Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет47/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59
давление-қызу, 
бинокл-дүрбі, заготовка-даярлау, ряд-қатар, 
1 Атаулар сөздігі. - Қызылорда, 1931. - З-б. 
149 


транспортир - бұрыштық, изображение - кескіндеу, избиратель - 
сайлаушы, маска - түс перде, мастер - шебер, налог - салық, перепись - 
санақ, угол - бұрыш, целое - бүтін, часть - бөлім, член - мүше
, т.б. 
Сондай-ақ, сөздікте кейбір терминдердің тікелей аудармасы бірден беріліп 
отырса, кейбір терминдер сол қалпында екінші қазақша нұсқасы берілген 
бағанда көрсетіліп, аудармасы қосалқы түрде жақша ішіне беріліп 
отырған. Сөздікті құрастырушылар көпшілік терминдердің қазақ тіліндегі 
нұсқасы қалыптаспаса да, оларды жақша ішінде көрсету арқылы осылай 
аудармасымен беріп отыруға ұмтылған. Мысалы, 
аванс- аванс (алдан 
берілетін ақша), анатомия - анатомия (тән ғылымы), архитектор 
-архитектор (сәулет өнерпазы), аспирин – аспирин (терлеу дәрісі), 
асфалът - асфалът (жылтыр тас), барометр - барометр (ауа қызуын 
өлшеуіш), биология- биология (тіршілік ғылымы), декан - декан (жоғарғы 
мектептерде оқу ісін басқарушы), диета - диета (тамақ жеу тәртібі), 
зоологическая - зоология (жануарлар ғылымы), иррационалъный - 
иррациональный (1. Ақылга қарсы пікір; 2. Есепте шексіздік),
т.б. 
Бұдан өзге "Атаулар сөздігінде" әрі аударылып берілген, әрі қосымша 
балама аудармалары жақша ішінде берілген терминдер де бар. Мысалы: 
грач - ұзақ (қарғаның бір тұқымы), залог - аманат (кепіл), дезодорация – 
иіс қайтару (жаман иісті құрту), землечерпание - жер аршу (көз аршу, 
кен аршу), контрабанда - бұқпа сауда (ұрлап өткзу), классификация - 
топтау (топқа бөлу), периферия – шет,бұтақ (тарам),
т.б. Терминдердің 
алғашқы даму кезеңінде, қалыптасу кезеңінде аударьшған термин 
нұсқаларының
150 


түрлі тәсілдермен бұлай берілуі заңды деп есептеу керек. Өйткені 
қалыптаспаған терминдерге дәл балама тауып, қалыптастыра қою термин 
шығармашылығының алғашқы сатысында бір деннен мүмкін бола 
бермейді. Терминдерді қалыптастыру да уақытты қажет ететіндігін, уақыт 
ағымында сұрыпталатындығын, сондықтан алғашқы сәттен-ақ сәтті 
аудармалар жасап, қалыптастыруға ұмтылған жөн екендігін ұмытпау 
керек. Бұл - термин шығармашылығында ескеруді қажет ететін басты 
ерекшелік, талап. Сөздікте терминдердің көрсетілген тәсілдермен берілуі 
жөнінде сөздікті құрастырушылар: "...Алайда негізгі алған пән сөздерімен 
қатар, еуропа атауларының көбіне қоршаудьщ ішінде түсіндіріс берілді, не 
болмаса қазақша сөздің бірнеше түрі көрсетілді ... (мәселен "сорок" - 
амал, мерзім, мұрсана деген сияқты). 
Сөздікпен пайдаланушы негізгі атаулармен қатар дүдамалданға жерде 
(сөздің мағынасына қарай) қоршаудың ішіндегі қосалқы сөздермен де 
пайдалануға болады", - деген түсініктеме береді
1

Дамек, 
"Атаулар 
сөздігін" 
құрастырушылар 
жаңа 
ұғымдарды
мүмкіндігінше аударып беріп, оның ұғымын сөздікті пайдаланушыларға, 
ғылыми-көпшілік қауымға түсінікті етіп жеткізу үшін жанында, жақша 
ішінде түсініктемесін немесе өздері айтқандай "түсіндірісін" беріп 
отырған. Ал аудармалардың бірқатарының, тіпті көпшілігінің сәтті 
екендігін де айтып өту керек. Мысалы, дезодорация - иіс қайтару (жаман 
иісті құрту), землечерпание - жер аршу ( көз аршу, кен аршу), 
контрабанда-бұқпа сауда (ұрлап өткізу) сияқты терминдердің аударма 
нұсқалары қазіргі 
1 Атаулар сөздігі, - Қызылорда, 1931. - 4-б. 
151 


терминология үшін де енгізуге, ұсынуға болатын, уақыт еншісінде 
қолданыста қалыптаса алатын термиидер екендігін көрсетуі керек. 
Қалыптасу сатысында соған қарамастан түсініктеме берулері, сөздік 
түзушілердің терминнің қалыптасу сатыларынан хабардар болғандығын, 
термин қалыптастырудың белгілі бір уақыт аралығын қажет ететіндігін 
түсінгендігін 
байқау 
қиын 
емес. 
Жоғарыдағы 
көрсетілген 
мысалдардағыдай, кірме терминге болсын, аударылған терминге болсын 
қысқаша түсініктеме беру қазақ терминографиясы үшін тиімді тәсіл деп 
есептеу керек. Бұл жөнінде терминологиялық сөздіктердің құрылымдық 
жүйесін талдағанда толығырақ қарастырылады. 
Сөздіктің құрылымымен танысу; барысында терминдерді қазақша 
нұсқасында аударып беруге тырысқан ұмтылыс сезіліп тұрады. Яғни, бұл 
тек сөздік туралы емес, сол кезендегі терминология саласын, 
терминологияны қалыптастырудағы ғалымдардың ұстанған бағыттарынан 
да мәлімет береді. Қазақ ғалымдары сол кезеңде ғылыми атау ларды 
мүмкіндігінше қазақ тілінде қалыптастыруға ұмтылғандығын аңғарамыз. 
Бұл термииологиядағы кеңінен танылған, терминология саласын 
дамытудағы озық елдердің ұстанатын үрдісіне сәйкес келеді. Бұған 
дәлел - сөздіктің кұрылымындағы жоғарғы аталған аудармасы берілген 
терминдер мен балама аудармасы берілген терминдер.
Сөздіктің кұрылымында сонымен- бірге терминдердің бірнеше 
аударма нұсқалары үтір арқылы берілгендері де кездеседі. Мысалы: 
бюрократизм-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет