Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет45/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59
1
Қайдаров Ә., Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының даму тарихы, қазіргі жағдайы және 
міндеттер // Қазақ терминологиясының мәселелері. - Алматы: Ғылым, 1986. - Б. 9-30 
142 


Ғалым К. Мұсаев Кеңес республикалары халықтарының тіліндегі 
терминологияның дамуын зерттеген еңбегінде терминологиялық сөздіктер 
мәселелерін қарастыра келіп, Қазақстандағы алғашқы терминологиялық 
сөздіктің шығуын 1936-1937 жылмен байланыстырады
1
. Жинақ ретінде 
осы атпен шығарылған екінші еңбекте қазақ терминологиясының дамуына 
арналған мақалаларында Ә. Қайдаров пен Ө, Әбдірахманов: 
"Терминологиялық сөздіктер Қазақстанда 1935 жылдан шығарыла 
бастады", - деп көрсетеді
2
. Біздіңше, ғалымдар кеңес мемлекетіндегі 
терминологиялық сөздіктердің шығарылуын негізге алған сияқты. Бүгінгі 
күн талабынан қарастырсақ, 1935 жылдан бергі кезеңнің қазақ 
терминологиясы мен терминографиясының даму тарихында алғашқы 
кезең бола алмайтындығы анық және бұл тұжырыммен жоғарыда аты 
аталған белді ғалымдардың келісетіндігіне сенім мол. 
Өткен 
ғасырдың 
20-30 
жылдары 
аралығында 
шығарылған
термиологиялық сөздіктер қазақ терминографиясының тарихындағы 
алғашқы сөздіктер ретінде бағалап, қазақ терминографиясының 
қалыптасуындағы олардың өзіндік маңызды орны бар екендігін айтып өту 
керек. 
Олардың ішіндегі белгілі бір сөздікті қазақ терминографиясындағы 
бірінші сөздік ретінде нақты белгілеп, көрсетіп беру де қиынға соғып 
отырғандығы - қазақ терминографиясының тарихын талдаудағы күрделі 
мәселелердің бірі. 
1 Мусаев К.М. Формирование, развитие и современные проблемы терминологии на языках 
союзных республик СССР // Развитие терминологии на языках союзных республик СССР. – М.:
Наука, 1986. С. 6-178.
2 Кайдаров А. , Абдрахманов А. Казахская терминология // Развитие терминологии на языках 
союзных республик СССР. - М.: Наука, 1987. - С. 39. 
143 


Ең бастысы, аталған жұмыстардың терминдерді қалыптастырып, 
дамытудың алғашқы кезеңінде терминдерді жеткізу, қалыптастыру, 
реттеу, бірізге түсіру сияқты қазіргі "терминография" деп атап жүрген 
салаға тән жұмыстарды жүзеге асырғанын, қазақ терминографиясы 
тарихының алғашқы кезеңіндегі еңбектер бола алып отырғанын, өз 
кезеңінде әр түрлі дәрежеде терминографияның маңызды қызметтерін 
орындағанын айтпай өтуге болмайды. 
Ал терминография ұғымының тек терминологиялық сөздіктермен 
шектелмейтіндігін, терминологиялық сөздіктер - оның негізгі зерттеу 
нысандарының бірі ғана екендігін, терминографияның терминдерді 
реттеп жүйелеуші жұмыстармен байланысты мәселелердің барлығын 
қамтитындығын ескерсек, терминография тарихыың бастау көздерін 
алғашқы басылып шыққан терминографиялық сөздікпен шектеу де дұрыс 
болмайды. 
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ даласында маңызды 
қызмет атқарған журналдар мен газеттердің шыға бастағаны бүгінгі тарих 
үшін жаңалық емес. Жаңа ғылыми ұғымды білдіретін сөздер мен соған 
байланысты тілімізге ене бастаған кірме сөздердің қазақ тілінде 
қалыптасып, көпшілікке түсінікті сөздер ретінде таралуына осы баспасөз 
басылымдарының қызметі ерекше болғандығы да түсінікті. Сондықтан 
бұл мерзімдік басылымдардың да қандай жағдайда болмасын 
терминдердің қалыптасуына ықпал еткен, терминографиялық жұмыстарды 
іске асырған еңбектер ретіндегі қазақ терминографиясының тарихындағы 
орнын тағы атап өтпей кете алмаймыз. Осы кезеңдегі бәріміз тілге тиек 
етіп жүрген 
144 


" Түркістан уалаяты", "Дала уалаяты", "Қазақ", "Сарыарқа"
газеттерітері 
мен 
"Айқап" 
сынды 
журналдар 
кезінде 
белгілі 
дәрежеде 
терминографиялық еңбектердің қызметін атқарғандығын айтуымыз керек. 
Бұл - уақыт қажеттілігінен туындап, қалыптасқан жағдай, терминография 
тарихындағы шындық. Мән беріп қарасақ, бұқаралық ақпарат құралдары 
әсіресе, баспасөз басылымдары қай кезеңде де терминдерді бірізге түсіріп, 
қалыптастыру ісіңде маңызды жұмыс атқарып келеді. Бұл қазіргі қазақ 
терминологиясы мен терминографиясында да солай болып отыр. Аталған 
мерзімдік басылымдар терминологиялық сөздік ретінде қызмет атқармаса 
да, терминдерді жүйелеп, реттеп, қалыптастыруға қызмет еткен жұмыстар 
ретінде бағаланып, қазақ терминографиясының тарихынан орын алуға 
тиісті. Сондықтан қазақ терминографиясы тарихының басын XIX 
ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы баспасөз басылымдарынан 
бастаудың негізі бар деп есептейміз. 
Жаңа терминдердің берілуінде оқулықтар мен оқу құрлдарының да 
терминографиядағы орнын ұмытпаған дұрыс. X X ғасырдың 20-30 
жылдарындағы оқулықтар қазақ терминографиясы тарихының алғашқы 
кезеңінде терминдерді жасау, енгізу, реттеу, қолданыста орнықтыру 
жұмыстарын жүзеге асыруда маңызды қызмет атқарды. Әрине, оқулықтар 
терминдерді реттеу, жүйелеу ісінде негізгі еңбек болып есептелмейді. 
Ғылыми тұрғыдан, оқулықтарда да терминографиялық еңбектерге тән 
реттеуші, қалыптастырушы, жүйелеуші қызметтің белгілері бар екендігін, 
сондыктан олардың да терминографияның жанама зерттеу нысандарының 
бірі бола алатындығын айтып өту керекпіз. 
145 


Бұл қазіргі терминография ғылымында да солай болуы тиісті. Оқулықтар 
- терминдерді салалық ғылыми жүйеге сәйкес реттеп көрсететін, әрі 
оларды нақты ғылыми мәтін ішінде қолдана отырып сұрыптайтын 
терминографиялық еңбек. Ал, көптеген жаңа терминдер қалыптасып 
жатқан 20-30 жылдардың кезеңінде жарық көрген оқулық еңбектер ол 
терминдердің қолданысқа еніп, қалыптасуы, жарамсыз терминдердің 
сұрыпталып, реттелуі үшін үлкен терминографиялық еңбектерге тән 
қызметтерді атқарғандығын мойындауымыз керек. Мұндай оқулықтардың 
қатарына М. Дулатовтың "Есеп құралын" (Орынбор, 1918), К. Жәленовтың 
"Есеп тану" (Ташкент, 1923), Ж. Күдериннің "Өсімдіктану" (Қызылорда, 
1927), С. Қожановтың "Есептану құралы" (Ташкент, 1924) сияқты т.б. 
еңбектерді атап, оларды алғашқы кезеңдегі терминографияның бірқатар 
қызметтерін атқарған жүмыстар ретінде тануға толық негіз бар. 
Жинақтай келгенде, XIX ғасырдың екінші жартысынан 1930 жылға дейінгі 
аралықты қазақ терминографиясынын тарихындағы бірінші кезең ретінде 
топтастырып, 
оның 
ішінде 
1920-1930 
жылдарды 
қазақ 
терминографиясындағы 
алғашқы 
терминологиялық 
сөздіктердің 
шығарыла бастау кезеңі деп қарастырған жөн деп білеміз. Қазақ 
терминографиясының алғашқы кезеңінде терминографиялық еңбектердің 
қызметін баспасөз басылымдары, терминологиялық сөздіктер, оқулықтар 
атқарған деген қорытынды жасаған орынды деген ойдамыз. 
146 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет