Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет27/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

 

Никитина С.Е. Семантический анализ языка науки - М.: Наука, 1987.; 
Гринев С.В. Вопросы разработки отраслевого терминологического банка 
данных // НТТ, 1985. № 11; Скороходько Э.Ф., Стогний А.А. Некоторые 
вопросы создания банка терминов: Лингвистический аспект // НТИ. Сер. 
2. 1986. № 8. 
82 


нақтылай түседі. Себебі, компьютерлік техниканың дамуына байланысты, 
терминдердің жиынтық мәліметі компьютер тіліне негізделген 
бағдарламалар 
түрінде 
жасалып, 
ғалымдар 
мен 
көпшіліктің 
пайдаланылуна қолайлы етіп шығарылуда. Зсрттеушілердің ғылыми 
зерттеу еңбектерінен сондай-ақ, ТБД-ны жинақтап, түзудің өзі өз алдына 
жеке ғылыми мәселе ретіндс қарастырылып, оны түзудің өзіндік 
ерекшеліктері мен принциптерінің, ТБД-ны жасаудың тиімді жолдарының 
терминография мен лексикографияда арнайы зерттеу нысаны болып 
отыратындығын аңғаруға болады. 
ТБД-ны жасаудың тиімділігі теориялық терминографияда да,
тәжірибелік терминографияда да дәлелденіп отыр. Терминографияның 
жеке мәселелерін соз еткен еңбектерінде орыс ғалымдарының қай-
қайсысы да бұл мәселеге тоқталмай өтпейтіндігін байқау қиын емес. ТБД-
ға қатысты маңызды мәселелерді олардың әрқайсысы әр қырынан талдап 
көрсетуге ұмтылуда. Мақсат – терминографияның соңғы кезеңдердегі 
маңызды зерттеу нысандарының біріне айналған ТБД-ның терминдерді 
реттеудегі, терминологиялық сөздіктердің сапасын арттыра түсудегі 
қолданысы мен оны ұйымдастырудың пайдалы жақтарын анықтай түсу. 
ТБД-ның қазақ тіл біліміндегі қазақша нұсқасын "терминдердің 
жиынтық мәліметі" деп атағанды ұсынудың жөні бар. Атау әрі қазақ 
тілінде көрсетілген ұғымның белгілерін ашып тұр, әрі қазақ тілінің өзіндік 
тіркесті терминдер жасау ерекшелігіне сәйкес келеді. Екінші жағынан, 
атаудың кысқарған нұсқасы да қазақша айтуға қолайлылау (ТЖМ). 
83 


Қазақ лексткографиясы мен терминографиясының тарихындағы 
ғылыми мақалалар мен еңбектерге зер салсақ, бұл тақырып бойынша 
мәселе көтеріліп, сөз қозғала қоймаған. Оның негізгі себептерінің бірі 
Америка мамандарының жасаған, қолданысқа қолайлы, дамыған 
компьтерлік техникалардың елімізде соңғы 10-15 жылда ғана пайда болып, 
қолдануымен байланысты болса, екінші себебі компьютерлік техника, 
компьютерлік бағдарламалар мен қазақ тіл білімінің мәселелерін 
ұштастыра зерттеуге мән бермей келуімізбен де сабақтас болуы керек.
Бұл арада қол астындағы барлық республикаларға қоғамның барлық 
салалары бойынша ықпал етуге бейім болып келген «елдің» техника 
тілімен байланысты осындай мәселелерге көңіл аудармауын, өздері қол 
жеткізген жетістіктер негізінде техника тілі мен ұлт тілдерінің 
линвгистикалық мәселелерін ұштастыра зерттеу саласына кеңестік дәуірде 
қалыптсақан дәстүрлі нұсқауды бермеуін түсініксіз себептері бар екендігі 
анық жайт. Бұл да қазақ терминографиясындағы «терминдердің жиынтық 
мәліметтерінің» жасалмай, қолға алынбай келгендігінің бір себебі болса 
керек. Ал белгіленіп берілген нұсқау бойынша жұмыс істеуге бейімделген 
ғалымдар қауымының бұл мәселені өз бетімен қолға ала қоймағандығы да 
түсінікті жағдай.
Қазақ терминографиясына терминдердің жиынтық мәліметінің 
электрондық нұсқасын есептемегенде, тілшілер мен салалық мамандар 
дайындаған баспадан шыққан жоба түріндегі нұсқасы да әзірге жасала 
қойған жоқ. Солай бола тұрса да «терминдердің жиынтық мәліметі»
84 


қазақ терминографиясы үшін түсініксіз бола қоймайтын мәселе. ТЖМ-
ны қазақ тіл білімінде алдағы уақытта қолға алып, жүзеге асыруға болатын 
терминографиялық жұмыс, қазіргі қазақ терминографиясындағы зерттеу 
нысаны 
екемдігін 
дұрыс 
түсіну 
керек. 
Қазіргі 
қазақ 
терминографиясындағы терминологиялық сөздіктердің шығарылу ісін 
реттеудің өзекті болып отыруы да осы саладағы үйлестіру жұмыстарын 
жеңілдете алатын құралдың бірі – қазақ терминдерінің жиынтық мәліметін 
жасауға деген қажеттілікті аңғартып отыр.
Мейлі лексикографиядағы сөздік түрлерін жасауда болсын, мейлі 
арнаулы лексиканың (терминдердің, кәсіби сөздердің т.б.) сөздіктерін 
жасауда болсын тілдік бірліктерді жинақтаудың немесе өзге де әр түрлі 
ақпараттар мен мәліметтерді жинақтаудың тәсілі – картотекаға жазу 
арқылы жинақтау. Бұл – тілдік бірліктер мен оларға қатысты түрлі 
ақпараттарды жинақтаудың классикалық тәсілі болып есептеліп, қазақ тіл 
білімінде кеңінен қолданылып келеді және қазір де қолданылуда. Ал, 
компьтерлік машина тіліне жазу арқылы ақпараттарды жинақтау, оның 
қолданысын әр түрлі бағдарламалар арқылы түрлендіру – тезника тілінің 
дамуымен байланысты пайда болған бұл бағыттағы жаңа тәсіл. Оның 
нәтижесі – терминдердің жиынтық мәліметі болып табылады.
Терминдердің жиынтық мәліметі ұғымына кеңірек, дәлірек тоқталсақ, 
бұл – терминдер сөздігінің электрондық нұсқасы немесе электрондық 
нұсқасы бар, тілдегі термин атаулының сұрыпталып, бекітіліп, сүзгіден 
өткен толық жиынтығы деп те түсіндіруге болады. Ол алдымен 
компьтерде теріліп, электрондық нұсқада жасалып манина тілінде 
сақталады. Қазіргі заманғы баспа ісінің де
85 


электронды 
машиналармен 
тығыз 
байланысты 
жүзеге 
асырылатын,нақтырақ айтқанда, теріліп, басылып, сол арқылы баспаға 
дайындалып, содан кейін ғана баспадан жарыққа шығатытын ескерсек, 
мұндай электронды нұсқадағы мәліметтердің негізінде дайын сөздік 
шығару да жеңілге соғады. Бұл терминдердің жиынтық мәліметін 
жасаудағы мақсаттардың қазіргі заман талабынамен үндесіп жатқандығын 
да көрсетеді. Тіпті, жиынтық мәсілемметді сол күйінде, дайын қалпында 
ала салудың біржақты, түбегейлі дұрыс бола қоймайтындығын, ондай 
сөздік шығарудың орынсыз екендігін ескерсек, еш болмаса сол дайын 
мәсілеммерді сапаландыра отырып, өзгертіп, түзетіп, реттей отырып, 
сөздік шығаруға дайындау арқылы сөздікті баспадан шығару анағұрлым 
істі жеңілдететіндігі сөзсіз. Сөздік шығарушылар өз терминдерін, 
мәліметтерін сөздік жасау барысында әр жолы қайта-қайта басынан бастап 
аяғына дейін компьютерде теріп, түзетіп, тексеріп әуре болмайды деген 
сөз. Оның орнына кететін уақыт пен күш-қуат сол ТЖМ-дағы дайын 
тұрған терминдерді толықтыруға, сөздік құрылымы мен сапасын 
жақсартуға жұмсалады. Бұл біріншіден, сөздік жасау ісіне кететін уақыт 
пен интеллектуалды күш-қуатты үнемдейді деген сөз, екіншіден, сөздік 
сапасының жақсара түсуіне, сапасының жоғарылауына ықпал етеді деген 
сөз. Демек, терминдердің жиынтық мәліметі кез-келген уақытта, 
қажеттілікке орай сөздік түзуге дайын тұрған, қай кезде де түзетуге, 
толықтыруға, құрылымын өзгертуге, әр түрлі мақсаттағы қолданылған 
терминдердің қолданысын реттеп, бақылап отыруда негізгі тірек етіп 
пайдаланатын, терминдердің машина тіліне салынған толық жиынтығы.
86 


Дайын болған терминдердің жиынтық мәліметінің өз қызметін дұрыс 
атқаруы оның мамандардың қарауын;т сүзгісінен өткен, қолданысқа 
енгізіп, сұрыптап барып пр« найы мемлекеттік, республикалық деңгейдегі 
ұйымдардын бекітуімен мойындалған, көпшілік қолдаған эталондық еңбек 
болып дайындалуына байланысты. ТЖМ-ның өзінің негізгі қызметі де 
терминдерді үйлестіру, реттеу ісінде эталондық тірек қызметін атқаруға 
ұмтылуында. Сондықтан қазақ терминографиясында ТЖМ жасауды қолға
жағдайда оны ұйымдастыру мәселелері мен оған іріктеп алынатын 
терминдер ретіне, оларды ТЖМ-да берудің құрылымына баса мән берілуі 
және сапалы болуы үшін ұзақ мерзімде дайындалғаны қажет. 
Сондай-ақ, ТЖМ барлық сала бойынша бірден жасала салатын, немесе 
соңғы шыққан 31 томдық терминологиялық сөздіктер сериясы сияқты 
науқанды түрде түзіле салатын еңбек болмауы тиісті. ТЖМ-ды жасаудың 
да әлемдік тәжірибеде қалыптасқан сатылары бар. Айталық, алдымен әр 
ғылым салалары терминдерінің жиынтық мәліметтері жеке-жеке жасалуы 
тиісті. Олардың біртұтас жиынтығы ғана жалпыұлттық терминдер 
жиынтығын құрайды. 
Бұл арада "ТЖМ-ның баспа бетінен шығарылып тұратын сөздіктерден 
айырмашылығы неде?" - деген орынды сұрақ туындайды. Бұл тұрғыда, 
ТЖМ да белгілі бір уақыт айналымында шығарылып отыратын сөздіктер 
сияқты өзгертіліп отыратындығын жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен, 
жоғарыда да ТЖМ-ның бірқатар тиімді жақтарына да тоқталып өттік. 
Бірақ ТЖМ-ның тиімді жақтары айтылғандармен шектелмейді. ТЖМ-ды 
жалпы сөздіктен 
87 


ажырататын белгілері де осы тиімді жақтарымен байланысты. 
Солардың бастысы - олардың машина тіліне бағдарламауға икемділігі. 
Бағдарлама арқылы ТЖМ-ның әр түрлі нұсқаларын да жасауға болады. 
Айталық, терминнің басқа терминдермен байланысы туралы ақпарат 
беретін бөлім арқылы ізденіс жасалып отырған терминнің жүйе ішіндегі 
басқа терминдермен қатынасы анықталып, өзге де терминдер туралы 
ақпарат ала отырып, сала ішіндегі терминнің орнын анығырақ айқындай, 
түсіне түмуге болады. Немесе бағдарлама тілінде терминнің бір ғана 
тілдегі аудармасын емес, бірнеше тілдегі аудармасын да көрсетіп беруге 
мүмкіндік мол. Мұндай тәжірибені көршілес орыс терминографиясында 
жасап үлгергендігіне Жалпыресейлік ғылыми-зерттеу институтының 
ақпараттандыру 
комитетіндегі 
(ВНИИКИ) 
терминология 
бөлімі 
ұйымдастарған конференцияда көз жеткіздік (2004 жылғы 28 мамыр – 
Е.Ә.).
Оған қоса, айтып өткендей, ізденіс жасау арқылы термин туралы 
ақпарат алу ТЖМ-ның сөздіктерге қарағанда қолданыста анағұрлым 
ыңғайлы, қолайлы болатындығын көрсетеді. Ал аталып өткен жан-жақты 
қызметкерді баспа жүзіндегі сөздіктерде қамтып беру мүмкін бола 
бермейтін жағдай. Екінші жағынан сөздік арқылы мұндай ақпараттарды 
оқып білу, түсіну де қолайлы бола қоймайды. Дегенмен, мұндай 
қызметтердің жүзеге асуы тек тілшілердің, сала мамандарының ғана емес, 
негізінен бағдарлама жасаушы информатика мамандарына байланысты 
екендігін де мойындауға тиістіміз.
88 


Демек, ТЖМ баспадан шығатын сөздіктерге эталон болатын, олардынң 
жарыкқа шығуын жеңілдететін, әрі| электронды түрде қолданылып, 
сақталатын қөлемді еңбек түрі. Осы тұста, бағдарламаға байланысты 
ТЖМ-ның тағы бір ерекщелігі - оның әр түрлі бағдарлама түрінде жасала 
алатындығында. Бұл сапалы бағдарламаны сұрыптап алуға тағы мүмкіндік 
береді деген сөз. Бірақ эталон еңбек болғандықтан, біздіңше, бір ғана 
нұсқасының бекітіліп қолданылғаны, мемлекеттік деңгейдегі ТЖМ ретінде 
қарастырылғаны орынды.
Алайда, ТЖМ-ның өзіндік мүмкіндіктері мен ерекшеліктері қазақ 
терминографиясының негізінде зерттеліп, анықтала түсуі тиісті және 
ТЖМ-ды жасауға мемлекеттік деңгейде мән беріп, қолға алынуы қажет 
екендігі анық.
ТЖМ-ның ең басты қажеттілігі мен маңызы терминологиялық 
сөздіктердің шығарылуын, сапалық жағынан жақсаруын бірізге түсіруге 
түрткі болатын тетік бола алуында.
89 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет