Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОГРАФИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ



Pdf көрінісі
бет28/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59
4. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОГРАФИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
4.1. Терминологиялық сөздіктерді түзуде негізге алатын 
әдістемелік бағдарлар 
Кез-келген істі жүзеге асырудың алдында оны жоспарлап 
алу керек. Сөздік түзу ісі де осындай жоспарлауды қажет етеді. 
Сондықтан терминологиялық сөздікті түзушілер сөздік 
түзудің алдында терминографиялық еңбектің макроқұрылымы мен
микроқұрылымынан басқа да жоспарлауға, бағдарлауға 
байланысты бірқатар әдістемелік мәселелерді терминография
тұрғысынан анықтап алуы және онысөзөдіктің кіріспесінде көрсетуі
тиіс. Бұл орайда, сөздік түзуші қандай бағытта сөздіктің құрылымы
мен мағынасына қатысты мәселелерді ескеруі қажеттігін нақтылау
керек. Мұны орыс терминографиясын зерттеушілер "методологическая
ориентация" деп атайды
1
. Бұл терминнің қолданысы және оған
қатысты мәселелердің қазақ тілінің терминологиялық сөзідіктерін
түзуде де қажет екендігін ескере отырып, орыс терминологиясындағы
"ориентация" терминін қазақ терминографиясында терминологиялық
сөздіктерді түзуде негізге' алатын "бағдарлар" деп қолдануды ұсындық.
Негізге алатын бағдарлар сөздік жасау ісін алдын-ала және жан- 
жақты жоспарлаумен байланысты. Яғни, сөздік құрылымы мен
түрін, сөздікте қолданылатын терминдерді, терминологиялық сөздіктің
мақсаты мен міндеттерін және т.б мәселелер бағдарлап, жоспарлап
алуды қажет етеді. 
1 Гринев С.В. Введение в терминографию. 2-е изд. перераб. и доп. - М.: 
МПУ, 1995. - 161 с. 
91 


Қазақ терминографиясындағы алдын-ала негізге алынуға тиісті 
бағдарлар анықтап көрсетуді және терминологиялық сөздіктерді түзуде 
пайдалануды талап етеді. Мұндай бағдарлар түрлері тікелей сөздікті 
жоспарлауда қарастыратын мәселелерге қатысты. 
Сөздік түзуші тарапынан барлық сөздіктерде өзінің сөздік жасау 
әдістемесі, сөздікті пайдаланушыларға қажетті қолдану әдістемесі туралы 
толық мәлімет беріле бермейді. Оның үстіне, мұндай мүмкіндік сөздіктің 
құрылымында шектеулі. Кейбір сөздіктерде мұндай әдістемелік нұсқаулар 
немесе терминологиялық сөздікті қолдаму әдістемесі кіріспеде немесе 
арнайы кіріспе мақалада көрініс табады. Мұның өзі сөздіктің 
макроқұрылымында қосымша сипатқа ие. Көптеген терминологиялық 
сөздікте мұндай кіріспе мен кіріспе мақаланың болмайтындығын 
ескерсек, сөздіктерде әдістемелік ерекшеліктерді түсіндіретін мүмкіндік 
мүлдем болмайды. 
Ал сөздік жасау барысында негізге алынатын бағдарлар дың бірі - 
сөздік түзушінің тарапынан жоспарланган құры лымдық ерекшеліктер. 
Яғни, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет