терминологиялық
сөздіктерге қатысты маңызды сұрақтардың шешімін табуы терминография
саласын қалыптастырып, лексикографиядан аражігін ажыратып көрсету
үшін де тиімді болмақ.
Аталған терминологиялық сөздіктердің сапалық жағынан жақсаруы
да осы терминография саласының дамуымен тікелей байланысты.
Сондықтан бұл саланың дамуы үшін терминологиялық сөздіктерді
жасаудың тиімді әдіс- тәсілдерін зерттеумен айналысу, әр түрлі
терминологиялық сөздік түрлерін жасаудағы тәжірибелерді жинақтап
көрсету, сөздік түрлерін анықтау және оларға тән ерекшеліктер мен
олардың әркайсысының максаттарын көрсету, сөздіктердің құрылымдық
ерекшеліктерін құрылымын анықтау, терминологиялық сөздіктерді
арнайы ерекше тілдік нысан ретінде қарастыру және терминологиялық
сөздіктерді автоматтандыру, (информатика тіліне салып, программалау)
сияқты т.б. толып жатқан бірқатар маңызды жұмыстарды іске асыру
қажет.
Сонымен, терминографиядағы маңызды мәселелердің терминологиялык
сөздіктерге койылатын өлшем-талаптар.Бұл сөздіктердің сапасына ықпал
ететін оның деңгейін көтерумен тығыз байланысты бірден-бір
сұрақтардың бірі. Терминография саласын зерттеген тілші-ғалымдар осы
уақытқа дейін терминологиялық сөздіктерге тән бірнеше талаптарды, яғни
өлшемдерді әр қырынан атап көрсетеді. Мұндай еңбектердің қатарына
Л.В. Щербаның, А.Гердтың, С.В. Гриневтың және т.б. ғалымдардың
101
еңбектерін атай аламыз
1
. Олардың әрқайсысы терминологиялық
сөздіктердің құрылымына әр қырынан тоқтала отырып, соған сәйкес
сөздіктерге қойылатын талаптарды белгілеп береді. Бұл талаптардың
орындалуы сөздік сапасына тікелей әсер ететіндігі сөзсіз. Себебі,
көрсетілген талаптар әр сөздіктің негізделген мақсатымен тікелей
байланысты. Мысалы, Л.В. Щерба өз еңбегінде терминологиялық,
сөздіктерге тән
Достарыңызбен бөлісу: |