Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі


"Атаулар сөздігінің" құрылымдық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет46/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

5.2. "Атаулар сөздігінің" құрылымдық ерекшеліктері 
ХХ ғасыр басындағы терминография саласындағы алғашқы еңбектердің 
бірі - 1931 жылы Қызылорда қаласынан басылып шыққан "Атаулар 
сөздігі". "Атаулар сөздігі" сол кезеңде кеңестік қоғамның өзгерістерімен 
қатар енген сөздер мен атауларды, ғылым мен техника терминдерін 
қамтыған алғашқы терминологиялық сөздіктердің бірі болып табылады. 
Терминологиялық сөздіктер бұған дейін де 1927 жылдары әр түрлі 
авторлардың (мысалы, Қаратышқановтың) құрастыруымен шығып 
тұрғандығы жөнінде деректер бар. Сонымен бірге осы уақытқа дейінгі 
терминдер жөніндегі мәліметтер әр түрлі баспасөз беттерінде жарияланып, 
бұқаралық ақпарат құралдары терминографиялық еңбектердің қызметін 
атқарып келген. Бұл тәжірибе қазірде пайдаланылуда. Мысалы, "Анатілі" 
газетінің беттерінде терминком бекіткен терминдер, аудармасына бәйге 
жарияланған терминдер басылуда. Бұл тұрғыдан, бұқаралық ақпарат 
құралдарының, әсіресе, басылымдардың термин жөніндегі ақпараттарды 
беріп отыруы, оларды өз қолданыстарында бірізді пайдалану арқылы 
ғылыми-көпшіліктің қолданысында қалыптастыруға ықпал етуі өте 
орынды.Бұл бұқаралық ақпарат кұралдарының терминографиялық- 
еңбектердің қызметін атқара алатындығын айғақтайды. 
Бұқаралық 
ақпарат 
құралдарының, 
мерзімді 
басылымдардың 
терминографиялық еңбектердің қызметін атқара алу мүмкіндіктері мен 
оның маңызы өз алдына
147 


қарастыруды қажет ететін мәселе. Бұл орайда, мерзімді басылымдардың 
алғашқы терминографиялық еңбектердің қызметін атқарғандығын 
көрсетіп өтудің реті бар. 
Терминдік ұғымдар мен атаулар "Қазақ" газетінің беттерінде де кейінен 
жарық көріп отырғаи "Айқап" , "Абай" журналдарында,''Сарыарқа" 
газсттерінде басылып тұрғандығы белгілі. Бұған дәлел- біріншіден, 
аталған газеттердің сол кезеңде қазақ ұлтының арасында үлкен беделге ие 
болғаңдығы. Сондықтан ондай газеттерде жаңалықтар ретінің бірінші 
кезекте басылағындығы белгілі. Екіншіден, аталған газет беттерінде 
термин саласының өзекті мәслелеріне қатысты ғылыми мақалалар 
жарияланып отырған. Үшіншіден, терминдердің газет беттерінің соңында 
беріліп отырғандығы жөніндегі мәліметтер ғалымдардың еңбектерінен де 
кездеседі. 
Ал терминдер осы "Атаулар сөздігінде" жинақталып жеке сөздік ретіндс 
басылып шыққан. Алайда, бұған дейінгі аталып өткен терминдерді. газет-
журнал беттерінде жариялау тәжірибесі мен жарық қөрген азды-көпті 
сөздіктерді жасауі тәжірибесі казақ терминографиясында бұл сөздікке 
дейін де болғандығын ескеру керек. Сондықтан ол сөздіктерді жасаудағы 
тәжірибелер мен әдіс-тәсілдер бұл сөздікте заңды түрде ескерілуі, 
қолданылуы керектігін сөздікті құрастырушылар негізге алған көрінеді. 
Сөздіктің алғашқы терминологиядық сөздіктердің бірі болуына 
қарамастан, анағұрлым сапалы болып шығуы да тәжірибелерді негізге 
алудың нәтижесі деп білу керек. Өйткені алғашқылардың бірі болып 
жарық көрген терминологиялық сөздіктің бұлай сапалырақ болып 
шығуының өзі негізсіз емес. 
148 


Латын тілінде басылып шықкан бұл сөздік алғашқы сөздіктердің біріне 
жататындығына қарамастан терминологиялық сөздіктердің қызметін, 
терминологиялық сөздік ретінде алдына қойған мақсатын атқара алған. 
Сапалық жағынан ең алдымен сол кезеңдегі ғылым мен техника 
салаларына тән қалыптасқан жаңа атауларды (терминдерді) барынша 
жинақтап қамтып берген. 
Екіншіден сөздік әрі ақпарат, мәлімет беру,
-
әрі жаңа атаулардың 
(терминдердің) аудармасын беру мақсаттарын көздеген. Сөздіктің бұл екі 
мақсатты да жүзеге асыра алғандығын байқауға болады. 
Үшіншіден, алдына қойған мақсатын мүмкіндігінше орындауға ұмтылған.
"Атаулар сөздігінің" мақсаттары – жаңа атаулар жөнінде ғылыми қауымға 
көпшілікке ақпарат терминдердің аудармасын беру, термин сөздердің 
қолданысын бірізге түсіру. 
Осы мақсаттардың сөздіктің құрылымындағы орындалу деңгейіне
тоқталсақ, "Атаудар сөздігінің" терминдерді аударып беру сапасы, 
терминдердің қазақ тіліндегі нұсқасы қазіргі терминологиялық 
сөздіктерден салыстырмалы түрде болса да жақсырақ екендігіне көз 
жеткізуге болады. 
Бұл туралы сөздіктің алғы сөзін немесе кіріспе ретіндегі " бір-екі сөзін"
("Атаулар сөздігінде"- солай көрсетілген- Ә.Е.) жазушылардың өзі: "Бұл 
сөздікке еуропадан сегіз мыңнан аса сөз алынып, оның көпшілігі қазақ 
тіліне аударылды ", - деп көрсетеді. Мұны сөздіктің құрылымындағы 
көптеген сөздердің аудармасы нақтылай алады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет