Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет35/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59
тәсілдеріне 
келсек, 
қазақ 
термииографиясында аударма сөздіктер көп болғандықтан олар негізінен 
алфавит реті арқылы беріледі. Ал ішкі жүйесіне, ғылыми құрылымына 
негізделген оқулық сөздіктер мен идеографиялық (мысалы, тезаурус 
сөздік) жүйелеуші сөздіктер қазақ терминографиясында жоқ деуге
болады. Мұндай тәсілдермен беру де терминологиялық бірліктерді сөздік 
кұрылымында жүйелеу үшін тиімді болмақ. 
Біздіңше, терминологиялық сөздіктерге қойылатын талаптардың тағы 
бірі - олардың 
шығарылу мерзімінің жиілігімен
де байланысты. Өйткені, 
шығарылған сөздікті басқа автордың құрастыруымен басып шығарудың 
өзі 
еңбек 
болғанымен, 
мақсаты 
мен 
қызметі 
тұрғысынан 
терминографиялық тұрғыдан ешқандай нәтиже бере қоймайды. Сондықтан 
әр салаға қатысты терминдердің әр автор тарапынан қайта басылып 
шығуында белгіл бір мақсаттар мен ұстанатын тиімді принциптер болуы 
тиіс. Бұл 
1
Орысша-қазақша терминологиялық сөздік. 12 томдық. Жалпы редакциясын басқарған
С. Аманжолов. - Алматы: Қазмембаспа, 1959. 
106 


сөздік сапасына да жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік берер еді. 
Әйтпесе, қазіргі сөздіктердің саны көп болғанымен, олардың терминдерді 
жүйелеуші, реттеуші, үйлестіруші қызметі сырт қалып жатады. 
Осымен байланысты тағы бір талап – терминологиялық сөздіктерде 
берілетін терминдердің бірізділігі. Бұл жоғарыда айтып өткендей, Л.В. 
Щербаның еңбегінде көрсетілген нормативтілік сияқты талаптармен 
сәйкес келеді. Тіпті, әр сөздікте бір терминнің әр түрлі нұсқада берілуінің 
өзі сөздік шығару механизмін қарастырып, реттеп, қадағалап отыруды 
қажет етеді. 
Жинақтай айтқанда, аталған терминологиялық сөздіктерге қойылатын 
талаптардың әрқайсысы арнайы қарастыруды қажет ететін өзекті 
мөселелер. Олардың терминологиялық сөздіктердің жасалуы барысында 
сақталуы сөздіктердің сапасын арттырып, терминдерді жүйелеу ісіне 
ықпал еткен болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет